40 рет/мин.
Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, морфофункционалды жетілмеу және неврологиялық белгілеріне байланысты. Ыңырсиды. Терісі қалың босану жабынымен жабылған. Нәресте гестациялық жасына қарағанда ірі, Любченко бойынша 90 перцентильден жоғары. Жартылай флексия қалпында. Дене бітімі дұрыс, тері асты май қабаты артық дамыған. Беті жарты ай тәрізді. Мойны қысқа.Айғайы орташа күшпен.Дем алуы өздігінен, адекватты. Бұлшықет тонусы дисталды бөлімдерде шамалы жоғарылаған. Тума рефлекстері әлсіз шақырылады. Емуі әлсіз, сауылған ана сүтін шприц арқылы қабылдайды, лоқсымайды. Бас сүйек тығыз, үлкен еңбегі 1,5*1,5 см, керілмеген. Терісі мен көрінетін шырышты қабаттары боз-қызғылт түсті, акроцианоз, ауыз-мұрын үшбұрышының жеңіл цианозы, денесінде лануго. Ылғалды оттегін бет маскасы арқылы алады, оттегі сатурациясы қалыпты. Кеуде клеткасы симметриялы. Өкпе үстінде аускультацияда пуэрильді тыныс, сырыл жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, ретті. Іші жұмсақ. Бауыр, көкбауыр ұлғаймаған. Кіндік қалдығы құрғақ, қысқышта. Нәжісі доңғақ. Зәр шығаруы еркін.
Объективті: