Слайд 1Қабылдаған: Жолдас К
Орындаған: Алтынбекова Ә
Тобы: ЖМ - 103
Дәрігердің жауапкершілігі
Слайд 3 Қоғамдағы дәрігердің жауапкершілігі мен ролі
Дәрігердің еңбегі
мен жұмсаған энергияның ең басты бағасы – ауру адамға көрсеткен көмегі. Бұл дәрігерлік тәжірибенің баюы мен оның беделінің өсуіне септігін тигізеді. Дәрігердің беделі ауру адаммен тіл табысуда үлкен роль ойнайды. Отандық медицинаның классиктері медицина қызметкерінің беделін көрсететін амалдарды тереңірек шешті. Бұл, ең бірінші – терең білім, ауру адамды оның проблемаларын сабырлы, дұрыс және тез түсіне білу қабілеті, осыған байланысты оның тез және толық сауығуына лайықты жол таба білуі. Бұл – дәрігердің бірбеткейлігін, шынайылығын, мейірімділігін, табиғи сыпайылығын, барлық адамгершілік көрінісін ашатын жеке тартымдылыығы. Дәрігердің әр әрекеті мен ісінде әрдайым басты мақсат көзделеді, ол – ауру адамның игілігі үшін. Керемет орыс клиницисті С.П.Боткиннің клиникалық және жан қабілеттерін жоғары бағалаған И.П.
Слайд 4
Павлов былай деп жазған екен: «Бұл ғалымның тартымдылығы ауру адамдар ішінде
шынайы бір сиқырлы қасиетке ие болды, көбінесе оның бір ғана сөзі, не бір ғана кіріп – шығуы жаза алатын. Павлов ғалымның оқушыларынан олардың қолданатын рецептері қолайсыз болғанда мұғалімнің қолында сиқырлы бір қабілетке енетіндей болады» - деген сөздерді көп естіген. Ауруға психологиялық әсер ету - дәрігер беделін көрсететін ұлы қасиеттердің бірі. Бұл әсер тартымдылықпен, аурудың тағдырына шынайы қызығушылықпен, жақсы қарым – қатынаспен, сабырлылықпен, аурудың сауығуы үшін үздіксіз онымен кездесуге ұмтылумен қамтамасыз етіледі. Бір ғана дәрігердің ауру адамды қарап, емдеуінің маңыздылығын баса айтқан белгілі дәрігер Х.В.Гуфеляндтің ( 1762 - 1836) сөздері қаламбур сияқты естілгенімен, мағынасы өте зор. Ол былай деп жазған: «Бір дәрігер – жақсы, екеуі – орташа, үшеуі – сұмдық. Көп дәрігердің бір ауру адамды емдеуі көбінесе аурудың өршуіне әкеледі». Дәрігердің ауру адамға көмегі тек оның толық сауығуына шейін емдегенде ғана толыққанды бола алады. Дәрігердің қарапайымдылығы - оның ең қажетті қасиеттердің бірі. Медицина көптеген керемет жетістіктерге жетті.
Слайд 7 Дегенмен, қазіргі кездің өзінде де біздің білгенімізден білмейтініміз көп: біз қолымыздан
келіп, қанша тырысып, соған жеткіміз келсе де, көбінесе ауру адамға толыққанды көмек көрсете алмай жатамыз аурудың түрлері мен лоарды емдеу жолдары туралы біліміміздің жетіспейтіндігін мойыелау өзіңді кінәлау үшін емес, ол өзіңді - өзің тәрбиелеудегі, біліміңді жетілдірудегі басты қағида болуы қажет. Дәрігердің білім деңгейі мен жинаған тәжірибесі өз алдына бір бөлек. Белгілі дәрігер Абу Али Ибн Сина (Авиценна) адам шығармашылығының қорытындысын былайша белгілеген: « Мы умираем и с собой уносим лишь одно: сознание, что мы ничего не узнали». Дәрігердің өмірі – бұл ешқандай бітпейтін университет. «Дәрігердің басты міндеті - өмір бойы қоғам үшін оқу» - деген екен беделді клиницист А.А.Остроумов( 1844 - 1908). Дәрігердің оптимизмі саналы болуы қажет және ол бірінші кезекте терең білім мен мол тәжірибеге сүйену керек. Кез – келген жақсы дәрігердің басты қасиеттері - әрқашан қарапайымдылық пернесін жамылуы тиіс, олар өзін - өзі жарнамалауды қажет етпейді.
Слайд 8СЕНІМДІ АҚТАЙСЫҢ БА, ЖАС ДӘРІГЕР?
Қазіргі кезде ауылдық жерлерге жас мамандарды
тарту мәселесіне баса мән берілуде. Бұл мақсатта «Дипломмен - ауылға» деген арнайы жоба да қолға алынған. Үкімет жаңа оқу орнын бітірген жастарға барлық жағдайды жасап беруде. Ал жас дәрігерлердің өздері жауапкершіліктерін сезіне ме? Әлде, тек материалдық жағдайын қамтамасыз етіп алуды ғана көздеп, халыққа қалтқысыз, адал қызмет етуді екінші кезекке ысырып қойып, жайбарақат жүр ме?
Слайд 9 Нарық келген тұста шаруашылығы күйреп, ортасына түскен ауылға қазір дәрігерлер мен
мұғалімдер ауадай қажет.Сондықтан соңғы екі-үш жыл дересінде арнайы жоба бойынша ауылдық жерлерге жас мамандық иелерін жіберу мәселесі шешіле бастады. Шын мәнінде, қай ауданға бара қалсаңыз да, биыл пәленбай маман келді, оған пәленше теңге көтерме ақысын бердік деген сөзді жиі естисіз. Әсіресе, ауылдағы ағайын «бас ауырып, балтыр сыздағанда» ем-дом жасайтын ақ желеңді мамандарға зәру.
Былтыр Железинка ауданына 9 медицина қызметкері жұмысқа орналасыпты. Соның біреуі – жоғары білімді дәрігер. Аудан әкімінің орынбасары Балтабай Қаппасовтың айтуынша, өткен жылы келген дәрігерге жергілікті бюджеттен 200 мың теңге мөлшерінде жәрдемақы берілді. Биыл бұл сома 300 мың теңгеге дейін жеткен. Аудан орталығына емес, алыс ауылға баруды қаласа, дәрігеріңіз 400 мың теңгені иеленеді. Одан басқа, 70 айлық есептік көрсеткіш (105 мың теңге) көлемінде мемлекеттік көтермелеу ақысы беріледі. Соңғы аталған қаражат орта арнаулы біліммен келген медицина қызметкерлеріне де тиесілі. Қаржылай көмектерден басқа, мамандарға баспана алу мүмкіндігі жасалған.
Слайд 12
«Байдың асын байғұс қызғаныпты» дегеннің кері емес. Қозғап отырған мәселеміз –
басқа. Есіңізде болса, тоқсаныншы жылдары болған аласапыран шақта мемлекет жас мамандарға мұндай көмек қолын созған емес. Көтермелеу ақысын алмақ түгілі, дәрігерлерге ол кезде айлық «маңдай тер, табан ақысын» уақытында алудың өзі мұң болатын. Бірақ сол кезде қиындыққа қайыспай, шыңдалған қызметкерлер бүгінде 10-15 жылдық тәжірибесі бар медицина майталмандарына айналды. Міне, олардың бойларында материалдық жағдайларға деген қызығушылықтан гөрі, «халыққа барымды беріп қызмет етсем» дейтін қасиеттер басым тәрізді. Ауыр науқастарды шұғыл түскен кезде түн баласында кірпік ілмей, Гиппократ антына адалдығын танытатын осындай ақ-адал мамандардың қайсарлығына тәнті боласыз. Ал қазіргі жас дәрігерлеріміздің бойынан мұндай жанкештілік қасиеттер байқала ма?
Облыстық диагностикалық орталықтың бір дәрігерімен әңгіме барысында, оның жас әріптестерінің әрекетіне көңілі толмайтынын аңғарған едік. Оқу орнын тәмамдап, жаңадан жұмысқа келген әлдебіреулер салған бойда уақытпен санасатынын, өз міндетіне деген немқұрайлылығын байқатқан. Заңды түрдегі жұмыс уақыты аяқталса болды, алдына келген науқасына көз қырын салмай өте шығатындарын біз де көріп жүрміз. Талдырмаш бойжеткеннің қиылған қасы-көзіне ғана мән беріп, өзінің сыртқы сұлулығына өзі тамсанып, аһілеп-уһілеп зорға жеткен қарттың денсаулығына «жүрдім-бардым» қарайтынына қанша мәрте куә болдық! Айта берсек, іштегі шеріміздің бір мақалаға сыйып кетуі екіталай.
Слайд 13Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.
Жарлының байлығы - денінің саулығы.