Презентация на тему Бассүйек-ми жарақаты. Тоқпан жіліктің остеохондропатиясы

Презентация на тему Презентация на тему Бассүйек-ми жарақаты. Тоқпан жіліктің остеохондропатиясы, предмет презентации: Медицина. Этот материал содержит 27 слайдов. Красочные слайды и илюстрации помогут Вам заинтересовать свою аудиторию. Для просмотра воспользуйтесь проигрывателем, если материал оказался полезным для Вас - поделитесь им с друзьями с помощью социальных кнопок и добавьте наш сайт презентаций ThePresentation.ru в закладки!

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1
Текст слайда:

Бассүйек-ми жарақаты. Тоқпан жіліктің остеохондропатиясы.

Қабылдаған:м.ғ.д,доцент Елікбаев Ғ.М
Орындаған:Шахарова М.Б
Тобы:ЖМ-109


Слайд 2
Текст слайда:

Ситуациялық жағдай

Жол көлік оқиғасынан кейін бассүйек-ми жарақатын алған 15 жасар бала келді. Балада ортан жіліктің остеохондропатиясы.
Алғашқы көмек?
Сіздің диагнозыңыз?
Іс-әрекетіңіз?




Слайд 3
Текст слайда:

Болжам диагноз

Жол көлік апатынан кейінгі бассүйек-ми жарақаты.

Ортан жіліктің остеохондропатиясы



Слайд 4
Текст слайда:

Бас сүйек-ми жарақаты

Бұл бас сүйегінің және мидың механикалық зақымдануы. Бас терісінің бүтіндігінің бұзылмауымен бірге жүретін – жабық, ал терісінің бүтіндігінің бұзылуымен қатар , геморрагиялық сұйықтық пен ликвордың мұрын, құлақ жолдарынан ағуы – ашық бас-сүйек ми жарақаты деп аталады.


Слайд 5

Слайд 6
Текст слайда:

Кездесу жиілігіне байланысты


Қыз бала

60%

70%

Ер бала


Емшек жасындағы балаларда кроват,диван, стол коляскадан құлау кездеседі.Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларда биіктен құлау кездеседі.
Жарақаттанушының көбі- мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар.

30%


Слайд 7
Текст слайда:

Этиологиясы


Слайд 8
Текст слайда:

Этиологиясы

Емізулі жастағы балдардағы себебі- баланың кереуеттен, үстелден н/е коляскадан құлауы. Бағдарлы рефлекторлы қозғалысы жоқ кішкентай балалар ауыр басымен төмен қарап құлауы. 2-5 жастағы балалар жиі көктем, жаз айларында терезеден, балконнан, шатырдан, шарбақтан құлайды.


Слайд 9
Текст слайда:

Бас сүйегінің сынуы

1. Бас күмбезінің сынуы

2. Бас сүйек түбінің сынуы


Слайд 10
Текст слайда:

Мидың жабық түрдегі зақымдануына:


Слайд 11
Текст слайда:

Бассүйек ішілік гематомалар

1 Эпидуральдық
2 Субдуральдық
3 Миішілік
4 Қарыншаішілік
5 Көптеген қабық аралық гематомалар
6 Субдурульдық гидромалар
Гематомалар болуы мүмкін: жіті ( бірінші 3 тəулік), жітілеу (4 тəулік-3 апта), жəне созылмалы (3аптадан аса)


Слайд 12
Текст слайда:

Ми шайқалуы барынша аз ауырлықтағы зақымдану, мұнда ми тканінде органикалық өзгерістер болмайды. Ми шайқалғанда жарақаттан соң бір реттік қысқа мерзімді (бірнеше секундке немесе минутқа) естен тану мен қысқа кезеңде жад жоғалту болады. Одан кейін басқа симптомдар білінеді: жүрек айну, құсу, жалпы әлсіздік, бас айналу, бас ауыруы. Жоғары ызалану, шаршау, ұйқы басу байқалады. Зардап шегуші ашық жарықты, қатты дыбысты жақтырмайды.


Слайд 13
Текст слайда:

Кішкентай балаларда, әсіресе 1 жастағыларда естен тану сирек кездеседі. Олардың терісі (әсіресе беті) бозарады, одан соң әлсіздік пен ұйқы басу дамиды. Тамақтандырған кезде лоқсу жиі кездеседі, 1-3 жастағыларда қайталап құсу жиі байқалады.


Слайд 14
Текст слайда:

Ұзаққа созылған есін жоғалту ж/е ошақты белгілердің болуы мидың соғылуын білдіреді. Егер аз уақытта есін жинап қайтадан жоғалтса, құрысу мен салданулар пайда болса, онда бассүйекішілік қысымның көтерілу себебінен, ми компрессиясынан миішілік қан құйылу туындайды.


Слайд 15
Текст слайда:

Қатты соққы толқыны әсерінен (жарылыс) адам организмі жалпы контузияға ұшырауы мүмкін. Ауыр жағдайда адам ұзақ уақыт бойы есінен айрылады, бас ауырады, көру және есту қабілеті бұзылады. Есте сақтауы әлсірейді немесе жоғалтады.
Ауыр дәрежедегі мидың сыдырылуы сананың өте өрескел бұзылуымен сипатталады (ұйқы басу, естен тану).
Ұйқы басқан кезде сырқаттар қоршаған ортаны елемейді, тапсырманы орындамайды, сұрақтарға жауап бермейді.


Слайд 16
Текст слайда:

Бастың тері жабындыларында көрінетін зақымдануының болуына назар аударады. Периорбитальдық гематома («көзілдірік» симптомы, «енот көздері») – алдыңғы бассүйек шұңқырының түбінің сынығын білдіреді. Емізік тəрізді өсіндінің айналасындағы гематома (Баттл симптомы) самай сүйегінің пирамадасының сынығымен көрінеді. Гемотимпанум немесе құлақ жаңғырығының жарылуы – бас сүйегінің негізінің сынығына сəйкес келеді. Мұрын немесе құлақты ликворея бас сүйектің негізінің сынығының жəне өтпелі БМЖ- ны сəйкестендіреді. Бас сүйегінің перкуссиясы кезіндегі « шатынаған ыдыс» дыбысы бассүйек байланысындағы сүйек сынығындада кездеседі.


Слайд 17
Текст слайда:

Бассүйек негізінің алдыңғы маңдай бөлігі сынса - көз шарасының қанталауы
Ортаңғы бөлігі жарақаттанса- құлақтан ликвор, қан ағу байқалады
Артқы бөлігі сынған кезде бульбарлы бағаналық белгілер пайда болып, баланың тыныс алуы мен жүрек қызметі бұзылады.


Слайд 18
Текст слайда:

Клиникалық көрінісінің ауырлығына байланысты:

• 1 дəрежесі (төменгі немесе аз қауіп ) – аздаған бас ауырулары н/е болмауы, жүрек айну жəне қысқа уақытқа құсулар,  есін жоғалтумен жалғасады( секундтар),баста соғылу белгілері болуы мүмкін.
• 2 дəрежесі (орташа қауіп ) – есін жоғалту 1 минуттан ұзақ, үдемелі бастың ауыруы, ұйқышылдық, бірнеше рет құсу, бас айналу, аз уақыттық еске сақтау қабілетінің жоғалуы. Бас сүйегінің сыну белгілері, бет қаңқасы сүйектерінің зақымдалу белгілері, көптеген жарақаттар болуы мүмкін.
• 3 дəрежесі – неврологиялық белгілері, бастың енген жарақаттары


Слайд 19

Слайд 20
Текст слайда:

Диагностикасы

Ренгенографиясы
КТ
МРТ



Слайд 21
Текст слайда:

БМЖ-мен жарақаттанғандарға ең алғаш жəрдем негізінде- артериалдық гипотензияға, гиповентиляцияға, гипоксияға, гиперкапнияға жол бермеу, өйткені ол асқынулар мидың ауыр ишемиялық зақымдануына алып келеді жəне өлімге қауіптілігі жоғары. Осыған байланысты жарақаттан кейін бірінші минут жəне сағат емдеу шаралары «АВС» ережелерін орындау қажет. А(air)- тыныс жолдарына өтімділігін жақсарту В(breathe)- қалыпты тынысты қалыптастыру (жасанды тыныс беру) С(circulation)- жүрек қан тамыр жүйесінің жұмысына қарау: Қан аққан жараға таза таңғыш байлау, басқа мұз басу


Слайд 22
Текст слайда:

Алғашқы медициналық көмек Егер зардап шегушіні өз күшіңізбен жеткізсеңіз, науқасты шалқасынан, қатты төсенішке жатқызу, мойын омыртқасы мен иығын бекіту керек. Науқасты қолда н/е зембілмен тасымалдау - ең қолайлы әдіс.


Слайд 23
Текст слайда:

- Қанайналымның декомпенсациясы кезінде реополиглюкин, кристаллойдтық ерітінділер көктамырға тамшылатып. Қажет жағдайда - допамин 200 мг 400мл изотониялық натрий хлор ерітіндісін қолдану - Психомоторлық қозу жағдайында, тырысу жəне премедикация ретінде - 0,5-1,0 мг 0,1% атропин ерітіндісін тері астына енгізу


Слайд 24
Текст слайда:

- Тасымалдау кезінде тыныс алу тінін қадағалап тұру қажет. - Бассүйек ішілік гипертензиондық синдром кезінде қан жоғалтуда жарақатты еске ала отырып лазиксті енгізуге болмайды - Ауру синдромы кезінде: бұлшық етке (көктамырға басу) 30 мг 1,0 кеторолок және 2 мг 1-2% димедрол ерітіндісі және 2-4 мг (200-400 мг) 0,5% трамал ерітіндісі немесе өз дозасына сәйкес наркотикалық емес анальгетик - Бастың жарасында жəне сыртқы қан кетулерде - жараның қырларын антисептикпен тазалау, стационарға тасымалдау, нейрохирургиялық қызметі бар жерге, ауыр жағдайда – реанимациялық бөлімге жатқызу қажет.


Слайд 25
Текст слайда:

Емдік шаралар

Емдік әрекет негізінде ауруханада толық тыныштық жасауға негізделген. Басқа мұз қойылады, төсек режимі 7-10 күн субьективті көріністер көріністер жоғалған жағдайда да қажет. Ауруханадан шығарылғаннан соң жартылай төсек режим 4-7 күнге белгіленеді.
Балалар мектепке баруына рұқсат, алайда дене шынықтыру сабағынан 1-2 айға босатылады. Жергілікті дәрігер қарауында болады, физикалық жүктемелерден толық шектеледі, күн ыстығы мен ыстық банядан сақтанады...


Слайд 26
Текст слайда:

Болжамы

Мидың ми қабаттарының және тамырлардың жанама зақымдануына байланысты. Бас сүйек сынықтарының жазылуы басқа қаңқа сүйектеріне қарағанда өте баяу. Сызаттар 3-4 айда жазылады, сүйектің үлкен дефектілері 1 жыл көлемінде н/е оданда көп уақытта жазылады.


Слайд 27
Текст слайда:




Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика