Қартаң жастағы науқастарды күту презентация

Содержание

Соңғы жылдарда өткен демографиялық процестің анализінде экономиканы жоғарғы мемлекеттің халықтың жастық структурасында қарт адамның жоғарылағаны анықталды. Осыған байланысты қарт адамдарда аурудың пайда болуының, ағымын, емін және профилактикасының ерекшелігін білу үлкен көмек

Слайд 1 Тақырып: Қартаң жастағы науқастарды күту

Орындаған: Савит Ауғанбай 120топ Тексерген: Рахимбаева С. Ж.

Слайд 2Соңғы жылдарда өткен демографиялық процестің анализінде экономиканы жоғарғы мемлекеттің халықтың жастық

структурасында қарт адамның жоғарылағаны анықталды. Осыған байланысты қарт адамдарда аурудың пайда болуының, ағымын, емін және профилактикасының ерекшелігін білу үлкен көмек көрсетеді. Медицина және биологиядағы бөлім тірі организмдердің заңды кәртейуін зерттеуін грентология деп атайды, (грек сөзі geron- қарт адам, logos- ғылым). Геринтологияның қосалқы бөлімі гериатрия қарт адамдардағы ауруды зерттейді.

Слайд 3Қазіргі уақытта физиологиялық қартаю анықталды, онда физикалық халі жақсы сақталуын, ақылдың

белсенділігі, жұмысқа қабілеттілікті, айналадағы ортаға қызығушылықты сипаттайды. Өкінішке орай көп адамдар ерте қартаюдың пайда болуымен бетпе-бет келеді. Бұл кезде әр-түрлі ағзаларда және жүйкелерді жастық өзгерістер өте келе пайда болады, осыдан организмнің компенсаторлы күші төмендейді.

Слайд 4Герантология және гериантрия мәселелерінде медициналық және әлеуметтік жағдайдың әсерін есепке ала

отырып, қазіргі кезде «өмір ұзарту» ғылыми зерттеу комплекстерінің программасы құрастылуда. Бұл программа организмнің қартаю механизімін анықтауға ( горманальдық және генетикалық), соның ішінде молекулалық және клеткалық деңгейде, иммунитеттің жастық өзгерісін зерттеуге, қарт адамдардағы негізгі потологияға әкелетін себептерді анықтауға бағытталған.

Слайд 5Көптеген аурулардың науқас адамдағы ағымдық сипаты өзіне сәйкес ерекшеліктері де болады.

Ауру структурасына байланысты қарт адамдарда негізгі орында мынандай потологиялар тұрады: жүректің ишемиялық ауруы, гипертониялық ауру, қант диабеті, тыныс алу ағзаларының аурулары, тірек-қимыл аппаратының аурулары. Бұл жағдайларда пациенттерде 1 ауру сирек болады, көбінесе 2-3 немесе одан да көп аурулардың қосылуы мүмкін.Осындай жағдайлар науқас адамның жағдайын нашарлатады және болжамы жаман болуы мүмкін.

Слайд 6Көптеген кең таралған аурулар қарт адамдарда жасырын өтуі мүмкін, клиникалық симптомдары

анық емес болады, бірақ сонымен қатар ауыр асқынуларға бейім болады. Мысалы инфекциялық және қабыну аурулары қарт адамдарда жиі дене температурасының жоғарылауынсыз өтеді, бұл организмнің реактивтілігінің төмендеуін көрсетеді. Кей жағдайларда қарт адамдарда жедел хирургиялық араласудың клиникалық симптомдары анық емес болады (мысалы, іш қуыс ағзалары), бірақ олар жедел операцияны қажет етуі мүмкін.

Слайд 7Қарт адамда оның жағдайын нашарлататын бірнеше аурудың болуы көп жағдайда толық

зерттелмеудің нәтижесі. Қосалқы аурудардың болуы (мысалы ауыр өтетін гипертониялық ауру, жүрек ритімінің бұзылуы, ішкі ошақты миокарт инфарктісі) көбінесе асқазан-ішек жолына керекті эндоскопиялық зерттеудің жасалуына кедергі болады т.с.с Осының салдарынан ауру диагнозы толық анықталмайды, және ем эффективті болмайды.

Слайд 8Көптеген дәрілік препараттардың әсер ету ерекшелігі қарт адамдарды емдеуде қосымша кедергі

туғызады. Біріншіден, қарт адамдардағы асқазан-ішек жолының шырышты қабатының өзгерісі дәрілік препараттың сіңірілуін нашарлатады, осыдан емдік әсері және оның айқын көрінісі кем көрінеді. Өз кезегінде егде адамдарда жастарға қарағанда бауырдың залалсыздандыру функциясы және бүйректің шығару қасиеті төмен, осыдан дәрілік заттардың және олардың метоболизм өнімдері ағзадан баяу шығарылады. Бұл кумуляцияға әкеледі.

Слайд 9Қарт адамның клеткаларының реактивтілігін төмендегі қабылдаған препараттың әсерін төмендетеді немесе мүлдем

жоқ болуының себебі болады. Сонымен қатар дәрілік терапияның жанама әсерлерінің көрінуі қарт адамда жастарға қарағанда жоғары болуы мүмкін. Жоғарыда айтылғандарға байланысты, әр бір қарт адамға өзіне сәйкес индивидуалды препараттың мөлшерін өлшеп беру керек.

Слайд 10Қарт жастағы адамдарды күту кезінде диагностикаға көп көңіл бөлу керек. Тіпті

қарт адамдарға оларды ауруханаға жатқызу қалыпты жағдай болып көрінбеуі мүмкін. Егде жастағы адамдар мен қарт адамдарға өздерінің үйреніп қалған өмірлік стереотипін өзгерту және жаңа жағдайларға бейімделу қиынға түседі. Тіпті мынандай жағдай да кездескен, психикасы сау қарт адамдарды ауруханада емдеу кезінде олардың кеңістікте және уақыттағы ориентациясы бұзылған және жалпы жағдайы дұрыс жүргізілгеніне қарамастан прогрессивті түрде нашарлай түскен.

Слайд 11Сол себепті ауруханаға жатқызуға абсолютті көрсеткіштер болғанша қарт адамдарды үйде отбасының

қармауында ұстаған жөн. Егер тіпті ауруханаға жатқызу міндетті болса, онда қарт адамдарға ауруханада жату уақытша екендігін түсіндіріп, жүргізілген емнен кейін міндетті түрде үйіне қайтатындығын түсіндіріп айту керек.

Слайд 12Егде жастағы және қарт адамдарды күту кезінде олардың психикалық ерекшеліктерін ескеру

керек. Кейбір адамдар өздерінің қартайып бара жатқандығын мойындамай жас кезіндегі өмір жағдайын жүргізіп, физикалық және психикалық жүктемелер түсіреді, тамақтану, ұйқтау, демалу режимін сақтамайды. Осы жағдайлардың бәрі көптеген аурудың жаман дамуына, тез өршуіне және асқынуына алып келеді. Сондықтан науқасты тағайындалған режимді сақтау керектігіне көндіру өте маңызды.

Слайд 13Қарт адамдар және егде жастағы адамдар уақыт өзгерісіне өте сезімтал болады,

соған байланысты белгілі бір зерттеуді тағайындаған кезде, зерттеуді тура уақытында жүргізу керек. Егде жастағы адамдар достары мен жақындарынан айрылғандаы ауыр көтереді және жаңа достармен әрең тіл табысады. Егде жастағы адамдарда жиі есте сақтау қабілеті бұзылысы кездеседі. Ондай жастағы науқастар бірнеше жыл бұрын өткенді жақсы есте сақтайды, ал қазіргі кезде болған хабарларды есте дұрыс сақтай алмайды және шатастырып алуы мүмкін.

Слайд 14Осы ерекшеліктер науқастардан анамнез жинауды қиындатады. Сол себепті анамнезді туыстарынан сұрастыруға

тура келеді. Осындай науқастарды күту кезінде әр нәрсеге мұқият және шыдамды болу керектігін және бірнеше рет қойылған сұрақтың қайталануына қарамастан сыпайы жауап беру керектігін, дәріні қабылдау уақытын, процедуралардың жүргізу уақытын үнемі есіне салып отыру қажет.

Слайд 15Егде жастағы және қарт адамдармен сөйлесу кезінде олардың жасына байланысты, өмірінің

аяқталуы туралы еш нәрсе айтуға болмайды. Олармен кездескен кезде оларды кішірейтіп, еркелетіп «бабуся», «дедуля» деп айтуға болмайды. Бұл медицина қызметкерінің мәдениетінің төмендігін көрсетеді, науқас қарт адамдарға аты және әкесінің атыменен атау керек.

Слайд 16Егде және қарт жастағы науқастар жиі ұзақ ауыратын, созылмалы аурумен ауыратын,

тіпті кейде жазылмайтын аурумен ауыратын адамдар қатарына жатады. Қарт науқастардың күтуін жоспарлау кезінде белгілі бір жағдайға байланысты олардың арнайы қарттарға арналған интернатта тұру туралы сұрақтар бірінші қаралу керек.

Слайд 17Егде жастағы науқастарды күту кезіндегі оптималді емдеу сауықтыру режимін қалыптастыру маңызды

рөл атқарады. Егде және қарт жастағы науқастарда жиі ұйқысының бұзылуы кездеседі, ондай науқастар күндізгі уақытта ұйқтап, ал түнде сергек болумен, кітап оқумен, жүрумен, тамақ ішумен, қоршаған ортада есінің дұрыстығына күмән келтіруі мүмкін. Мұндай жағдайларда тыныштандыратын және ұйқтататын дәрі тағайындауға асықпау керек, өйткені ұйқының бұзылысы әр түрлі себептерге байланысты болуы мүмкін.

Слайд 18Егде жастағы ер адамдарда жиі кездесетін аурулардың бірі ол аденомды предстатол

темірінің көп болуының нәтижесінде зәрді ұстай алмауы. Бұндай науқастар жиі дәретханаға барғандықтан ұйқы бұзылысына әкеледі. Бұл жағдайда науқас жанына зәр алатын ыдыс әкеліп қойған дұрыс. Ұйқы бұзылысының тағы бір көрнісі ол төсектің ыңғайлы еместігінде. Яғни қарт адамдардың көбінде остеохондроздың болуы, палатаның желдетілмегенінен және көрші науқастардың қорылынан ұйқы қашады.

Слайд 19Яғни қорытындылайтын болсақ, егде және қарт адамдарда жастарға қарағанда қалпына келу

процессі өте баяу жүреді, ал бұл ұзақ уақыттық терапияны қажет етеді. Егер қойылған тәртіптерді үнемі сақтап, ерік-жігер күшін алдыға қойса, онда тез сауығып кетуге мүмкіндік туады, қандай ауыр жағдай, қандай ауыр ауру болмасын (мысалы, инфаркт миокарда, ми қанайналымының бұзылуы). Бүл жерде тағы үлкен рол атқаратын жағдай ол- қартаң жастағы науқастарды күте білу.

Слайд 20Назарларыңызға рахмет!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика