Слайд 1“Астана медицина университеті” АҚ
Стоматология және бет-жақсүйек хирургия кафедрасы
Ауыз қуысының гигиеналық
жағдайы:стоматологиялық патологиясының дамуындағы маңызы.
Орындаған: Байанбаев Р.
Топ: 303 Стом
Тексерген: Дуйсебаева П.С
Слайд 2 ЖОСПАР
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім.
2.1.Ауыз қуысының гигиенасы жайлы
жалпы түсінік.
2.2.Ауыз қуысының жеке гигиенасына кіріспе. Жіктелуі.
2.3.Тіс щеткалары жайлы түсінік.
2.4.Тіс сықпалары жайлы түсінік.
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Слайд 3 Адамның ауыз қуысы жеке гигиенасының негізгі мақсаты, тіс пен ауыздың
шырышты қабығын жұмсақ қақтарынан және ас қалдықтарынан тазарту жолмен, сол сияқты, ауыз қуысын үнемі таза ұстау арқылы, стоматологиялық аурулардың және ағзаның ішкі мүшелерінің әр түрлі ауруларының дамуын және күшеюін алдын алу болып табылады.
Ауыз қуысының гигиенасы өзінде профилактикалық этиотропты және патогенетикалық механизмдерін қамтитындықтан бағалы, өйткені гигиеналық негізгі мақсаты тіс жегі мен пародонт ауруларының негізгі этиологиялық факторы саналатын тіс қағын химико- механикалық жолмен жою болып табылады.
Слайд 4Ауыз қуысының жеке гигиенасының құрал заттары:
Негізгі заттар:
тіс щеткалары;
тіс
сықпалары.
қосымша заттар:
тіс тазартқыштар;
тіс жіптері (флоссы);
тіс стимуляторлары;
ершиктер;
ирригаторлар;
тілге арналған щеткалар.
Слайд 6Тіс щеткалары
Тіс және қызылиек беткейінен тіс қағын механикалық жою тіс щеткасының
көмегімен жүргізіледі.
Слайд 7 Сонымен тіс щеткасы осыдан мың жылдай уақыт бұрын Араб еліндегі мұсылмандардан тараған.
“Арак” ағашынан дайындалған тіс щеткасы “мисуәк” деп аталған. Бертін келе тіс щеткасын 1498 жылы Қытайда шошқа терісінің қылшығынан жасаған. Оны саудагерлер Еуропаға әкелген. Бұл кезде Еуропада жылқы жалынан және борсық терісі қылшығынан жасалған тіс щеткасы қолданыста болған. Уақыт өте келе бұл щеткалардың бірі қатты, ал екіншісі тым жұмсақ болғандықтан, 1938 жылы АҚШ-ң “Дюпон” фирмасы нейлон талшығынан жасалған тіс щеткасын дайындайды. 1938 жылы 24 ақпанда Арлингтонда (Нью Джерси штаты) алғашқы нейлон өнімі-тіс щеткасы сатылысқа түсті
Сөйтіп 1961 жылы АҚШ-та электрлі тіс щеткасы қолданысқа енді. Яғни қолданып жүрген тіс щеткамыздың тарихы осындай екен.
Слайд 8 Тіс щеткасын қажетіне сай қолдана отырып, максимальді эффектілі мақсатпен ойдағы нәтижеге
жету үшін щетканы таңдағанда
өлшеміне;
формасына;
стоматологиялық және гигиеналық дәрежесіне көңіл бөлген жөн.
Қазіргі замандағы тіс щеткалары әртүрлі, алайда белгілерінің қатары бойынша оларды 5 негізгі топқа жіктеуге болады:
1. Щетканың түрі бойынша:
табиғи;
синтетикалық.
2. Щетканың қаттылығына байланысты:
өте жұмсақ;
жұмсақ;
орта жұмсақтылық;
қатты;
өте қатты
Слайд 93. Жұмыс бөлігінің өлшемі бойынша:
балаларға арналған;
жасөспірімдерге арналған;
ересектерге арналған;
біршумақтық;
арнайы тағайындалған.
4. Іске қосу әдісі бойынша:
мануальді;
автоматты.
5. Тағайындауына орай:
стандартты;
ортодонтты;
арнайы тағайындалған.
Слайд 10Тіс щеткасы 2 негізгі элементтен тұрады:
тұтқасы;
жұмыс бөлігі.
Қазіргі уақытта
тіс щеткаларын көбіне жасанды талшықтардан жасайды. Бұндай талшықтарға қаттылығына, иілгіштігіне, серпімділігіне, тазартылуына байланысты қатаң талаптар қойылады. Әртүрлі зауыттарда жасалатын тіс щеткаларын бір - бірінен жұмыс бөлігінің ұзындығымен, шумақтардың биіктігімен, қатарлар санымен, шумақтар арасындағы шумақтар биіктігімен, сонымен қатар шумақтың беткейінің формасы және бағыттылығымен ерекшеленеді.
Слайд 11Талшықтардың қасиеті.
Қазіргі кезде тіс щеткаларын дайындау үшін негізінде синтетикалық талшықтар (нейлон,
полиуретан, сетрон) қолданылады, алайда сатылымда кейде табиғи талшықтан жасалған щеткалар да кездеседі, бірақ олардың шығарылуы тым төмен.
Ұсынылған салыстырмалы міңездемеге сүйенсек, тіс щеткасын жасауға қолданылатын жасанды талшықтар табиғиға қарағанда сөзсіз басым екендігіне көз жеткіземіз.
Слайд 12Қаттылығы
Тіс щеткаларының қаттылығы талшықтардың құрамымен, щеткалардың диаметрі және ұзындығымен, және олардың
шумақтағы санымен анықталады. Жұмсақ болып нейлоннан жасалғаны саналады, талшығының диаметрі 0,2- мм-ге дейін; өте жұмсақ -0,15 – 0,18 мм, орташа қаттылық – 0,22 мм – ге дейін.
Тіс тазартудан ең эффектілі болып орташа қаттылықтағы щеткалар саналады, өйткені олардың талшықтары иілгіштеу; сондықтан бұндай щеткалар тісаралық аралықтарға, фиссураларға оңай еніп, қызылиектін жүлгені сапалы тазартады. Жұмсақ тіс щеткалары сүт тістерді тазартуға арналған, сонымен қатар парадонт ауруларының және ауыз қуысы шырышты қабатының қабыну аурулары бар науқасқа қолдануға кеңес беріледі (ұсынылады).
Қатты талшықты тіс щеткасын минералды және бейминералды тіс қалдықтарының пайда болуына жоғарғы тенденциясы бар науқастарға қолданған дұрыс.
Слайд 13Жұмыс бөлігінің өлшемі
Тіс щеткасының негізгі қызметінің бөлігі басы болып табылады. Ертеде
көбіне үлкен басты тіс щеткалары жиі қолданылған, ал қазір кіші басты щеткалармен тісті жуу дұрыс деп есептелінеді, өйткені олар ауыз қуысында оңай қозғалып, ауыз қуысының алшақ бөлімдерін сапалы тазартады. Кейбір тіс щеткаларды бүкіл щетканы ауыстырмай-ақ, тек бас бөлігін ауыстырып қана жаңартуға болады. Щеткалардың көбі 4 қатарлы түйінге ие, бірақ кейде 3 қатарлысы да кездеседі. 3 қатарлы тіс щеткалардың талшықтары жұмсақ, пародонт тініне зақым тигізбейді. Алайда 2 қатарлы щеткалар да ойлап табылды, олар сулькуларлы қызылиектін желобокты тазартуға тиімді. Бұндай тіс щеткаларды тістердің топтасқан, алынбайтын ортопедиялық және ортодонтиялық конструкцияларды қолданған ыңғайлы.
Слайд 14 Талшықтардың түйіндерінің арасындағы ең оптимальді ара қашықтық – 2,2 – 2,5
мм. Параллельді түйіндерді отырғызу ең ыңғайлы, әрі қарапайым болып саналады. Шетелде қолданылатын жұпты бағыттағы түйінді отырғызу (V – бейнелі) параллельді отырғызудан еш артықшылыққа ие емес.
Егер тіс щеткасының бас бөлігі екі, үш тісті қамтыса, бұл сапалы тазалыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Тіс щеткасының жұмыс істеу бөлігі кіші жастағы балалар үшін (1-6 жас) -18 мм., үлкен жастағы балаларға (7 жастан жоғары) – 22 мм., жасөспірімдер үшін (9 жастан) – 23-24 мм., ал ересек адамдар үшін – 23-30 мм-ге тең болу керек.
Слайд 15 Іске қосу әдісі бойынша
Соңғы жылдары елімізде электрлі (автоматты) тіс щеткалары шыға
бастады. Бұндай щеткалардың тұңғыш модельдерін XX ғасырдың 60 жылдары шықты, алайда сол кезде бұл жаналық көптеген кері ойлар шақырды. Электр тіс щеткасының басы тік бұрышты, қозғалысы тек алға жіне артқа ғана бағытталған. Осылайша тіс щеткасының тіске қатысты орналасуына қарамастан, щетка жағымсыз қозғалыстар жасады. Щеберлер бұл шығарманың зияндылығына тез арада көз жеткізіп, алдын ала орнатылған жылтыратқыш құрылғысы бар бор машинаның наконечнигіне ұқсас жаңа щетканы ойластыруға ұйғарды.
Бұл электр щеткасы қазіргі заманғы электр щеткалардың ата тегі болып табылады.
Слайд 16 Мануальді щеткалар сияқты электр щеткалары да:
гигиеналық
профилактикалық болып бөлінеді.
Жақсы электр щеткасы бірнеше жұмыс істеу жылдамдықтарын қамтамасыз етеді. Қазіргі замандағы электр щеткалардың жылдамдығы үш деңгейлі, бірақ стоматологтар қарапайым қолданушыға оның екеуі де жеткілікті екенін дәлелдеді. Әдетте электр щеткалары тазартқыш қасиеттерін жоғарылататын вибрациялы және ротациялы қозғалыс жасайды.
Ұсынылған щетканың автоматты қозғалыстардың арқасында пациентке щетканың бас бөлігімен қосымша қозғалыстар жасауға болады. Сонда пациент щетканы тек бір тістен екінші тіске орнластырып тұрады, ал щетка өзі щенберлі, сыпыру қозғалыстарын атқарады.
Слайд 17Тіс сықпасы
Қазіргі таңда тіс сықпалары кеңінен таралған ауыз қуысының жеке гигиенасының
заты болып табылады. Ол тіс үгітпесінің жаңартылған нәтижесі.
С.Б.Улитовскийдің (2003) жіктелуі бойынша , бүгінгі күні тіс сықпаларын 3 негізгі топқа бөлуге болады:
жеке – тұрмыста жеке қолдануға арналған.
арнайы – айқын емдік қасиеті бар және парафармацевтік өнімге жататын.
кәсіби – емдік стоматологиялық мекемеде кәсіби қолдануға арналған.
Слайд 18 Бірінші топ сықпаларының бірінші ұрпағына жатады: құрылысы жағынан қарапайым, тісті тіс
қағынан тазартуға және ауыз қуысынан жағымсыз иісті жоюға арналған, соңғы қасиеті әлсіз байқалады.
Екінші ұрпаққа құрылысы жағынан күрделі тіс сықпалары кіреді. Өйткені гигиеналық сықпалармен салыстырғанда, құрамына бір немесе екі емдік – профилактикалық компоненттер енгізілген. Бірақ келесі ұрпақтан әлсіздеу болғандықтан, шартты түрде «қарапайым тіс сықпалары» – деген атқа ие. Тіс жегіне, қабынуға қарсы және десенсибилизациялайтын әсер етеді.
Слайд 19Құрамында хлоргексидин, триклозан сияқты микробқа қарсы компоненттері бар тіс пасталарын іріңді
қабыну үрдістері пайда болғанда ғана, бірақ қысқа уақыт (2-3 апта) қолдану қажет. Көбінесе абразивті қасиеттері орташа және шөп экстрактылары қосылған тіс пасталарын пайдаланған дұрыс.
Комбинерленген тіс сықпаларының құрамында екі немесе одан да көп емдік – пофилактикалық компоненті бар, патологияның 1 түрінің емі мен профилактикасына ғана бағытталған. М: натрий монофосфаты мен натрий фторидінің қоспасы тіс қоспасының тіс жегіне қарсы әсерін күшейтеді.
Жүйелі тіс сықпасына құрамы 1 немесе одан да көп емдік – профилактикалық компонентті, бірақ әсері әр түрлі патологияға тиімді сықпа. М: натрий фториді мен калий нитратының қосындысы тіс жегіне және антисептикалық әсер етеді; немесе натрий монофторфосфаты және трикиоз тіс жегіне, қабынуға, микробқа қарсы әсер етеді.
Слайд 20 Тіс щеткасы мен сықпасы:
1. Щетканың қылы серпімді болу керек. Себебі ол
бұралу деформациясына ұшырайды.
2. Щетканың сабы – қатты дене.
3.Әр түрлі сықпалардың иісі де әр түрлі болады, мұны біз диффузия құбылысы арқасында сеземіз.
4. Тісті тазалау кезінде денелер бір-біріне қатысты қозғалады.
5. Тазалау кезінде үйкелістің маңызы көп. Пастадағы қоректік заттар диффузия құбылысы арқылы тіске өтіп, оған жақсы әсер етеді.
Қорытынды
Ауыз қуысының гигиеналық күтімін жүзеге асыру үшін көптеген құралдар қолданылады. Қазіргі кездегі технологиялар, бұрын пайдаланған құралдарға қарағанда, жаңа, анағұрлым тиімді ауыз қуысының гигиеналық күтіміне арналған құралдар дайындауға мүмкіндік берді. Ауыз қуысы гигиенасының негізгі құралдарына мануальды тіс щеткалары, тіс пасталары, сұйық заттар, тіс ұнтағы, сағыздар, ауыз қуысының жеке тіс аралығының гигиена құралдары, тісті ағартатын заттар, электрлік тіс щеткалары жатады.