Атеросклероз. Этиологиясы. Клиникалық көрінісі. Медикаменттік ем презентация

Мазмұны І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 1. Этиологиясы 2. Клиникалық көрінісі 3. Медикаменттік ем ІІІ. Қорытынды ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Слайд 1СӨЖ тақырыбы: Атеросклероз
Орындаған: Мұхтарұлы І.
Тексерген: Сагатбаева Н.А.
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
МЕДИЦИНА

УНИВЕРСИТЕТІ

Слайд 2Мазмұны
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Этиологиясы
2.

Клиникалық көрінісі
3. Медикаменттік ем
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер



Слайд 3Атересклероз
Эластикалық және эластикалық-бұлшық еттік типті (ірі және орта калибрлі)

артерия интимасында липидтердің, мукополисахаридтердің т.б. заттардың ошақты жиналуымен сипатталатын және сол ошақтарда пролиферациялық, фиброздық процестердің дамуымен жүретін тамырлардың кең тараған ауруларының бірі.

Слайд 4Этиологиясы
Атеросклероздың, яғни атеросклероздық түймедақтың дамуы сатылы жүреді: I бастапқы сатысы – тамырлардың

липоидозы немесе липидтік дақтар мен жолақтардың пайда болуы. ІІ сатысы – фиброздық – бұл сатыда коллаген және дәнекерлік тін өсіп-өніп, "көпіршікті" жасушалар мен холестериндік бөлшектерді қоршап, фиброздық капсуланы түзеді. ІІІ сатысы – күрделі және асқынғаннан түймедақтардың пайда болу сатысы.

Слайд 5Клиникалық көрінісі
Атеросклероздың клиникалық көрінісі патологиялық үдерістің даму деңгейінен гөрі оның орналасқан

аймағына тәуелді. Кейде тәж артериясының жалғыз атеросклероздық түймедағы өлімге әкеледі, ал шеттік артериялардың, кеуделік немесе құрсақтық аортаның ауыр атеросклерозы білдіртпей жүруі және адамның өмір сүру ұзақтығына айтарлықтай әсер етпеуі де мүмкін. Атеросклероз жайылмалы үдеріс бола тұра бір немесе бірнеше аймақтың тамырларын басым зақымдайды. Түймедақтар көбіне ірі тамырларда және аортаның тамырлар таралатын аймақтарында орналасады. Атеросклерозға ең жиі ұшырайтын тамырлар: аорта, тәж, ми, бүйрек, аяқтардың және іш қуысының артериялары.

Слайд 6Диетотерапия
Атеросклероз диетотерапиясының басты принциптері. Емінің басты тәсілі — диетотерапия. Атеросклерозды зерттейтін

еуропалық қоғамның сарапшылар тобы (1987) липопротеиндердің алмасуын қалпына келтіретін диетаның жеті "алтын" ережесін жариялады: 1. Майлардын мөлшерін азайту. 2. Гиперлипидемияның дамуына септігін тигізетін қаныққан май қышқылдарының мөлшерін күрт азайту (мал етінің майын, сары майды, қаймақты, жұмыртқаны). 3. Қанықпаған май қышқылдарына бай тағамдарды кеңінен тұтыну. 4. Клетчаткаға бай және күрделі көмірсулары мол (көкөніс, жеміс) тағамдарды молынан тұтыну. 5. Тағам дайындағанда сары майдың орнына өсімдік майын тұтыну. 6. Холестеринге бай тағамдарды күрт азайту. 7. Ас тұзының тәуліктік мөлшерін 3-5 г дейін шектеу.

Слайд 7Медикаменттік ем
1. Статиндер - симвастатин, правастатин, флувастатин, аторвастатин қолданылады. 2. Фибраттар -

фенофибрат, безафибрат, клофибрат. 3. Атеросклерозға шалдыққан науқастарға поливитаминдік терапияда жүргізген тиімді. 4. Энтеросорбенттер. 5. Санаторлық-курорттық ем

Слайд 8Асқынулық зардаптары
1. Ойық жара
2. Интрамурал гематома
3. Тромбоз
4. Эмболия
5. Қан кету
6.

Инфаркт (некроз)
7. Аневризм (шынайы, жалған, жыртылу)
8.Тамыр стенозы
9. Мүшелер атрофиясы
10. Гангрена


Слайд 9Қорытынды
Сонымен қорыта айтқанда атеросклердың алдын алу үшін темекі және алкоголь өнімдерінен

бас тартып, салауатты өмір салтын ұстану қажет, дене салмағының қалыпты болғаны да маңызды.

Слайд 10Дереккөздер
1. Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.-

Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8
2. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
3. В.Н.Ярыгина, А.С.Мелентьева. «Руководство по геронтологии и гериатрии», Клиническая гериатрия. Москва, 2008.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика