Асқорыту жүйесінің ортаңғы бөлімінің гистологиясы презентация

Слайд 1Сабақ
Асқорыту жүйесінің ортаңғы бөлімінің гистологиясы


Слайд 2Мақсаты: асқорыту жүйесінің ортаңғы бөлімінің мүшелерінің құрылымдық ұйымдасуы, олардың диагностикасы, сондай-ақ

микроскапиялау дағдылары, ортаңғы мүшелердің (асқазан, жіңішке және жуан ішектер) гистологиялық препараттарының суретін салу бойынша білім алу және бекіту.


Слайд 3Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Асқазан, морфофункциялық сипаттамасы, эмбриондық даму көзі. Асқазан

қабырғасының құрылысы.
2. Асқазан бездері, оның жасушалық құрамы.
3. Жіңішке ішек, эмбриондық даму жолы және көзі. Жіңішке ішектің қабырғасы құрылысы. Жіңішке ішектің әр түрлі бөлімдеріндегі шырышты қабаттың құрылыс ерекшеліктері.
4. Жуан ішек, эмбриондық даму жолы және көзі. Жуан ішектің қабырғасы құрылысы. Шырышты қабаттың құрылыс ерекшеліктері.
5. Асқорыту жүйесінің ортаңғы бөлімі мүшелерінің жасқа сай ерекшеліктері.


Слайд 4Бастапқы білім деңгейлерін бағалауға арналған бақылау сұрақтары:
1. Асқазан қандай қызмет атқарады?
2.

Асқазанның қандай бездерін ажыратады? Олардың жасушалық құрамы қандай?
3. Жіңішке ішектің шырышты қабатының рельефі несімен айырықшаланады?
4. Ішек бүрі дегеніміз не?
5. Ішек бүрі эпителийінің жасушалық құрамы қандай?
6. Жуан ішектің шырышты қабығының рельефін сипаттаңыз.


Слайд 5Қорытынды білім деңгейлерін бағалауға арналған бақылау сұрақтары:
1. Асқазанның шырышты қабығы рельефі

несімен ерекшеленеді?
2. Асқазанның шырышты қабығын қандай эпителий астарлайды? Оның жасушалары қандай қыметтер атқарады?
3. Ішек бүрлерінің эпителий жасушалары қандай қызметтер атқарады?
4. Ішек крипталарының эпителиінің жасушаларын атаңыз. Олар қандай қызметтер атқарады?


Слайд 6Қорытынды білім деңгейлерін бағалауға арналған ситуациялық есептер:
1. Асқазан сөлінің сараптамасы қышқылдың

бірден төмендегенін көрсетті. Бұл асқазанның қандай жасушалары қызметтерінің бұзылуына байланысты болуы мүмкін?
2. Асқазанның қандай қабатына бездері орналасады? Осы сауалға студенттердің бірі – шырышты, екіншісі шырыш асты, ал үшіншісі екеуінде деп жауап берген. Олардың қайсының жауабы дұрыс?



Слайд 73. Зерттеушінің алдына қабырғаішілік асқорыту және сору процесін зерттеу міндеті қойылған.

Бұл мақсат үшін қандай морфологиялық обьект қолданылуы керек?
4. Жарық микроскоптың көмегімен асқорту жүйесі мүшелерінің гистоқұрылымдарын зерттеу барысында, оның тереңдетілген крипталарының, эпителиінде көп мөлшерде бокал тәрізді жасушалары бар екендігі көрінді. Препаратта қандай мүше берілген?



Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика