Балалар киіміне қойылатын гигиеналық талаптар презентация

Жоспар: Кіріспе .......................................................3 Балалар киімін тігу технологиясы ...........4 Балалардың киімін тігу барысындағы маталардың атқаратын қасиеті.................7 Балалар киіміне қойылатын гигиеналық талаптар ..................................................11 Қорытынды .............................................12 Пайдаланылған әдебиеттер...................13

Слайд 1БАЛАЛАР КИІМІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ГИГИЕНАЛЫҚ ТАЛАПТАР
Орындаған : Сембек Айғаным
Қабылдаған : Омарбекова Маржан


Слайд 2Жоспар:
Кіріспе .......................................................3
Балалар киімін тігу технологиясы ...........4
Балалардың киімін тігу барысындағы маталардың

атқаратын қасиеті.................7
Балалар киіміне қойылатын гигиеналық талаптар ..................................................11
Қорытынды .............................................12
Пайдаланылған әдебиеттер...................13

Слайд 3Кіріспе
Сән әлемі алуан, оның ішінде балалар

киімдерінің де маңызы зор. Балалар киімдерінің қазіргі замандағы стилі – спорттық стиль. Балалар киімінің түрпішіні олардың еркін қозғалуына ыңғайлы болуы тиіс. Бүлдіршіндерден бастап жеткіншек жасына дейін балалар киімдерінің сұлбасы тік және трапециялы болып келеді. Бала тұлғасының тепе – теңдігі ересек адамдардың тұлға тепе – теңдігінен айқын ерекшеленеді. Балалар басының биіктігі біршама үлкен болады. Балалар бойы жас және жыныс ерекшеліктеріне қарай ажыратылады – ұл балалар өздерімен жасты қыздарға қарағанда ұзынырақ болады. Балалардың киімдері түрлі -түсті болады. Балалардың көйлектері сән бағытына қарай көп өзгере бермейді және пішімі неғұрлым қарапайым әрі ыңғайлы, балалардың жас ерекшелігіне сай таңдалады.

Слайд 4Балалар киімінің ерекшеліктері
Бірінші кезеңде:
Балалардың жас

ерекшеліктеріне қарай бөлінуі. Балаға кигізілетін киім ауа өткізгіш, жеңіл, үтіктеуге және жууға жеңіл болуы қажет. Сәбилердің алғаш киетін киімі – нәресте жейдесі, қалпақ, бас киім.
Екінші кезеңде :
Балалардың бойы ұзара түседі. Балалар үшін тік төртбұрышты силуэтті киімдер қолданылады. Шалбарлары қысқа, жеңдері ұзын, қаттамалы да, қаттамасызда болуы мүмкін.




Слайд 5Балалар киімінің ерекшеліктері
Үшінші кезеңде:
Бойы ұзарып кеудесі тегістеле

түседі, әрі үлкейеді. Киім формасымен силуэті трапетция тәріздес болып келеді.
Төртінші кезеңде:
8 – 10 жас аралығында сүйегі қатайып, аяқтары ұзара түседі. Жетінші омыртқа тартылып, бел пайда бола бастайды. Мектеп киімі, спорт киімі, жұмыс киімі, сәнді киімдер жеке –жеке құрастырылады.

Слайд 6Балалар киімінің ерекшеліктері
Бесінші кезеңде:
Қыздардың белі жіңішкеріп, мықыны,

балтыры, кеудесі үлкейе түседі. Ұлдардың иықтары кеңейіп, белдері жіңішке болып көрінеді. Киім төрт силуэтте орындалады: төртбұрыш трапетция (тізеге дейін ), төртбұрышты ( спорт киімі ), трапетция тәріздес( сырт киімдер ), екі бұрышты.
Алтыншы кезеңде :
Қыздар үшін төртбұрышты, төртбұрышты трапетциялы, екі үшбұрышты спорттық типтегі киімдер ; ұлдар үшін төртбұрышты, тік төртбұрышты, екі трапециялы спорттық стильдегі киімдер тігіледі.

Слайд 7Балалардың киімін тігу барысындағы маталардың атқаратын қасиеті
Матаның қалыңдығы
Матаның массасы

Кеуектілік

Ауа өткізгіштік

Бу өткізгіштік


Слайд 8Балалардың киімін тігу барысындағы маталардың атқаратын қасиеті
Гидрофильділік
Жылулық қарсылық

Гидрофобтық

Липофильділік

Су сіңіргіштік






Жылулық қарсылық


Слайд 9Балалардың киімін тігу барысындағы маталардың атқаратын қасиеті
Матаның қалыңдығы - миллиметрмен өлшенеді

және негізінен матаның жылусақтағыштық қасиетіне тікелей әсер етеді.
Матаның массасы – матаның белгілі ауданына (1м2 немесе 1см2) алынған грамм көлемімен өлшенеді.
Көлемдік масса - матадағы тығыз заттар мен ауа құрамының қатынасын анықтайды, 1см3 матаның граммен алынған массасы.
Кеуектілік - кеуектілік көлемінің берілген матаның жалпы көлеміне пайызбен алынған қатынасы арқылы анықталады және ол көлемдік масса көрсеткішімен тығыз байланыста болып келеді.
Ауа өткізгіштік - дециметр кубы (дм3) арқылы өлшенеді және 1м2 матаның кеуектілігінен сүзу арқылы секундына ауа өткізу қабілетін көрсетеді.

Слайд 10Балалардың киімін тігу барысындағы маталардың атқаратын қасиеті
Гигроскопиялылық - матаның су буларын

сіңіру қасиеті, пайызбен алынады. Жақсы гигроскопиялылық іш киімдерге арналған маталардың жақсы қасиетіне жатады.
Су сіңіргіштік - матаны суға салып қойғандағы су сіңіргіштігі, пайызбен алынады.
Гидрофильділік - матаның суды толық және жылдам сіңіріп алу қасиеті, пайызбен алынады.
Гидрофобтық (суланбайтын) - гидрофильділікке қарама-қайшы қасиет.
Липофильділік - матаның тері бетіндегі майларды өзіне сіңіріп алу қасиеті, пайызбен алынады.
Жылулық қарсылық - жылуөткізгіштікке қарама-қайшы қасиет, температура өзгерісі 10С болған жағдайда, 1м2 матадан 1ккал жылу өтетін уақытпен (сағатпен) өлшенеді және жылу өткізгіштікке кері шама болып табылады.


Слайд 11Балалар киіміне қойылатын гигиеналық талаптар
Маталардың түрлерін

балалар киімінің өндірісінде пайдалану, олардың физикалық-гигиеналық көрсеткіштеріне: қалыңдығы, массасы, көлемдік массасы, кеуектілігі, ауа- және бу өткізгіштігі, гигроскопиялылығы, ылғалсақтағыштығы, гидро- және липофильділігіне және жылуөткізгішітігіне байланысты болады.Балалар киімдерінде қалың, ыңғайсыз тігістер, қатты, тар резеңке баулар болмауы керек. Жаздық жейде, көйлектерге арналған маталардың да қасиеті, іш киімдікі сияқты жұмсақ, ауа, бу өткізгіштігі, гигроскопиялылығы, ылғалсіңіргіштігі, гидрофильділігі, жылуөткізгіштігі жоғары болуы керек. Сыртқы жылы киімдер - олардың негізгі міндеті денеге қажетті жылуды сақтау және оны атмосфералық жел мен ылғалдылықтан қорғау болып табылады. Балалардың қыс киімдерінің конструкциясы киім асты аралығындағы ауа айналымын және қоршаған ортамен ауа алмасуын барынша төмендетуді қамтамасыз етуі қажет. Киімнің жылу қорғағыш қасиетіне физиологиялық-гигиеналық баға берілуі қажет.


Слайд 12Қорытынды
Жаңа туған сәбилер мен сәбилер жасындағы

балалардың (28 размерге дейін) іш киімдеріне химиялық жіп қосылмаған болуы керек. Балалар киімін дайындау үшін табиғи талшықтардан жасалған маталар және қатал түрде Санмен сәйкес келетін химиялық талшықтар қосылған маталар алынады. Іш киімдер - тері қабатымен тікелей байланыста болатындықтан, киім астындағы аралықта пайда болып отыратын зат алмасу заттарынан (ылғалдылық, май, газдар) тазартып отыруға қатысады және олар ыңғайлы, кең, киім асты аралығының желдетілуіне, терінің “тыныс алуының” қамтамасыз етілуіне жағдай жасауы керек.

Слайд 13
Назарларыңызға
рахмет !!!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика