Слайд 1МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Студенттің
өзіндік
жұмысы
Тақырыбы: Электр жарақаты кезіндегі медициналық көмек
Пәні: Тіршілік әрекеттері қауіпсіздігінің негіздері
Кафедра:Жаратылыстану ғылыми пәндер
Курс: 2
Орындаған: Сандыбаева Ә.Ш. 213 “Б”
Қабылдаған: Жиенгалиева А.Н.
Слайд 2ЭЛЕКТР ЖАРАҚАТЫ КЕЗІНДЕГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК
Слайд 4ЖОСПАР:
1.Электр жарақаты қашан пайда болды?
2.Қандай зат жылу және электролитикалық әффектін тудырады?
3.
Электр тоғымен зақымданғанда бір жерде және жалпы өзгерістер қалай білінеді?
4. Айнымалы тоқ әсер еткенде не болады?
5. Электр жарақаттарының белгілері
6. Электр жарақаты кезінде медициналық көмек
Слайд 5Электр тоғының немесе найзағайдың- атмосфералық электр түйісінің әсерінен болатын зақым электр
жарақаты деп аталады. Электр тоғының немесе найзағайдың электр ұшқынының организм арқылы өтуі жергілікті және ортақ бұзушылықты туғызады.
Слайд 6Жергілікті зақымдау электр тоғы кіріп шыққан жерлердегі ұлпалардың күйуінен көрінеді.
Тоқтың
соғуы- организмге термиалық, электрлік және механикалық әсерден туындайтын күрделі химиялық-физикалық құбылыс.
Слайд 7ЭЖ СЕБЕПТЕРІ
Ашық электр сымдарына дененің тікелей жанасуы.
Оқшаулағыш қаптамасы зақымдалған электр желілерімен
жұмыс жасау.
Электр кернеуі бар металл құрылғыларға кездейсоқ дененің жанасуы.
Электрлік қондырғыларды пайдалану кезінде күтімсіздік салдарынан кейбір жерлерінде иллюзия кедергісі төмендеп, ток жүрмеуге тиісті жерлерде кернеу пайда болуы.
Жұмыс орнын нашар даярлау салдары.
Қондырғы конструкциясындағы, оны монтаждаудағы жіберілген қателіктер.
Слайд 8Электр тоғы өткен кезде зардап шегушінің жеке түйсінулері әртүрлі: жеңіл соққы,
дененің күйіп ашуы, бұлшық еттің құрысуы, дірілдеу.
Слайд 12Белгілері: тері жамылғыларының ағаруы, сілекейдің көп бөлінуі, құсықтың келуі, жүрек төңірігінің сырқырауы.
Тоқтың әсерінін жойғаннан кейін зардап шегуші шаршауды, бүкіл денесіндегі ауырлықты, еңсесін басуды немесе қозуды сезінеді.
Электр жарақаты кезіндегі жүйкі жүйесіне электр тоғының әсері нәтижесінде пайда болған ортақ құбылыстар аса қауіпті. Тоқ соққан адам бірден есінен айырылады, бұлшық еттің қысқаруынан кейде зардап шегушіні электр тоғы бар өткізгіштен ажырату өте қиынға түседі.
Жүйке клеткаларының зақымдалуының нәтижесінде сырқаттар ауыр күйде бастан өткереді. Естен айырылу, дене температурасын төмендеуі, тыныс алуының тоқтауы, жүрек қызметінің әлсіреуі, дененнің құрысуы.
Слайд 13ТӨМЕН ВОЛЬТТЫ ЭЖ
(1000 В ДЕЙІНГІ КЕРНЕУ)
Бұл 42-380 В. арасындағы көп
кездесетін тұрмыстық техникалар мен эл. токтарынан алатын жарақат.
Бұл жарақат жүректің тоқтауына, қанайналым бұзылысына, одан әрі өлімге соқтыруы мүмкін
ЭЖ ның күші ток күшіне және оның әсер ету уақытына байланысты.
Слайд 14ЖОҒАРЫ ВОЛЬТТЫ ЭЖ
(1000 В ЖОҒАРЫ КЕРНЕУ)
Бұл ЭЖ тек тері емес,
терең орналасқан тіндерді, бұлшық ет, ішкі ағзалар мен сүйектерді толығымен күйдіреді.
Ішкі терең қан кетулер, сүйектер сынуы мүмкін.
Жоғары вольтты жарақат алған зардап шегуші аз уақыт ішінде жағдайы нашарлауы мүмкін.
Слайд 15ЭЖ НЫҢ АУЫРЛЫҒЫ МЫНАҒАН БАЙЛАНЫСТЫ:
Организмнің токқа қарсылығына,
Токтың күшіне, жиілігіне, әсер ету
ұзақтығына,
Организмдегі өту жолына,
Ішкі орта жағдайына,
Адамның жалпы физикалық жағдайына.
Слайд 16Тоқтың денеге кіретін нүктесінен шығатын жеріне дейінгі жолы ” тоқ ілгегі”
деп аталады.Ол төменгі, жоғары толық ілгек болып бөлінеді:
Төменгі ілгек-аяқтан-аяққа (онша қауіпті емес).
Жоғарғы ілгек – қолдан-қолға (қауіптірек).
Толық ілгек- өте қауіпті.Бұл жағдайда тоқ міндетті түрде аяқ-қол мен жүрек арқылы өтеді, нәтижесінде жүрек қызметі бұзылуы мүмкін.
Слайд 17ЭЖ НЫҢ ЖІКТЕЛУІ:
Жалпы:
Электрлік соққы
Тыныстың тоқтауы
Жүрек соғысының тоқтауы
Жергілікті:
Күйік
Терінің қабыршақтануы
Механикалық
зақымдану
электроофтальмия
Слайд 18 Электр жарақаты төрт дәрежеге бөлінеді:
I-дәрежеде зардап шегуші есінен айырылмай бұлшық
етінің дірілін сезінеді;
II-дәрежеде зардап шегушінің бұлшық еті дірілдеп, артынша есінен айырылады;
III-дәрежеде зардап шегушіде есінен айырылумен қатар жүрек қызметі мен тыныс алуы бұзылады;
IV-дәрежеде зардап шегуші клиникалық өлім жағдайында болады.
Слайд 19ЭЛЕКТРОЖАРАҚАТ
Токтың кіру жолы
(терінің металдануы)
Терінің IV дәрежелі күйігі
Слайд 201 ДӘРЕЖЕЛІ КҮЙІК – ТЕРІНІҢ ҚЫЗАРУЫ
Слайд 212 ДӘРЕЖЕЛІ КҮЙІК – ТЕРІНІҢ ІСІНУІ
Слайд 223 ДӘРЕЖЕЛІ КҮЙІК – ЖҰМСАҚ ТІНДЕРДІҢ ЗАҚЫМДАНУЫ
Слайд 24АЛҒАШҚЫ КӨМЕК
Алғашқы көмектің халықаралық белгісі
Слайд 25Изоляциялаушы тақтай
Диэлектрикалық бәтеңке
Диэлектрикалық галош
Диэлектрикалық кілемше
Слайд 26ЖЕКЕ ҚОРҒАНЫС ҚҰРАЛДАРЫ
Электроизолияциялаушы дулыға
Изолияциялаушы сабы бар қысқыш құралдар
Слайд 27ЖЕКЕ ҚОРҒАНЫС ҚҰРАЛДАРЫ
Латекстелген диэлектрикалық қолғап
Ұзын жеңді диэлектрикалық қолғап
Слайд 28Алғашқы көмек көрсеткен кездегі басты сәттердің бірі- зардап шегушіні электр тоғынан
тез босату. Бұны қауіпсіздік тәртіптерін сақтай отырып, өте мұқият жасаған жөн. Бұған бүкіл тізбектен тоқты ажырату, рубильникті, қосқышты, тығынды ажырату, өткізгіштерді кесу, зардап шегушінің денесінен электр өткізгіштерді құрғақ таяқпен алып тастау арқылы қол жеткізіледі.
Слайд 29Ажыратылмаған өткізгіштері жатқан кезде зардап шегушіні жалаң қолмен ұстау қауіпті. Зардап
шегушіні өткізгіштен босатып, қауіпсіз жерге апарғаннан кейін оны мұқият тексеру қажет. Жергілікті зақымдануды термиалық күйік кезіндегі сияқты емдеп, таңғышпен жабады.
Слайд 30Жеңіл ортақ құбылыстар қоса болатын (талықсу, естен уақытша айырылу, бастың айналуы
мен ауыруы және жүректің шаншуы), зақымдалу кезінде алғашқы медициналық көмек оқуға болған жерде жедел және үздіксі көрсетілуге тиіс, ал клиникалық өлім жағдайында адамға “ауызға-ауыз” және “мұрынға-ауыз” әдісімен жасанды демалдыру мен жүректің жанама сылауын жүргізу қажет.
(жиілігі 50—70 рет мин).
Слайд 31Электр жарқатын алған барлық адам ауруханада жатуы тиіс. Осындай сырқаттарды стационарға
тасымалдаған кезде жасанды тыныс алдыруды тоқтатпау керек, ол жүйелі, табанды және үздіксіз жүргізілуге тиіс.
Жүрек тоқтаған кездегі алғашқы көмек жасанды тыныс алдыруы мен жүректің сыртқы сылауын біруақытта жүргізу арқылы ертерек басталуға тиіс.
Егер жасанды тыныс алдыру мен жүректі сылау мүмкіндігі болса оны жүрек дәрі-дәрмектер (ішкі бұлшық ет кордиаминның 2-4 мл 25пайыз ерітіндісі, кофеиннің 1 мл 5 пайыз ерітіндісі ) және тыныс алуды қоздыратын дәрмектерді (1 мл цититон, терінің астына лобелиннің 1 мл 1 пайыз ерітіндісі ) берумен орайластыру қажет.
Слайд 32АЛҒАШҚЫ ДӘРІГЕРГЕ ДЕЙІНГІ КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ АРНАЛҒАН ҚҰРАЛДАР
Реанимацияға арналған құралдар
Слайд 33СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР
1. Шаруашылық нысанда электр қалқанымен жұмыс істейтін электрик тоқпен соққы
алды.Оған 15 мА айнымалы тоқ әсер етті.Адамда болып қалуы мүмкін симптомдар туралы жазыңыз.
2. Тап соған ұқсас жағдай,тек,тоқтың күші 20-25мА болды.Зардап шеккенде қандай асқыну пайда болуы мүмкін?
Слайд 34ЖАУАБЫ:
1. Жауабы: Ауырсынуға төзу қиын. Қолды ашып жұму мүмкін емес. Бұлшықеттер
тарылып қалады.
2. Жауабы: Тыныс бұлшықеттерінің қатты жиырылуы, тыныстың қиындауы. Клиникалық өлім.
Слайд 353. Жұмыс кезіңде троллейбус жүргізушісіне электр тоғы әсер етті.Адамда құрысу пайда
болды,оның нәтижесінде ол қолындағы ұстаған сымын босата алмайды.Сіздің әрекетіңіздің бір ізділігін атаңыз.
Слайд 36ҚОРЫТЫНДЫ
Электрден жарақаттану – ағзаға электр тоғынан зақым келуі. Электрлік жарақаттану бір жерде
және жалпы (күйіктер) болады. Қысқа тұйықталу нәтижесінде дененің бір бөлігіне тоқтың әсерінен бір жерде электрден жарақаттану болады. Жалпы электрлік жарақаттану электр тоғының ағза арқылы өтіп, тікелей әсер етуінен пайда болады. Жалпы зақымға ұшырауда бұлшық еттер тамырларының тартылуы, жүрек қызметінің нашарлауы, тыныс алу жолдарының бұзылуы байқалады.
Найзағай жарақаты, жалпы аталған электр жарақаты белгілеріне ұқсас, есту қабілеті нашарлайды, сөйлеу қабілеті төмендеп, теріде қара-көк түсті дақтар пайда болады.
.
Слайд 37Назар аударғандарыңызға рахмет!!!
Назар аударғандарыңызға рахмет!!!