Слайд 1С.Ж. Асфендияров Қазақ Ұлттық медицина университеті
Кафедра: Урология кафедрасы мен нефрология курсы
ТАҚЫРЫБЫ:
Бүйрек туберкулезі
Орындаған: Есиркепова Д.
Тобы: 35-2К
Қабылдаған: Сураншиев А.
Слайд 2Жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Этиологиясы
Патогенезі
Патологиялық анатомиясы
Классификациясы
Клиникалық белгілері
Диагностикасы
Дифференциалдыдық дигностикасы
Емі
III. Пайдаланылған әдебиеттер
Слайд 3Этиологиясы
Бүйрек туберкулезінің арнайы қоздырғышы-туберкулез микобактериясы (Кох бацылласы) туғызады.
Слайд 4Патогенезі
Бүйрекке туберкулез қоздырғыштары:
Гематогенді
Лимфогенді
Өрлеме (урогенді )жолдар арқылы түседі және жұқтырады.
Слайд 5
Туберкулез процесінің алғашқы жайылу кезеңінде ,яғни қанға өкпедегі және бронхтардағы
лимфа түйіндеріндегі туберкулезден қан ағысына түсетін туберкулез микобактерияларыдың әсерінен бүйректіде зақымдайды. Мұнда екі бүйректің де қыртыс қабатында ұсақ туберкулез ошақтары пайда болады. Көпшілік жағдайда науқастың ауруға қарсы тұру қабілеті жақсы болса, пайда боған ошақтар сорылып жойылады. Алайда, жергілікті қолайсыз жағдайлардан ошақтар толық сорылмай тыныштық күйге өтеді, немесе ілгері дамиды.
Слайд 6Патологиялық анатомиясы
Макроскопиялық зеріттеулерге қарағанда,бүйрек қыртысында шоғырланатын бастапқы туберкулез өзгерістері көбіне
паринхиманың бетіне түсі ақшыл-сары, әртүрлі көлемді, казеозды некроз ошақтарынан, оларды қоршаған эпителиоидты, алып және лимфоидты жасушалардан тұратын арнамалы түйіршікті тіндер болады. Кейінен бұл ошақтар бір-бірімен қосылып-мұның соңы патологиялық қуыс-каверна түзуге әкеп соғады.
Слайд 7Классификациясы
Жіктелуі негізінен туберкулез үдерісінің дамуы,паренхиманың зақымдалуының көлемі мен тереңдігіне және инфилтративті
өзгерістерден бастап, поликавернозды туберкулезге байланысты.
I-саты-бүйректің инфильтративті (деструктивті емес) туберкулезі
II-бастапқы деструкция:папиллит немесе шағын (диаметірі 1см-ден аспайтын) бірлі-жарым каверналар
III-саты-шектелген деструкция: үлкен каверналар немесе бүрексегменттерінің біріндегі поликаверналы туберкулез
IV-саты-тотальды немесе субтотальды деструкция (екі сегменттің поликаверналы туберкулез, туберкулез пионефрозы, бүйректі бор басу)
Слайд 8Клиникалық белгілері
Микобактериялардың енуінен клиникалық белгілерінің айқындалуына дейінгі мерзім орташа 8 жыл
құрайды. Ол көбіне бастапқыда өзге урологиялық аурулар,яғни созылмалы пиелонефрит, бүрек тасы ауруы,бүйрек ісігі және т.с.с. түрінде өтеді, белгісіз өтуі сирек кездеселі.бүирек туберкулезініңклиникалық көрінісіндегі мұндай өзгерістер оны айыра білуді одан әрі қиындатады
Слайд 9Диагностикасы
Анамнезінде туберкулезбен ауырғанын,туберкулезді науқастармен араласуы болғанын анықтау өте маңызды.
Б.Т-де бүйрек аймағын
физикалық зеріттеу әдістерінің мәліметі аз. Еркектердің сыртқы жыныс мүшелерінің, қуық түбі безінің, шәует көпіршігінің туберкулезге тән өзгерістерін сипап анықтаудың маңызы бор.
Лабораторлық зерттеулер. Зарде-пиурия,гематурия,протеинурия және туберкулез микобактериясын анықтау. Лейкоцитурия деңгейін сандық әдістермен анықтау нәтижелі болады. Туберкулезге зәрдің қышқыл реакциясы тән. Протеинурия-жалған,шумақтарзақымдалуынан емес, зәрдегі қабыну өнімдерінің салдары.
Слайд 10
Туберкулездің нақты белгісі-зәрде туберкулез микробактерияларын, бактериологиялық зерттеумен және биологиялық сынамамен
анықтау. Бактериологиялық әдіс-зәр тұнбасын қоректік ортаға жеделдетілген әдіспен терең егу қолданылады. Нәтижесі 2-аптадан 2,5ай аралығында дайын болады. Биологиялық әдіс-туберкулез микобактериясын анықтаудың ең сезімтал әдісі деп есептеледі.
Туберкулинмен арандатушы сынамасы-туберкулиндітері астына енгізуден кейін зәр тұнбасындағы жасушалар мөлшерін сандық әдістермен лейкоцитурия, эритроцитурия деңгейін анықтайды
УДЗ-бүйрек паренхимасының және тостағанша-түбекше жүйесінің өзгерістерін (каверналар, ізбестелген ошақтар, тастар,гидрокаликоз) айқындайды.
Слайд 11Дифференциалдыдық дигностикасы
Бүйрек туберкулезінің дифференциалды диагностикасы ең алдымен созылмалы пиелонефритпен өткізіледі. Пиелонефритке
қарағанда, нефротуберкулезге неғұрлым тән белгілер мыналар:бүйрек шаншуы,дизурия,гематурия, протеинурия,цистоскопия кезінде анықталатын белгілер,ренгендік зеріттеуде несеп жолдарының деструктивтік және стеноздық өзгерістері.
Бүйрек туберкулезінің гидронефроздан айырмашылығы-тостағанша-түбекше жүйесінің кеңіуінің біркелкі еместігі. Нефротуберкулезде тотальды ауырусыз гематурияны бүйрек ісігінен айыру қажет. Мұны айқындауға УДЗ, КТ және ангиогрфия мүмкіндік береді.
Дифференциалдыдық дигностикада бүйрек туберкулезінайқындайтын негізгі әдіс- бактериологиялық зерттеумен зәрде тубекуез микобактерияларын анықтау.
Слайд 12Емі
Қазіргі уақытта дәрімен емдеу өте нәтижелі және аурулардың көпшілігінде мүше сақтау
операциялары қолданылады. Консервативтік емдеу аурудың барлық сатыларында,оперативтік емдеу аурудың 3-4 сатысында қолданылады.
Консервативті ем:
Бір уақытта әртүрлі топтағы дәрілерді қабылдау (изоникотинді қышқылдың туындылары,антибиотиктер,химиопрепараттар)
Ұзақ мерзімді ем. Қазір жиі қолданылатын дәрі-дәрмектер: изониазид,этамбутол,протинамид,пиразинамид, майрин, циклосерин, стрептомицин, рефампицин т.б.
Слайд 13Қолданылған әдебиеттер
Мамбеталин Е.С. “Урология” Алматы 2009
Алшынбаев М.К. “Урология” Алматы
“Білім” 1998
http://www.google.ru/images?hl=ru&newwindow=1&biw=1131&bih=675&tbs=isch%3A1&sa=
http://www.google.ru/images?hl=ru&newwindow=1&biw=1131&bih=675&tbs=isch:1&btnG=Поиск&aq=f&aqi=&oq=&