Слайд 1
Сабақтың тақырыбы:
Балаларда ауыз қуысы сілемейлі қабығының жаарақаттық зақымдалуы .
Орындаған:Ғани К.
Қабылдаған:Қожамбекова Э.
Тобы:
СТК-528
Қожа Ахмет Яссауи Атындағы Халықаралық Қазақ- Түрік Университеті
Слайд 2Жоспар:
Кіріспе.
АҚШҚ Механикалық жарақаттары .
АҚШҚ Химиялық жарақаттары.
АҚШҚ Физикалық жарақаттары
Слайд 3Кіріспе:
АҚШҚ әсер етуші әлсіз механикалық және физикалық әсерлерге қарсы тұру қабілеті
күшті болғандықтан ешқандай өзгеріс болмайды бірақ әсер ету күші үлкен болғанда мұнда өзгерістер болады. Бұл өзгерістер әсер етуші агенттің күшіне ұзақтығына ағзаның әсерге қарсы тұруына тіндердің қайта қалпына келу қорғаныс қызметіне де байланысты.
Слайд 4АҚШҚ механикалық жарақаттары
Ол жедел және созылмалы болады. Жеделде әсер етуші күш
үлкен бір мезгілде ал созылмалыда әсер етуші күш аз бірақ көп уақыт әсер етуден келі шығады.
Жедел механикалық жарақаттар тістеп алу пышақ шанышқы құрал саймандармен жарақаттағанда қан құйылу гематома желіну жара пайда болады. Науқас ауру сезіміне тамақ жегенде сөйлегенде үдеюін айтады. Нақтама қою қиынға соқпайды.Жедел жарақаттар 1-3 күнде жазылып кетеді. Егер оған екіншілік жұқпа түссе жазылу мерзімі ұзарып кетеді.
Слайд 6Емі: ауыз қуысын муқият антисетиктермен өңдеп 0,2% хлоргексидин ерітіндісімен 0,05 %
фурацилинмен кератопластикалық препараттарды А дәрумені ит мұрын майы сіңдіру жолы арқылы ендіреді. Егер жарақат терең болса тігіс салынады.
Созылмалы механикалық жарақаттар
Бұл жарақаттар сапасыз алынбалы протез тістің өткір қырлары сапасыз пломба тіс тастары ащы және ыстық тамақтар қабылдау зиянды әдеттер тістесу аномалияларынан пайда болады. Көбіне үлкен жастағы адамдарда кездеседі. Алдымен талаураулы қабынуға кейіннен жейілу және жараға алып келеді.Сапасыз протезді ұзақ уақыт тағып жүргенде папиллома пайда болуы мүмкін
Слайд 7Клиникалық көрінісінде алдымен қышымсыра ашу сұққылап ауыру парастезия болады. Кейінкеле сол
жерде ісіну қызару жейілу не жара пайда болады. Көбіне тіл таңдай ұрт зақымданады.Жараның айналасы қызарып сипап қарағанда ауырады жара түбі шіріген жамылғы кірмен жабылған.Аймақтағы лимфа түйіндері ұлғайған қозғалмалы сипағанда ауырады. Ұзақ уақыт жазылмайтын жаралар қатерлі ісікке өтуі мүмкін.Жарақаттан болған жараларды туберкулез мерез қатерліісік трофикалық жара ,Венсанның ойық жаралы стоматитінен салыстырма нақтамаланады.
Емі жарақатқа алып келуші мәнбірлерді жою қажет.Ауыз қуысын тазалау керек санация.Антисетик ерітінділерімен ауыз қуысын өңдеу жараға жансыздандыру жолымен өлеттенген тіндерді алып тастау үшін ферменттерді сіңдірукейіннен кератопластикалық препараттарды сіңдірі жағады.Сапасыз протездер мен пломбаларды қайта дайындау қажет.
Слайд 8АҚШҚ химиялық жарақаттары
Олар жедел созылмалы жарақат болып бөлінеді.
Жедел химиялық жарақаттар кенет
шырышты қабыққа химиялық заттардың түсуімен яғни тұрмыста өндірісте өз- өзіне қол жұмсау үшін тіс техниктерінің жұмысында күмісті азот қышқылы резорцин формалин қоспасы мышьяк қышқылы және арналарды кеңейтіретін химиялық заттармен жарақаттанады.
Клиникалық көрінісі. Күшті әсер етуші заттар шырышты қабыққа түскенде күшті ауру сезімі пайда болады , ашиды . Қышқылдармен ұю күйгенде коагуляциялық өлеттену болып тығыз қабық азот қышқылы сары қара-күңгірт күкірт ақ сұр сірке және т.б қышқылдардан пайда болады. Қабық астындағы тіндерге тығыз жабысып тұрады, тіндер ісінген қызарған сілтілермен күйгенде колликвациялық өлеттену болады. Ол былқылдап тұрады.Мұнда тіндер терең зақымданады, өте қатты ауырады, жылдам жазылмайды. Өлеттенген тіндер бөлінгенннен кейін үлкен жаралы беткей пайда болады.
Слайд 10Емі: тері не шырышты қабыққа қышқылдар мен сілтілердің әсерін тез тоқтату
қажет. Ол үшін ауыз қуысын көп мөлшерднгі сумен шайылады, соңынан бейтараптайтын заттарды қолданады . Қышқылдармен күйгенде сабын суды 1%-2% ас содасы ,магнезии тотығын сумен және 0,1% мүсәтір спиртін қолданылады.Сілтілермен күйгенде 0,5-1% лимон қышқылы сірке қышқылы 0,1% тұз қышқылы ерітінділерімен бейтараптайды.Күмісті азот қышқылымен күйгенде 2-3% ас тұзы , Люголь ерітінділерімен ,мышьяк қышқылымен күйгенде унитол йод тұнбасы және күйдірілген магнези себіледі. Фенолды 50% этил спиртімен бейтараптайды.
Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін күйікке ауруды басатын , әлсіз антисептикалық ерітінділермен шаю кератопластикалық заттар сіңдіріп енгізу керек.Ішуге поливитаминдер жоғары калориялы ,езілген тағам тағайындалады.
Слайд 11АҚШҚ физикалық жарақаттары
Электр тогының әсерінен күю ол физио –ем шараларды
дұрыс жасамағанда келі шығады.Жеңіл түрінде шырышты қабықта ісіну қызару жейілу болады. Ауыр түрінде терең және жайылған ақ сұр түстен күңгірт қара түске енген өлеттенген тіндер болады.Өлеттенген қабық тінде алынғанда астынан терең шеттері тегіс ісінген қызарған тін көрінеді
Мұндай күйіктер ыстық су бу электр тогы иондалған радиацияның үлкен дозасымен сәулеленгенде келіп шығады.
Клиникалық көрінісі жеңіл күйіктерде талаураулы қабынумен шамалы ауру сезімі болады.Ауыр түрінде үлкен көпіршіктер пайда болып, олар жарылып астына үлкен жейілу не өлеттену аймаіы көрінеді.
Слайд 12Гальванизм
Ауыз қуысында екі не одан да кө металл болғанда келіп шығады.
Микротоктардың не төмендегі булардан айда болады амаль-гама –алтын құрыш құрыш припой.Ауыз қуысын жауып тістескенде 10мк А ден жоғары болғанда гальваникалық ток пайда болады. Одан гальванизм келі шығады.
Клиникалық көрінісі.Ауыз қуысында металл және қышқыл дәмі сезіледі.Ол сезім қышқыл тағам қабылдағанда темір қасықпен не шанышқымен протезге тиіп кеткенде байқалады.Ауру сезімі тоқтамайды ,шыдап болмайды. Шырышты қабық қызарып ісініп тіл емізікшелері қабыршақтанып, созылмалы гингивит белгілері және ауыз қуысының құрғақтығына шағымданады.
Емі себептері жойылады ауызға біркелкі металл мен протездер тағайындалады металл пломбаларды композиттерге ауыстырылады
Слайд 13Сәуле ауруы
Иондалған сәулелердің әсерінен келіп шығады. Ол ағзаға әр түрлі жолмен
яғни рентген сәулелері гамма сәулелері нейтрондар ағымының әсерінен болуы мүмкін Сәулеленген тіндерде морфологиялық өзгеріп біріктіруші тіндердің қорғаныс тосқауылдық және тіндердің қайта қалпына келу қызметтері бұзылады әлсірейді
Емі жергілікті және жалпы болады жергілікті тітіркендіргіштерді жою ауыз қуысын тазалау. Жергілікті қабынуға қарсы ем тағайындау.