Асқазан ішек трактісінің микрофлорасы: ауыз қуысының, өңештің, асқазанның, аш ішектің презентация

Ас қорыту жолының микрофлорасы өзінің сандық және сапалық құрамы бойынша көп өкілді болып табылады. Мұнда микробтар ас қорыту жолында еркін мекендеп, шырышты қабықта биологиялық үлбір күйінде колония

Слайд 1Асқазан ішек трактісінің микрофлорасы: ауыз қуысының, өңештің, асқазанның, аш ішектің.


Слайд 2 Ас қорыту жолының
микрофлорасы өзінің сандық және сапалық

құрамы бойынша көп өкілді болып табылады. Мұнда микробтар ас қорыту жолында еркін мекендеп, шырышты қабықта биологиялық үлбір күйінде колония түзеді.

Слайд 4 Ауыз
Ауыз қуысында

көптеген микроорганизмдер тіршілік етеді. 1 мл сілекейде 108 бактерия мекендейді. Бұған ауызда тамақ қалдығының қалуы, қолайлы температура (37 С) және ортаның сілтілі реакциясы әсер етеді.

Слайд 5 Анаэробтар аэробтарға қарағанда 100 есе көп. Мұнда әртүрлі бактериялар

мекендейді: бактероидтар, превотеллалар, порфиромонадалар, бифидобактерия, эубактерия, фузобактерия, лактобактерия, актиномицет, нейссерия, спирохеталар, стафилококтар, т.б. Сонымен бірге Саndida туыстастығының саңырауқұлақтары және қарапайымдылар (Еntamaeba gingivalis, Trichomonas tenax) табылады. Бактериялардың әрбір түрінің белгілі топографиялық таралуы бар.

Слайд 6 Стрептококтың әрбір түрі әр жерде орналасады: ұрт эпителиінде -

S. мitior, тіл өзектері мен сілекейде - S. salivarius, тісте- S. mutans. Актиномицетттер тілде, иек қалтасында, тіс дақтары мен сілекейде көп мөлшерде кездеседі. Қалыпты микрофлора мен олардың тіршілік өнімдері тіс күсін түзеді.

Слайд 10 Ауыз микрофлорасының құрамы тіл мен сілекейдің механикалық әсерімен реттеледі:

микробтар шырыш қабаттар мен тістен сілекеймен шайылады ( адам күніне 1 литр сілекей жұтады). Сілекейдің антимикробтық құрамы, әсіресе лизоцим, антидене (секреторлы Іg А), бөгде микробтардың эпителиоцитке жабысуын тежейді. S. sanguis, S. mutans бактериялары сахарозаны жасушадан тыс полисахаридке (глюкондар, декстрандар) айналдырады, олар тіс беткейіне жабысуға қатысады. Шырышты қабықтың эпителиоцитін қаптап тұратын фибронектин микрофлораныңтұракты колонизациялануына ықпал етеді. Фибронектин аз болғанда, грам оң бактриялар грам теріске айналады.

Слайд 11

Өңеште микроорганизмдер әдетте болмайды.

Слайд 12 Асқазан. Асқазан микрофлорасы лактобациллалар, ашытқылар, бірен- саран кокктар мен

грам теріс бактериялардан тұрады. Бактерия концентрациясы 1 мл -де 1000 төмен. Ішек микрофлорасына қарағанда мұнда асқазан сөлінің рН - ы қышқылды болғандықтан микроорганизмдер аз болады. Қалыпты жағдайда асқазан -патогенді микробтарды тежейтін өзіндік залалсыздандырушы камера (тұз қышқылы, пепсин ізашары -пепсиноген және т.б.). Асқазанның ойық жарасы, гастрит ауруларында Неlісobacter туыстастығына жататын иілген пішінді бактериялар анықталады, олар көптеген патологиялық процестердің ( гастрит, ойық жара, ісік) этиологиялық факторы болып табылады.

Слайд 15 Ащы ішек. Ащы ішектің 1 мл -де 105 -

108 микроорганизмдер болады. Олар - бифидобактериялар, лактобактериялар, клостридиялар, эубактериялар, энтерококтар, порфиромонадалар, превотеллалар және анаэробты коктар.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика