Беткей және орта тісжегінің клиникасы, диагностикасы,патоморфологиясы презентация

Содержание

Беткей тісжегі немесе кіреуке тісжегісі. Беткей тісжегі ақ немесе пигменттелген дақтар аймағында кіреукедегі құрылымдық өзгерістер нәтижесінде дамиды және кіреукенің бүтіндігі бұзылып, патологиялық үрдіс кіреуке-дентин шекарасына жетеді. Бұл кезде бұзылған

Слайд 1Тақырыбы Беткей және орта тісжегінің клиникасы, диагностикасы,патоморфологиясы

Орындаған: Жанат Б.А.
Факультет: Стоматология
Курс: III
Группа:

004-01
Тексерген:

Слайд 2 Беткей тісжегі немесе кіреуке тісжегісі.
Беткей тісжегі ақ немесе пигменттелген дақтар аймағында

кіреукедегі құрылымдық өзгерістер нәтижесінде дамиды және кіреукенің бүтіндігі бұзылып, патологиялық үрдіс кіреуке-дентин шекарасына жетеді. Бұл кезде бұзылған тісте механикалық және химиялық тітіркендіргіштерден ауыру сезімі пайда болып, ықпал етуші әсер тоқтағаннан кейін тез басыла қояды. Ауыру сезімінің пайда болуын кіреуке-дентин шекарасындағы нерв ұштарының тітіркенуімен түсіндіріледі (бірақта соңғы уақытқа дейін кіреуке дентин шекарасында нервтік элементтер әлі анықталған жоқ).Тіс қатарын қарап тексергенде көбінесе азу тістердің шайнау бетерінде таяз тісжегі қуысы анықталады, көбінесе ас қалдықтарымен жабылған (2-сурет). Сүңгілеп байқағанда қуыс табанында ауыру сезімі тіс мойындарында орналасқан тісжегі қуыстарында күштірек сезіледі. Тіс ұлпасының электрқозғыштығы 2-6 мкА тең.

Слайд 31-сурет. Беткей тісжегі.


Слайд 4Беткей тісжегі


Слайд 5Беткей тісжегіні сына тәрізді ақаудан, тістер гипоплазиясының нүктелі, шәшкеге ұқсас түрлерінен,

флюороздың эрозиялы түрлерінен ажырата білу керек.

Гипоплазия

Флюороз


Слайд 6Орта тісжегі
Тісжегінің бұл түрінде кіреуке-дентин шекарасының бүтіндігі бұзылып, патологиялық үрдіс жабынды

дентин қабатында дамиды. Орта тісжегі кезінде науқас ешқандай шағым айтпауы мүмкін. Себебі біртіндеп пайда болған жылтыр дентин және үшіншілік дентин қабаттары ұлпаның әртүрлі тітіркендіргіштерге жауабын төмендетеді. Ал қарқынды дамыған түрінде ауыру сезімі көбінесе механикалық,температуралық тітіркендіргіштерден тез пайда болып, тез басылады.

Слайд 7Орта тісжегі


Слайд 8Тіс қатарын тексеріп қарағанда бұзылған тісте орта тереңдіктегі тісжегі қуысы анықталады.

Тісжегі қарқынды дамыған кезде қуыстың кірер ауызы тар (көбінесе І – кластық тісжегі қуыстары кезінде), іші ақ түсті ыдыраған дентинге және ас қалдықтарына толған, қабырғасында ақшыл-сұр түсті оңай аршылатын жұмсарған дентин қабаты бар. Сүңгілеп тексергенде кіреуке-дентин шекарасында ауыру сезімі бар. Тісжегі баяу дамыған кезде қуыстың аузы үлкендеу болады, ішінде ыдыраған дентин аз мөлшерде кездеседі, көбіне қабырғаларында сары, сары-қоңыр түсті жұмсарған дентиннің қалың қабаты анықталады және оңайлықпен аршыла қоймайды (3-cурет). Сүңгілеп байқағанда кіреуке-дентин шекарасында, табанында ауыру сезімі болмайды. Ауыру сезімі кіреуке-дентин шекарасында қуысты егеп-тазалап жатқанда немесе тазалағаннан кейін сүңгілеп тексергенде байқалуы мүмкін. Тазаланған қуыстың табаны пигменттелген, өте қатты және жылтыр.

Слайд 92-сурет. Орта тісжегі.


Слайд 10Ас қалдықтарынан, ыдыраған және жұмсарған дентиннен тазаланбаған қуыстың тереңдігін көрер көзбен

немесе сүңгілеп анықтау қиын. Кейде жұмсарған дентиннің қалыңдығы соншалық, орта тісжегіге санап тұрған қуыс тазалағаннан кейін терең тісжегі қуысына айналады және жұмсарған қалың детин қабаты да тітіркендіргіштер әсерін ұлпаға өткізбейді.
Тісжегі қуысын егеп-тазалаған кезде де ауыру сезімі көп болмайды, сирек жағдайда қабырғаларында кіреуке-дентин шекарасына жақын аймақта ауыру сезімі пайда болуы мүмкін. Тістің электр қозғыштығы 2-6 мкА тең.
Орта тісжегіні сынаға ұқсас ақаудан, кіреуке эрозиясынан, терең тісжегіден және периодонттың созылмалы қабынуынан ажыратады (сауыт қуысы ашыылмаған жағдайда). Сынаға ұқсас ақау мен кіреуке эрозиясы кезінде жарақат ошақтары олардың тек өздеріне тән аймақтарында дамиды және қабырғалары қатты, тісжегімен асқынбаса жұмсарған дентин болмайды.

Слайд 11Кіреуке эрозиясы
Терең тісжегі


Слайд 12
Терең тісжегіден науқастың шағымы және объективтік белгілері бойынша ажыратады.
Орта тісжегінің периодонттың

созылмалы қабынуымен ұқсастығы – тісжегі қуыстары бола тұрса да ауыру сезімінің болмауы. Периодонттың созылмалы қабынуы кезінде сауыт қуысы кейде жабық болғанымен, егеп-тазалаған кезде оңай ашылады және тазалау кезінде, сауыт қуысы ашылған кезде де ауыру сезімі болмайды. Перидонттың қабынуы кезінде ешқандай тітіркендіргіштер ауыру сезімін туындатпайды және тіс ұлпасының электрқозғыштығы 100 мка жоғары.

Слайд 13Тісжегінің патологиялық анатомиясы
Беткей тісжегі (поверхностный кариес) кезінде кіреуке бұзылысқа ұшыраған, микроорганизмдер

шоғырланған ошақ анықталады, бірақ кіреуке-дентин шекарасының бүтіндігі сақталған.
Беткей тісжегі дер кезінде анықталмаса, минералсыздану үрдісі тереңдеп, кіреуке-дентин шекарасы мен жабынды дентин бұзыла бастайды және орта тісжегі қуысы қалыптасады.

Слайд 16Орта тісжегіні сәулелік микроскоппен тексергенде тіс тіндерінде үш белдеу анықталады (3-сурет):

1) ыдыраған және жұмсарған дентин белдеуі; 2) мөлдір және қалыпты дентин белдеуі; 3) орынбасушы дентин және ұлпадағы өзгерістер белдеуі.
Егер аталған белдеулерге толық сипаттама берілетін болса, ол төмендегідей: бірінші белдеудің жоғарғы қабатында белгілі құрылымсыз қатты бұзылған біртекті заттар мен микроорганизмдер анықталады (ыдыраған дентин қабаты). Жұмсарған дентин қабатында құрылымдық өзгерістер байқалады: дентин түтікшелері кеңейген, кейбір жерлерде қабырғаларының бұзылуы нәтижесінде олар бір-бірімен қосылып микробтарға толы ұсақ қуыстар (микрополости-каверны) құрайды. Тереңдеген сайын микроорганизмдер саны азая береді. Дентин түтікшелеріндегі одонтобласттар өсінділері майлы дистрофиялануға ұшыраған. Көңіл аударатын жәйт басқа аймақтарға қарағанда дентиннің жұмсарып ыдырауы кіреуке-дентин шекарасы бойында қарқындырақ жүреді, сондықтан тісжегі қуысының ауызы әлі бұзыла қоймаған жабынды дентинмен қоршалғандықтан тар болады.

Слайд 17
3-сурет. Орта тісжегінің патологиялық анатомиясы.


Слайд 19Шлиф зуба при кариесе эмали в стадии пигментированного пятна: деминерализация подповерхностного

слоя; наружный слой (I) эмали сохранен; подповерхностный слой (2) деминерализован. Микрорентгенограмма; × 45.

Слайд 21Дентинде минералсыздану үрдісі үдеген сайын түтікшелердегі одонтобласттар өсінділері (Томес талшықтары) бұзылысқа

ұшырайды және олардың орнына микроорганизмдер жиналады. Микроорганизмдерден бөлінген ферменттер жұмсарған дентиннің органикалық затын бұзады. Тісжегі қуысының ұлпаға қараған шет аймақтарында дентин түтікшелері кеңейіп, деформациялануға ұшырайды. Келесі белдеу екі қабаттан тұрады: 1) тығыздалған мөлдір дентин қабаты (шамадан тыс минералданған қабат), мұнда дентин түтікшелері апатит кристаллдарының шөгу әсерінен тарылып, кейбір жерлерінде толығымен бітеліп қалған; 2) қалыпты дентин (интактный дентин) қабаты ұлпа үстінде орналасқан.

Слайд 22Гистологический препарат зуба при кариозном поражении дентина: выражено расширение дентинных канальцев

(1) по периферии кариозной полости, их чёткообразное вздутие (2); окраска гематоксилин-эозином; × 200.

Слайд 23Ұлпадағы өзгерістерге тоқталатын болсақ, тісжегінің қуысты кезеңінде (дақты тісжегі сатысынан басқа)

әртүрлі ауытқулар байқалады. Жоғары және орта тісжегі кезінде де орынбасушы дентиннің құрылғаны, жарақат ошағына жақын аймақта одонтобласстар санының азайғаны байқалады. Нерв талшықтары мен қан тамырларында да морфологиялық бұзылыстар орын алады. Терең тісжегі кезінде қан тамырларында ұлпаның жедел қабынуына ұқсас өзгерістер табылған. Нерв талшықтарында дегенеративтік үрдістер қуыс тереңдеген сайын күрделеніп, олардың осьтік цилиндірлерінің ыдырауын туындатқан.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика