Слайд 1ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР КАФЕДРАСЫ
Тақырыбы: Ботулизм.Профелактикасы, күресу шаралары,
ошақтағы шарлары.
Орындаған:
Шайменова Г.К
Тексерген: Бейсенова Г.Р
Слайд 2Ботулизм - ағзаның улануымен, тікелей ОЖЖ бұзылуымен сиппатталатын жұқпалы ауру, науқастану
тағам құрамында Clostridium botulinum – ның улы токсины бар болғанда пайда болады. C. Botulinum – ды алғаш рет 1896 ж. Э.Ван Эрменгем мәйіттің ағзасындағы пайдаланылған шұжықтан тапқан (лат. botulinum - шұжық ) желінген тағам өлімге әкелген.
Слайд 3Морфологиясы. Ботулизм қоздырғыштары ұшы дөңгеленген таяқша пішінді. Таяқшалары субтерминалды орналасқан спора
түзеді және теннис ракеткасына ұқсайды. Капсула түзбейді, петрихтар грам оң.
Слайд 4Антигендік құрылымы. Қоздырғыштың идентификациясын жүргізу үшін ең маңызды C.botulinum – нің
экзотоксин түзеуі. Ботулизм қоздырғышының 7 сералогиялық варианттарын ажыратады – A, B, C, D, E, F, G, олардың ішінде кең таралғаныдары А, В, Е сералогиялық варианттары.
Слайд 5Патогенді факторлары. Барлық биологиялық улардың арасында C. botulinum экзотоксині ең күшті
у. Экзотоксиннің 0,3 мкм мөлшері адамды өлтіреді. Ботулизм экзотоксині нейротоксикалық геммаглютинациялық әсер көрсетеді. Оның ерекшеліктері – жоғары температураға (100⁰C 10 -15 минут шыдайды), қышқыл реакцияға, ас тұзының жоғары концентрациясында, тоңазытуға, тағам ферменттеріне жоғары тұрақтылық байқатады.
Слайд 6Эпидемиологиясы. Ботулизм қоздырғышы табиғатта кең таралған. Оны жануарлардың, балықтардың, сушаяндардың ағзасынан
табады, солар арқылы топыраққа, суға түседі.
Слайд 7Инкубациялық кезең орташа 4 – 6 сағат. Бұл кезең 2 сағаттан
10 күнге дейін созылуы мүмкін. Кезеңнің ұзақтығы залалдау дозасына байланысты. Доза неғұрлым көп болса, кезең қысқара түседі. Ботулотоксин асқорыту жолдарынан қанға жақсы сіңіріледі. Алғашқы 24 -36 сағаттың ішінде қандағы концентрациясы ең жоғарғы деңгейіне жетеді.
Слайд 8 Берілу механизмі – нәжіс – ауыз. Берілу жолы
алиментарлы. Берілу факторлары ботулизм қоздырғышымен контаминацияланған көкөніс, саңырауқұлақ, ет, балық консервілері, шұжық. Топырақпен немесе жануарлар нәжісімен ластанған кез - келген тағам түрінде Cl. Botulinum споралары болуы мүмкін. Бірақ тек анаэробтытық жағдайда сақталуы температурасы 35⁰C деңгейінде болса ғана экзотоксин түзіліп, ауру дамиды. Тағамдық уланудан өзге ботулизм қоздырғышы түскен анаэробиоз жағдайы жасалған жарақатта да, ботулизм дамуы мүмкін. Ішек те болсын,жарақаттанған, езілген тінде болсын споралар вегетативтік түрге айналып, көбейіп ботулотоксин түзілуі үшін оптималды температура, анаэробиоз жағдайы туғызылуы қажет.
Слайд 9Емдеу принциптері. Уланудың алғашқы уақытында асқазанды шаю, іш өткізу, абсорбенттер ішкізу.
Ең басты нәтиежелі ем ботулотоксинге қарсы, поливалентті сары суды Безредко тәсілімен бұлшықетке немесе көктамырға енгізу. Поливалентті сары су ботулотоксин түрі анықталғанша ғана қолданылады. Анықталғаннан кейін сәйкес сары су енгізіледі. Поливалентті сары судың А, Е, С типтері 10000 ХБ – тен В типі 5000 XБ енгізіледі. Сары сулармен қатар белсенді антитоксикалық иммунитет қалыптасуы үшін 3 рет 0,5 мл ботулизм анатоксині жасалынады. Негізгі емге қосымша дезинтоксикациялық, антибактериалды, патогенетикалық, симптоматикалық емдер жасалынады.
Слайд 10Профилактикасы. Ботулизмның алдын алу шаралары тағамды өңдеу, тасымалдау, сақтау барысында санитарлық
гигиеналық талаптарды қатаң сақтауға байланысты. Ерекше техналогиялық, санитарлық назарда консервілеу кәсіпорындарында тағамды стерильдеу, бактериологиялық бақылау, техникалық жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуі т.б. Ұсталады. Дайын өнімдерді тұтынушыларға жеткізу жүйесі – тасымалдау, сақтау ережелерін қатаң сақтау қажет. Балық өнімдерін өндіру кәсіп орындары балықты өңдеу тәртібін, тұздауды сақтау қажет. Тұрмытық жағдайдағы жасалған тағамдардан уланудың алдын алу санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізуді талап етеді.
Слайд 11Лабораториялық диагностикасы. Лабораториялық зерттеу ботулотоксинді, оның типін анықтау және Cl. Botulinum
ді табу мақсатында жүргізеді. Бактериологиялық зерттеу үшін күдкті тағам аурудан нәжіс, құсық шайынды алынады. Ботулотоксин, оның типі биологиялық сынама жасау арқылы анықталады. Сынама ақ тышқандарға жүргізіледі. Олардың әрқайсысына сынама алдында антитоксикалық сарысудың әр түрлері енгізіледі. Содан кейін аурудың зәрін немесе қанын тышқандарға жәбереді. Антитоксикалық сарысу типі сәйкес келген тышқан тірі қалады. Қазіргі уақытта сералогиялық тәсілдерді қолдану мүмкіндіктнрі шешілу үстінде.
Слайд 12Ботулизм қоздырғышымен зақымдалған қолқаның көрінісі.
Слайд 13Қолданылған әдебиеттер:
Жұқпалы аурулар эпидемиологиясы
Насухин
Ш.Б
Ақтөбе 2006
Инфекционные болезни.
Шувалова Е.П
М.: Медицина 1999
Слайд 14НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!