Дәріге тәуелділіктің әлеуметтік мәселелері презентация

Содержание

Жоспары: I.Кіріспе II.Негізгі бөлім Дәріге тәуелділік шақыратын препараттар Тәуелділік шақыратын препараттардың маңызы Морфин, промедол, кокаинге түсініктеме беру III.Қорытынды IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Слайд 1ТАҚЫРЫБЫ: ДӘРІГЕ ТӘУЕЛДІЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ





Орындаған: Рысымбек Б.Н

Қабылдаған: Байзакова Б.Ү.

СӨЖ


Слайд 2 Жоспары:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Дәріге тәуелділік шақыратын препараттар
Тәуелділік шақыратын препараттардың маңызы
Морфин, промедол, кокаинге

түсініктеме беру
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер


Слайд 3Кіріспе
Дәріге организмнің тұрақтылығы емдік қасиеті, организмге қауіпті, зиянды әсерлерге әкелетін,

үлкен дозалардан болғанда ғана айтады. Ол дәріге тұрақтылық емес, организмнің дәріге даралық сезімталдығының төмендеуінен дамыды, сол себептен дәріге тұрақтылық негізінен ауру туындатқан микробтарға (бактерияларға) қатысты айтылады.
Бір рет қабылдауға арналған дәрінің санын мөлшер деп атайды. Тек бір рет қабылдауға есептелген мөлшер ғана емес, сонымен бірге тәуліктік мөлшер жөнінде де хабардар болу қажет. Мөлшерді граммен немесе грамм үлесімен белгілейді.
Дәрінің бастапқы биологиялық әсерін тудыратын минималдық мөлшерді табалдырық немесе минималдық әсер етуші деп атайды.
Бірқатар заттардың әсерінің ұлғаюы, олардың кумуляциялану қабілетіне байланысты болады. Материалдық кумуляция деп ағзада формокологиялық заттардың жинақталу түрін айтады. Кейбір заттарға оларды қайталап енгізгенде дәріге тәуелділік дамиды. Ол дәріні қабылдауға деген ұмтылысты жеңе алмауымен көрінеді, әдетте көңіл – күйді жоғарылату, хал – жағдайын жақсарту, жағымсыз қайғыруды және сезінуді тоқтату мақсатында, сонымен бірге тәуелділік шақыратын дәріні беруді тоқтатқанда болады.


Слайд 4Дәріге тәуелділік екіге бөлінеді:
Психикалық;

Физикалық;


Слайд 5 Психикалық тәуелділік
препараттарды енгізуді тоқтатқанда тек эмоционалдық жайсыздық туындайды.
Тек психикалық

бұзылыстар ғана емес, физикалық қызметтердің бұзылуымен сипатталады.

Физикалық тәуелділік:


Слайд 6Сот медицинасында дәрі-дәрмектер адамдарға психикалық немесе физикалық әсер ету кабілетіне ие болды.

Өз-өзіне қол салу мен өлтіру кезіндегі өлім себебі сапасына дәрі-дәрмек үлесінің маңызы зор болғанымен, бірак барлық осындай жағдайларда денсаулыққа зиян келтіру немесе өлімге душар ету негізгі мақсат болып табылмайды. Негізгі сарын өзінікі сияқты, өзге біреудін мінез-құлқына,допинг немесе есірткіні пайдалана отырып, белгілі бір деңгейде әсер ету аркылы, оны психотропты немесе есірткілік заттардың көмегімен бағынышты, тәуелді немесе еркінен айыру көзделеді. Дәрі-дәрмектер тудырған әсерлер, көп жағдайда басқа қылмыстық әрекеттер кезінде, әсіресе автокөлік қылмыстарында маңызды рөл ойнайды. Бұл жағдайда дозаны асыра қолдану, не оның болмауы немесе шүғыл қажет дәрі-дәрмекті бермеу елеулі маңызға ие болады.

СОТ МЕДИЦИНАСЫ


Слайд 8 Тәуелділік шақыратын дәрілік заттардың маңызы


Морфин алкалоиды медициналық практикада барынша кеңінен қолданылады. Медициналық мақсаттағы апиында морфиннің мөлшері 10% төмен болмауы керек. Морфин ОЖЖ тежегіш әсер көрсетеді. Ал изохинолин қатарының алколоидтарына тегіс салалы бұлшықеттерге спазматикалық әсер көрсетеді.


Слайд 9 Морфиннің әсер ету механизмі
Наркотикалық анальгетиктер жүйкелік жасуша мембранасына пре және

постсинапстық мембрана деңгейінде опиоидты рецепторлармен байланысып калий каналдарын жабылуына әкеледі.
Наркотикалық анальгетиктер сопақша мидың, ортаңғы мидың төмендеткіш, тежегіш құрылымдарын күшейтеді.
Субьективті эмоционалды қабылдаудың бұзылуы, ауру сезімінің бағалануы және оған реакциялардың өзгеруі мүмкін.


Слайд 11 Морфиннің негізгі фармакологиялық әсерлері:
Ауру сезімін басады;
Ұйқы шақырады;
Эйфория;
Дене температурасын төмедетеді, себебі

гипоталамуста орналасқан жылу реттеу орталығын тежейді;
Диурезге қарсы гормондар деңгейін жоғарлатады;
Тыныс орталығын тежейді;
Жөтелге қарсы әсер етеді;
Көздің қарашығын тарылтады;
Құсу шақырады;
Брадикардия шақырады;
Жоғары мөлшерде гипотензивті әсер көрсетеді;
Морфин наркозға арналған заттардың, жергілікті анестезияның ұйықтатқыш әсерін күшейтеді;

Слайд 13фармацевтикалық қызметті лицензиялау;
дәрі-дәрмектерді мемлекеттік тіркеу;
дәрі-дәрмектер айналымы саласындағы техникалық реттеу;
фармацевтикалық қызметті жүзеге

асыратын жеке тұлғаларды аттестаттау;
фармацевтикалық қызметті мемлекеттік қадағалау және бақылау;
дәрі-дәрмектердің бағасын мемлекеттік реттеу.

Фармацевтикалық қызметтерді мемлекеттік реттеу мына жолмен жүзеге асырылады:


Слайд 14Қазақстанның дәрі-дәрмек нарығына Қытайдан үлкен қауіп төніп тұр - ДСМ
АСТАНА. ҚазАқпарат

- Қазақстанға жалған дәрілердің басым бөлігі Қытайдан келіп жатыр.  Бүгін Үкімет отырысына арналған Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова осылай мәлім етті.Министрдің сөзіне қарағанда, әлемде жалған дәрілер айналымы артып келеді. Мәселен, АҚШ-тың азық-түлік өнімдері мен дәрілік препараттарды бақылау жөніндегі басқармасының деректері бойынша жалған дәрілердің әлемдік айналымы 75 млрд. АҚШ долларын құрайды. Ал Еуропада соңғы жылдары 7 млн-нан астам жалған фармацевтикалық өнімдерді тәркіленген.
«Жалған дәрілік заттар айналымының 51 пайызы Азия елдеріне тиесілі. Ал Қазақстанның фармацевтикалық нарығына Қытаймен географиялық көршілігіміз үлкен қауіп болып отыр. Өйткені, контрафактілі дәрілердің басым бөлігі осы елден жеткізіледі», - дейді министр Салидат Қайырбекова.
Оның айтуынша, Қазақстанның импортқа тәуелділігі де мұндай жалған дәрілердің ел нарығына енуіне жағдай жасауда.
 


Слайд 16 Промедол фармакологиялық әсерлері

Ауру сезімін басады;
Ұйқы шақырады, тыныштандырғыш;
Эйфория;
Дене температурасын

төмедетеді, себебі гипоталамуста орналасқан жылу реттеу орталығын тежейді;
Гонадотропты гормондардың секрециясын тежеу;
Тыныс орталығын тежейді;
Жөтелге қарсы әсер етеді;
Көздің қарашығын тарылтады;
Кезбе жүйке орталығын ынталандырады;
Пролактин мен антидиурездік гормонның өнімін жоғарлатады;


Слайд 17 Шеткі жүйкеге әсері:
Асқазан моторикасы мен ішектің пропульсивті жиырылуының төмендеуі
Асқазанның,

ұйқы безінің, ішектің секрециясының төмендеуі

Қолданылуы:

Жарақатта;
Операцияға дайындық кезінде;
Акушерлік практикада босануды ынталандыру үшін;
Ауру сезімін басу үшін;


Слайд 18 Ерекшелігі
Ауруды басатын белсенділігі жағынан ол морфиннен 2-4 есе кем.

Әсерінің ұзақтығы 3-4 сағат. Лоқсу мен құсуды морфинге қарағанда сирек шақырады. Тыныс орталығы азырақ тежеледі. Тегіс бұлшықетті мүшелердің тоусын жоғарлатады немесе төмендетеді. Асқазан жолдарында жақсы сіңеді.

Слайд 19 Кокаин
Медициналық практикада бірінші анестетик болып Erythroxylum coca

өсімдігінің алкалоиды. Метилэкгони мен бензой қышқылының күрделі эфирінің гидрохлориді болып табылады.

Слайд 20 Фармакологиялық әсерлері
Көздің ақ қабық тамырларын тарылтып, қарашықты кеңейтеді;
Көз іші қысымын

төмендетеді;
Ұзақ қолданғанда қасаң қабықтың эпителийінің түлеуін және ойылуын шақырады;
ОЖЖ-ін ынталандырады;
Бас миы қыртысының қызмет жағдайын бұзады;
Эйфория шақырады;
Тынышсыздық, психомоторлық қозу дамиды және шаршау, аштық сезімінің төмендеуі галлюцинация болуы мүмкін;
Сопақша мидың орталықтарын ынталандырады, тырысу болуы мүмкін;

Слайд 21Кокаинге тән ерекшеліктер:
Ұзақ қолданғанда тәуелділік туады
Қабылдауды кенеттен тоқтату психикалық күрделі жағдайлар

шақырады
Кокаинге бейімделу болмайды немесе аз дәрежеде болады.

Слайд 22Қосымша ақпарат
Дәрінің сыртын оқысаңыз міндетті түрде латын әріптерімен жазылған атауы болуы

керек, яғни, халқаралық атауы, соның арасында егер::::: -aesth- деген болса онда олар анестезиктер, ауырғанды сезірмейтін дәрілер -сain- жергілікті ауру сезімталдылығын басатын дәрілер -alg-, -dol- ауруды басатын дәрілер -cor- -card- жүрек дәрілері -chol- -bil- өт жүргізетін дәрілер Bard- барбитураттар, яғни, ұйқы туғызатын дәрілер Lax- слабительные (тура аудармасын білмедім) -ur- зәр жүргізетін дәрілер -sed- седетивные, тыныштандыратын дәрілер -io- құрамында йоды бар дәрілер -allerg- аллергияға қарсы дәрілер -heam- aem- қан тоқтататын дәрілер -pur- ыстық түсіретін дәрілер -cillin- антибиотиктер, пенициллиндер -cyclin- антибиотиктер, тетрециклиндер -cid- микробқа қарсы -gluc- -giyc- тәтті дәрілер, глюкозалар

Слайд 23 Қорытынды:
Дәріге тәуелділік шақыратын препараттар енгізуін

тоқтатса, ұйқысыздық, тынышсыздық, қорқыныш, үрей, мұңаю байқалады. Көптеген физиологиялық қызметтер бұзылады. Кейде коллапс дамиды. Қозғалыс ретсіздігі, агрессивтілік және басқа да көріністер болуы мүмкін.
Ең бастысы ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік ағайын.Дәрілік заттарды қолданбаңыздар, дендеріңіз сау болсын.

Слайд 24 Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық..

Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2004.- 608 бет.
2. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004. С. 98-128.
3.Машковский М.Д. Лекарственные средства. Он бесінші басылым. - М.: Новая волна, 2007. б.1206.
4. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология по Гудману и Гилману. 10-ші бас. аудармасы. М. «Практика». 2006 ж. 1648 б.

Слайд 25Назарларыңызға рахмет!!!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика