Дикроцелиоз. Диагнозы және емдеу шаралары презентация

Содержание

Жоспар. І.Кіріспе ІІ.Негізгі бөлім. а) Дикроцелилоз Қоздырушысы. б) Қоздырғыштың организмде өсіп-өнуіжәне эпизоотологиясы. в) Аурудың өрбуі және сырт белгілері. с)Өлекседегі өзгерістер. д)Диагнозы және емдеу шаралары. е)Сақтандыру. ІІІ.Қорытынды. IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Слайд 1Дикроцелилоз
Қабылдаған: Ахметова Г.Д.
б.ғ.к қауым профессор м.а.
Орындаған: Алтынбекова М.
Вм-401.

Қазақ Ұлттық Аграрлық

Университеті
Биологиялық қауіпсіздік кафедрасы
Паразитология және инвазиялық аурулар

Алматы 2015жыл

Тақырыбы:


Слайд 2Жоспар.
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім.
а) Дикроцелилоз Қоздырушысы.
б) Қоздырғыштың организмде өсіп-өнуіжәне эпизоотологиясы.
в) Аурудың өрбуі және

сырт белгілері.
с)Өлекседегі өзгерістер.
д)Диагнозы және емдеу шаралары.
е)Сақтандыру.
ІІІ.Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер


Слайд 3Кіріспе.
Дикроцелилозбен үй және жабайы жануарлардың көптеген түрлері ,әсіресе күйіс малы және

кеміргіштер ауырады. Адамға да дикроцелий құрты өте қауіпті.Дикроцелиозге шалдыққан мал арықтап,ет-сүт,жүн өнімі төмендейді,кейде тіпті өлімге де ұшырайды.Зақымданған мал бауыры, әдетте тамаққа жарамсыз. Сорғыш құрттар бауырдың өт жолдары өт қалтасында тіршілік етеді.


Слайд 4
Қоздырушысы.
Dicrococoelium lanceatum[ Stiles et Hassal,1896] ұзынша келген тұрқы 0,5-1,5 см жіңішке,

өте ұсақ, қандауыр ланцент тәрізді құрттар.Бұл гельминттердің артқы жағы доғалдау,ал алдыңғы жағы сүйірлеу келеді.Денесінің алдынғы бөлігінде көлемі біркелкі ауыз және құрсақ емізіктері сорғыштар орналасқан .Солардың қатарыңда, яғни құрсақ сорғышына жақын, қалақшаға ұқсас, екі еркек жыныс бездері жайғасқан. Дикроцелийдің қалған 2-3 бөлігіне жуығын, уақ қоңыр түсті жұмыртқаға толы жатыр алып жатады.


Слайд 5Өсіп-өнуі.
Дироцелиоз қоздырғышы аралық және қосымша иелері көмегімен дамиды. Олардың аралық

иелері-құрлык ұлулары Bradibenidae тұқымдастары және қосымша иелері құмырқалар Formica туысынан болып табылады. Құрт жұмыртқалары ішінде,қалыптасқан ұрығы мирацийдий бар. Олар мал нәжісімен бірге сыртқа шығады.Онан соң, құрт жұмыртқалары жайылымда ұлулар денесіне енеді. Ұлу ішегінде мирацийдийдилер жұмыртқа қақпақшасынан шығып, бауырына өтеді. Ұлу бауырында олар аналық спороцистаға айналады. Ал,аналық спороциста бөлніп,көбейеді, нәтижесінде балаң спороцисталар қалыптасады .Одан әрі келесі сатысы - церкарийлер пайда болады . Бір ұлудың өзінде бірнеше мың церкарий болуы ықтимал .


Слайд 6
Қоздырғыштың организмде өсіп-өнуі.
Ұлу организімінде құрттардың мирацийдий сатысынан церкарийге дейін даму уакыты

3-6 ай. Жетілген церкарийлер ұлулардың тыныс қуысына ауысып, денесінен топ-тобымен бөлініп шығып, ылғалды тас, шөп өсімдіктерге жабысады. Бұлардың топ болып шоғырлангандарын "кілегейлі шарлар " немесе " жыйынтық" цисталар деп атайды. Мұндай "жиынтық шаралармен" құмырсқалар қоректенеді. Құмырсқа денесіне енген церкарийлер , олардың құрсақ қуысында 1-2 ай ең қауіпті инвазиялық - метациркарий сатысына айналады. Мал өрісте зақымдалған құмырсқаларды шөппен бірге жұтып, дикроцелиоз ауруын жұқтырады. Ақтық иесінін "асқазан-ішегіне" жетісімен метацеркарийдің сыртқы қабығы қорытылып, церкалийлер өт арнасы арқылы бауырдағы өт жолдарына жетіп, ай аралығында жынысы жетілген ересек құртқа айналады.Мал бауырында олар жылдан артық уақыт тіршшілік етеді

Слайд 7Эпизоотологиясы.
Дикроцелиоз малға тек қана өрісте жұғады. Тау бөктерінде бидайық-жусаны мол

жайылымда дикроцелийдіің аралық иелері құрлық ұлулары,сондай-ақ, қосымша иелері құмырсқалар жиі кездеседі. Дикроцелий жұмыртқалары ыстық,суыққа өте төзімді. Ұлулар мен құмырсқа денесінде құрт ұрпақтары үш жылдай сақталады. Жыиынтық шарлар қар астында да өлмей қыстап шыға алады.Кейде қой қорасы маңынан мындаған дикроцелиоз жұмыртқасымен зақымданған ұлуларды табуға болады.
Дикроцелиоздан кең тарағаны гельминтоз. Еліміздің көптеген өлкелерінде кездеседі. Қазақстаның барлық таулы, тау-бөктерлі,әсіресе Оңтүстік ,Оңтүстік-шығысында кең етек алған. Далалы, шөлді аймақтарында сирек ұшырасады.


Слайд 8Аурудың өрбуі.
Аурудың өрбуі өт жолдарындағы,қалтасындағы дикроцелий құрттар санына байланысты. Ауырған малда

паренхиматоздық және интерстициалды гепатиттің белгілері айқын көрнеді. Бауыр біртіндеп ісіне бастайды,өт жолдары қабынып, жараланады. Мұның салдарынан ащы ішекке өт құйылмайды, асқорыту жүйесі қызметі бүзылады малдың іші өтеді, денесі уланады. Осыған орай саулықтардың тууы нашарлайды, басқа ауруларға қарсы тұру қабілеті төмендейді.


Слайд 9Сырт белгілері.
Мал бауырындағы гельминт саны аз болса ауру белгілері білінбейді.

Егер бауырда мыңдаған,жүздеген құрт болса, мал қатты ауырады және дерт белгілері айқындала түседі. Дикроцелиоз созылмалы түрде өрбиді, клиникалық белгілері көбінесе ересек қойларда байқалады. Мал жем шөпке қарамайды, қоны төмендейді, арықтайды, тамағында, кеудесінде жалқаяқ ісік пайда болады, бауыр көлемі ұлғайады, кейде іші өтеді, көзге ілінетін кілегей қабықтар ақсарғыштанады.


Слайд 10Өлекседегі өзгерістер.
Дикроцелиозден өлген мал арық болады. Бауыр көлемі үлкейіп, қабыршығы

ақтаңдақтанады. Өт жолдары кеңейіп, жолақтанады. Өт қалтасы кернеген қоңыр жасыл өтке және құрттарға толы.


Слайд 11Диагнозы.
Дикроцелиозға диагноз қою үшін эпизоотологиялық деректерді сараптайды, инвазияның маусымдылығы ескеріледі.

Аурудың сырт белгілері арқылы диагноз қою мүмкін емес. Сондықтан, тірі малға диагноз қою үшін, оның нәжісі әртүрлі гельминтовоскопиялық тәсілдермен зерттеледі.
Декрацелиозбен өлген немесе лажсыз сойылған малға диагноз қою аса қиын емес.Ол үшін өт қалтасы мойнының тұсынан бауырдың ішкі бетінтереңдетіп көлденең кеседі,кеіктің ернеулерін саусақпен сәл қысып сығады,осы сәтте өт жолдарынан сорғыштар шыға бастайды.


Слайд 12Емдеу.
Күйіс малының дикроцелиозына қарсы бірнеше антигельминттіктер қолданылады.
Гексахлорпараксилолды қойға 0,6 г/кг,ірі қараға

0,4-0,5 г/кг мөлшерін алып жеке-жеке береді,немесе тартылған жемге араластырып жегізеді.Әрбір дәрілеу аралығына 1 ай үзіліс жасайды.
Құрамы 5 %-ды клозантелден тұратын препараттар(роленол,клозантекс т.б) 1мл.10 кг. Тірі салмаққа бұлшық етке егіледі.
Сульфен-тотыққан биттионол.Дәмсіз,иіссіз,ақ қиыршықты ұнтақ,суда ерімейді,қоңыр түсті ыдыста сақтайды.Бұл дәріні қойға 0,1 г/кг мөлшерінді ұнтақ түрінде немесе суға қосып,малды ашықтырмай-ақ береді.Сульфенді 0,05 г/кг есебінде ірі қараға тағайындайды.
Ескертетін жай:дәрінің жалпы салмағы ересек сиырларға бергенде 25 г,екі ас шамасындағы тайынша мен өгізшелерді емдегенде 20 г,ал бұзауларды дәрілегенде 10 г-нан аспауы керек.
Емдеуге фазинекс дәрісін де қолдануға болады.

Слайд 13Сақтандыру.
Дикроцелиоз кездесетін шаруашылықты міндетті түрде дегельминтизациялап отырады.
Аурудың алдын алудың тағы бір

жолы сорғыштың аралық және қосымша иелерінің тұрақты мекен қоныстарын түбегейлі өзгерту.Бұл үшін жайылымдағы тастарды теріп алып,өткен жылғы ескі шөппен қоса,тал томар шоғырларын өртеп жібереді,жерді жыртып,мәдени өсімдіктер егеді.Өрістегі бауыраяқтыларды жою мақсатымен,ол жерге тауықтар жіберуге болады.

Слайд 14Қорытынды.
Дикроцелилозбен үй және жабайы жануарлардың көптеген түрлері,әсіресе күйіс малы және кеміргіштер

ауырады. Дикроцелиозге шалдыққан мал арықтап,ет-сүт,жүн өнімі төмендейді,кейде тіпті өлімге де ұшырайды.Зақымданған мал бауыры, әдетте тамаққа жарамсыз. Сорғыш құрттар бауырдың өт жолдары өт қалтасында тіршілік етеді.
Декрацелиозбен өлген немесе лажсыз сойылған малға диагноз қою аса қиын емес.Ол үшін өт қалтасы мойнының тұсынан бауырдың ішкі бетінтереңдетіп көлденең кеседі,кеіктің ернеулерін саусақпен сәл қысып сығады,осы сәтте өт жолдарынан сорғыштар шыға бастайды.
Дикроцелиозды емдеуге бірнеше антигельминттіктер Гексахлорпараксилолды клозантелден тұратын препараттар, Сульфен. фазинекс дәрісі қолданылады.
Дикроцелиоз кездесетін шаруашылықты міндетті түрде дегельминтизациялап отыру керек.




Слайд 15Пайдаланылған әдебиеттер

«Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары» М.С.Сабаншиев. Алматы 2011ж
«Ветеринариялық гельминтолгия» Г.С.Шабдарбаева.

Алматы 2007ж
«Ветеринариялық паразитология практикумы» М.С.Сабншиев. Алматы 2013ж

Слайд 16Мазмұны:
Кіріспе ...................................................................3 бет
Қоздырушы.............................................................. 4 бет
Өсіп-өнуі..................................................................5 бет
Қоздырғыштардың организмде өсіп-өнуі..........................6 бет
Эпизоотологиясы.......................................................7 бет
Аурудың өрбуі...........................................................8

бет
Сырт бегілері............................................................9 бет
Өлекседегі өзгерістер................................................10 бет
Диагноз..................................................................11 бет
Емдеу.....................................................................12 бет
Сақтандыру..............................................................13 бет
Қорытынды..............................................................14 бет
Пайдаланылған әдебиеттер..........................................15 бет

Слайд 17Назар аударғандарыңызға рахмет!!!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика