Амелобластома. Макроскопиялық көрінісіне байланысты түрлері. Дифференциалды диагностикасы презентация

Жоспары І. Одонтогенді ісіктер ІІ. Негізгі бөлім 1. Амелобластома 2. Макроскопиялық көрінісіне байланысты түрлері 3. Дифференциалды диагностикасы

Слайд 1 Амелобластоманың морфологиялық диагностикасы
Хамитова Айдана


Слайд 2Жоспары
І. Одонтогенді ісіктер
ІІ. Негізгі бөлім
1. Амелобластома
2. Макроскопиялық

көрінісіне
байланысты түрлері
3. Дифференциалды диагностикасы
4. Емі
ІІІ. Қорытынды
.


Слайд 3Одонтогенді ісіктер - пайда болуы тіс-жақ жүйесімен байланысты ісіктер болып табылады.

Олар тістің әрбір тінінен – эмальдан, дентиннен, цементтен немесе үшеуінен бірдей өседі. Одонтогенді ісіктерге : жақ кисталары, амелобластома (адамантинома), одонтома, остеобластокластома, цементома және т.б. жатады

Слайд 4АМЕЛОБЛАСТОМА (АДАМАНТИНОМА)
Эмальдік мүше эпителийінен немесе Маляссе жасушаларына

ұқсас эмбирон эпителийі қалдығынан пайда болатын, тіске байланысты өсетін ең жиі кездесетін ісік.
Нәрестелер мен қарттарда да кездесуі мүмкін, бірақ, ол негізінен 21 мен 40 жас аралығындағы адамдарда кездеседі. Әйелдер көп ауырады.
Ісік жиі төменгі жақтың бұрышы мен өсінділерінде және төменгі ақыл тістер аймағында, сирек жақ денесінде кездеседі.


Слайд 5 Адамантиноманың белгілері:

1. Бетінде ассиметрия байқалуы.
Зақымдалған

жағында ісінулер көрінуі.
Кортикалды пластинканың жұқаруы.
4. Үлкен көлемге жеткен ісіктер кезінде науқас шайнау, сөйлеу
тіпті демалудың киындауына шағымданады.
5. Тісті жұлдырғаннан кейінгі ұзақ уақыт жазылмауы,бұлыңғыр
сұйықтық бөлініп тұруы.
6. Жақта және тістердегі үнемі ауыру сезімі.


Слайд 6 Макроскопиялық көрінісіне қарай
амелобластоманың

2 түрін
ажыратады



Көлемді

Кисталық


Слайд 8Рентген суретте амелобластомалар бір немесе бірнеше камералы қуыстар болып көрінеді. Кейде

кортикалды пластинкаға әртүрлі тереңдікте батып, бір қарағанда, қуыс араларында перделері бар көп кисталы ісік сияқты жалған көрініс береді. Әдетте көлемді амелобластомалар рентген суретте түрліше жарық өтетін бір үлкен камера болып көрінеді. Аса үлкен көлемді бола тұра сүйектің кортикалды пластинкасы жұқарғанымен, оны аса көп томпайтпайды, бұзып өтпейді. Кисталы түрі араларында сүйек тіндері сақталған есепсіз көп ортадан өсіп шыққан жеке қуыстарға ұқсайды. Орасан үлкен қуыс пайда болса да ісіктің негізгі бөлігі, белгілі киста аймағынан алыс орналасып, өсе келе олар бір-бірімен жалғасып кетеді. Сирек жағдайда ісік қатерлігі өтуі мүмкін. Ол кезде ісік шеті анық емес, тегіс емес, араларындағы сүйектік перделер жоқ болып жақ сүйегінің сынуына алып келеді.


Слайд 9Компьютерная томография амелобластомы


Слайд 10Аталған айырмашылықтар ісікті шамалап қана анықтауға мүмкіндік береді. Нақты дәлелді биопсиялық

зерттеу ғана көрсетеді

Слайд 11Амелобластоманың емі
Амелобластомаға киста тәрізді ота жасау, айтарлықтай

нәтиже бермейді. Ісікті сау сүйекті қамти мұқият қырнап сылып алу кейбір адамантиномаларды емдегенде тәуір нәтиже беруі мүмкін. Ісік қайта шығып малигнизация қаупі орын алмас үшін, ісікті оның айналасындағы сау тіндермен қоса алып тастау керек. Әдетте жақ сүйегіне резекция жасалынады. Бірақ кесіп алу-резекция қатерлі ісіктерге қарағанда сәл азырақ жасалынады. Егер адамантинома жақ айналасындағы тіндерге өткен болса, онда субпериосталды резекция жасаумен шектелу жеткіліксіз. Зақымдалған жақ айналасындағы тіндерді де қоса алып тастау керек.


Слайд 13Емдеуге дейін


Слайд 16Емдеуден 20 күннен кейін


Слайд 19Қорытынды
Хирургиялық жолмен емделген науқастардың 70% жуығы сауығады. Бұл

науқас үшін қолайлы жағдай болып саналады. Ал дұрыс уақытында емделмеген жағдайда ауру қатерлі ісікке айналады. Қатерлі ісікке айналған амелобластома басқа мүшелерге метастаз беріп, басқа ағзаларды зақымдайды. Бұл аурудың қолайсыз жағы.


Слайд 20Назарларыңызға рахмет!!!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика