Аддиктивті бұзылыстар. Түрлері. Химиялық және химиялық емес аддиктивті бұзылыстардың клиникалық ерекшеліктері презентация

Содержание

ЖОСПАРЫ: 1.Кіріспе 2. Негізгі бөлім Аддиктвті бұзылыстар.Аддиктология. Аддиктивті мінез-құлық. Аддиктивті мінез-құлыққа әкелетін тұлғалық ерекшеліктер. Жіктелуі және олардың анықтамасы. 3. Қорытынды 4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Слайд 1СӨЖ ТАҚЫРЫБЫ: АДДИКТИВТІ БҰЗЫЛЫСТАР.ТҮРЛЕРІ.ХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ЕМЕС АДДИКТИВТІ БҰЗЫЛЫСТАРДЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

ЭТИОПАТОГЕНЕЗ.ЕМІ. ОРЫНДАҒАН:ЖАКСЫЛЫК С.П

.


Слайд 2ЖОСПАРЫ:
1.Кіріспе
2. Негізгі бөлім
Аддиктвті бұзылыстар.Аддиктология.
Аддиктивті мінез-құлық.
Аддиктивті мінез-құлыққа әкелетін тұлғалық ерекшеліктер.
Жіктелуі және

олардың анықтамасы.
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Слайд 3Қазіргі қоғамда адамдар арасында, әсіресе адамдар ортасында, аддиктивті мінез-құлықтардың таралуы өзекті

мәселелердің бірі болып табылады.Бұл процестің адамды баурап алатындығы соншалық, онынң өмірін басқаруға көшеді. Адамдар өз сезімдерінің алдында әлсіз қалыпқа түседі. Адамдар өз сезімдерінің алдында әлсіз қалыпқа түседі. Ол адамның өмір шартының бұзылуына, отбасылық жанжалдардың туындауына, туыстары мен жақындарын жоғалтауына, күрделі эмоционалдық жағдайға тап болуына, стереотиптер мен әдеттердің күрт өзгеруіне алып келеді. Адамзат қоғамында түрлі сипаттағы девиантты жүріс тұрыстардың көптеп таралуы мұны ғылыми тұрғыда талдап, биологиялық, медициналық және әлеуметтік жағынан қарастыруды талап етеді.

Слайд 4АДДИКЦИЯ
Аддиикция (англ. addiction — зависимость, пагубная привычка)- интенсивті эмоциялардың дамуымен, кейбір заттардың

немесе тұрақты сыртқы ортаның ықпалының әсерінен шынайы өмірден бас тартумен сипатталатын деструктивті мінез құлық. Бұл психикалық ауру қаупін арттыратын немесе әлеуметтік проблема болып табылатын қандай да бір нәрсеге патологиялық тартылу.

Слайд 5АДДИКТОЛОГИЯ
- аддиктивті бұзылыстарды, аддиктивті мінез-құлықты зерттейтін ғылым.Аддиктология- аддикцияның пайда болу

себептерін, механизмдерін, клиникалық және психикалық симптомдарын, динамикасын, коррекция әдістерін және емдік терапияны қарастырады.

Слайд 6АДДИКТИВТІ МІНЕЗ ҚҰЛЫҚ ФОРМАЛАРЫ:
1)денеге қашу-өзін физикалық және психикалық тұрғыда жақсарту;
2)жұмысқа қашу-қызметіне

көп көңіл бөлу;
3)қарым-қатынасқа немесе жалғыздыққа қашу- тұрақты түрде біреумен сөйлесуге немесе жалғыз қалуға ұмтылу;
4)қиялына қашу- иллюзия және қиял әлемінде өмір сүру.

Слайд 7АДДИКТИВТІ БҰЗЫЛЫСТАРДЫҢ СЕБЕПТЕРІ
Жүктілік патологиясы
Ауыр босанулар
Ауыр және созылмалы арулар
Бас-ми шайқалуы
Балалардағы гиперкинетикалық

бұзылыстар(СДВГ)
Алкоголизм немесе наркомания
Психикалық аурулар

Отбасы қоғамының бұзылысы
Отбасындағы қате тәрбие:
- гипер-/гпоопекающий
Бос уақытты дұрыс қолданбау
Жасөспірімдерде өмірлік ұстанымдардың болмауы
Мақсаттылы аддиктивті еліктеру

Биологиялық

Әлеуметтік

Психологиялық




Слайд 8АДДИКЦИЯНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ:
Алғашқы қадам
Тәуелділіктен жиі эпизодтары айналып және керекті әдеті қамтамасыз

етіледі «тәуелділік ырғағы»
Айқын тәуелділік мінез-құлық кезеңі
Физикалық тәуелділік - есірткі тұтыну басым болып, адам өмірінің барлық аспектілерін басқарады, көңіл-күй арттыру әсері жоғалады.
Толық физикалық және психикалық тозуы

Слайд 9АДДИКТИВТІ БҰЗЫЛЫС КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Химилық аддикция:
алкоголизм, темекі шегу,наркомания,токсикомания,дәрілік;
Тағамдық аддикция: тым артық тамақтану;

аддиктивті аштық;
Химиялық емес:
- компьютерлік, гемблинг(құмар ойын),интернетке, ғашықтық,сексуальды, жұмысбастылық,шопоголик(сатып алу),адамдарға, спорт, дін аддикциясы,ұялы телефонға, гаджет, теледидар аддикциясы.


Слайд 11Алкоголизм – токсикоманияның бір түрі, алкогольге тәуелділікпен байланысты психикалық және физикалық

тәуелділік түрі. Алкоголизм ішілген ішімдіктің санын бақылай алмаумен сипатталатын, аллкогольге толеранттылықтың, абстинентті синдроммен, ағзалардың токсикалық зақымдалуымен, естің төмендеуімен сипатталатын ауру.

Слайд 12Токсикомания – бұл клей, лактар және басқа да тұрмыстық химиялық препараттары

секілді денсаулыққа улы, зиян, уытты заттар мен кейбір медикаменттерді мөлшерден тыс пайдалану. Оларды пайдаланған кезде бастапқыда әлсіз масаңсу (эйфория) туындайды, содан соң есінің шатасуы, бейімделудің жоғалуы, құсу пайда болады. Кейбір заттар сандырақ, алдамшы қабылдау, иллюзия, өзінің мүмкіндіктерінің шексіздік сезімін, ойлау қабілетінің бұзылуын, өзін-өзі бақылаудың жоғалуын шақыруы мүмкін. Дозаларының жоғарылауы тырыспалар мен өлімге әкеліп соқтырады. Еріткіш топтары заттарын қабылдауды доғару, көбінесе депрессия мен ашуланшақтықты шақырады. Уақыт өте келе оларда жұмыс істеу қабілеті төмендеп, есте сақтауы бәсеңдейді, содан соң себепсіз қорқыныштар, күдіктілік, ұйқының бұзылуы туындайды. Нашақорлардың тері жабындылары өзгеріске ұшырайды: сұр, боз, әжімді бола бастайды, тістері бұзылады, асқазан-ішек жолдары, жүрек қан-тамыр жүйесі, бауыр өзгерістерге ұшырайды, бала туу функциясы бұзылады, ұрпақтары зардап шегеді.

Слайд 13Нашақорлық-наркомания (грек тілінен narke – мелшию және manіa – ессіздік, құтырыну)

– есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру.
Марихуана
Героин
Кокаин
Экстази


Слайд 14Марихуана
Марихуана– кептірілген, ұсақ туралған жапырақтың, тұқымдар мен жасыл, қоңыр немесе сұр

түсті сора гүлдерінің қосындысы. Марихуана – көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда көп таралған заңсыз есірткі.
Марихуананың ықпалындағы адамның басы айналады, жүрісі бұзылады, үнемі күле береді және есте сақтау қабілеті төмендейді.
Марихуананы шегуді кейбіреулер денсаулыққа зиян емес деп санайды. Алайда, ол денсаулыққа үлкен зиян келтіреді.
Героин
Героин - ең алдымен опий пайда болды, содан кейін одан морфин алынды, одан героин шығарылды. Героин өзінің есірткілік белсенділігімен морфийннен әлдеқайда асып түседі. Ол қыздырғаннан кейін тамырға егіледі, шегіледі, онымен демалады. 2008 жылдың 8 айы ішінде Астана қаласында героиннің дозасын асырып қолданғаннан 19 жастан 30 жасқа дейін 48 адам көз жұмған.
Нашақорлардың түн ұйқылары бұзылады, артериалдық қан қысымы төмендейді, ине салу нәтижесінен тамырлары тесіледі, бауыры мен бүйректері ауырады, организмі дене және психологиялық жағынан әлсірейді, гепатит пен СПИД-ке шалдығады, ақырында өлімге әкеп соғады.


Слайд 15Кокаин
Кокаин – коки өсімдігінен шығарылған, негізінен ақ ұнтақ тәріздес есірткі. Кокаин

ұнтағын ұсақтап мұрын арқылы тартады немесе тамырға енгізу үшін езеді.
Кокаинді тек бай адамдар қолдана алады, себебі оны сатып алу үшін аптасына мың доллардан астам ақша жұмсалады. Оған тез үйреніп кетуге болады. Кокаинді қолданушылар паранойд болып келеді, олар миына қан құйылуынан, жүректің қысылуынан кенеттен өліп кетеді.
Алғашқы дозадан алған жақсы әсерлерді сезіну үшін кокаинді жиі және көптеп қолдану керек болады. Есірткіні алғашқыда эйфорияны сезіну үшін енгізсе, кейін тек өзін жақсы сезініп, күйзелу немесе шаршаған жағдайын кетіру үшін қолданады. Қолданудың ақыры – сандырақтауға, дем алуының бұзылуына, есінен тануына, ақырында өлімге әкеліп соғады.
Экстази
Экстази– 1987 ж. Испанияда болған бір дискотекада «экстази» таблеткасын (метилендиоксиметиламфетамин) музыкамен біріктіруден болған эффект «ашылды». Экстази қолданғаннан кейін жеңілдік сезіледі, күш-қуаты күшейеді, көңіл көтеріп, бірнеше сағат қатарымен шаршамай билеуге болады. «Экстази» 2 сағаттан 8 сағатқа дейін әрекет етеді. Алайда «Экстазиден» қайтыс болған-дардың саны көп. Ол ең қауіпті есірткі құралдарының қатарына сана-лып, БҰҰ-ның барлық елдерінде тыйым салынған. Осы есірткіні қолдан-ған кезде адамның ми клеткалары, бауыры, бүйрегі бұзылады, жүйкесі бұзылады, тамырлары қысылады, ақырында өлімге әкеліп соғады.

Слайд 16Дәрілік тәуелділік – препаратты ұзақ уақыт бойы және қайталамалы қабылданғанда дамитын

және препаратты алып тастағанда пайда болатын денсаулығының күрт төмендеуімен сипатталатын синдром. Ең жиі кездесетін психотропты дәрілік препараттарға, глюкокортикостероидтарға тәуелділік , абстиненциямен жиі байланысты. Депрессивті және соматоформды бұзылыстары бар науқастарда седативті дәрілерге де тәуелділік болуы мүмкін.

Слайд 17Темекі - заңды түрде қолдануға болатын есірткі түрі.
Шылым шегу – зиян қызмет,

оған күш салмай тастауға болмайды. Ол нағыз нашақорлық, және оны көбі шындап көңілдеріне алмайтыны, аса қауіпті.
Темекінің
Ас қорытуға
Асқа деген тәбетті қайтарады.
Ас қорытуды қиындатады.
Тісті сарғайтып, ауызды сасытады.
Асқазанда жара пайда болады.
Ерін, тіл және өңеш рағына жол ашады.
Тыныс алуға
Темекі
Жөтел және қақырық пайда болады.
Созылмалы тыныс жолдары қабынуына әкеліп соқтырады.
Көмекей және өкпе рагына тап болушылардың 90 пайызының себебі темекіден.



Слайд 18Қан айналымына
Тамырды қатайтады (атересклероз).
Қол, аяқ тамырлары бітеді, гангрена (тән талшықтарының жансыздануы,

шіруі) пайда болып, қол – аяқ кесіліп, кемтарлыққа дейін апарады.
Миды қамдайтын тамырларды да қатайтып, салдануға себепші болады.
Жүрек ауруларына, әсіресе жүрек бұлшық еті инфарктіне (жүрек ұстамасы) қолайлылық туғызады.
Басқа да зардаптары
Есте сақтау қабілетін азайтады.
Көңілсіздікке душар етеді.
Ұйқыны азайтады.
Теріге әжім түсіреді.
Темекі тартатындардың төңірегінде темекі тартпайтындар да уланып, мазасызданады.
Ер - әйелдің жыныстық тәбетсіздігінің басты себептерінің бірі.
Өте ескерусіз келе жатқан және бір зияны, темекінің өртке себепші болуы.


Слайд 19ОЙЫН АДДИКЦИЯСЫ – ГЭМБЛИНГ
Ойын аддикцияларын басқаша гэмблинг (gambling- ойнау), немесе

лудомания дейді.Бұл аддикция түріне жатады: казино, карта, ойын автоматтары, басқа азартты ойындарына тәуелділік осыған жатқызылады.

Слайд 20ҒАШЫҚТЫҚ АДДИКЦИЯСЫ
Қандайда бір объект жанында болу құмарлығы барлығынан асып түсіп, сол

үшін өз жұмысын, жақындарын құрбандыққа шалуға дейін барады.

Слайд 21ИНТЕРНЕТ АДДИКЦИЯ –ХИМИЯЛЫҚ ЕМЕС ТҮРІ.АДАМНЫҢ ШЫНАЙЫ ӘЛЕМІНЕН ГӨРІ, ВИРТУАЛЬДЫ ӘЛЕММЕН ӨМІР

СҮРУ.

Слайд 22ШОПОГОЛИЗМ
Трудоголизм-
басқа тәуелділіктердің түріне қарағанда,әлеуметтік мақұлданған аддикция. Бірақ шын мәнісінде еңбекқорлар-белгілі

бір психологиялық проблемасы бар адам. Өте жиі еңбекқорлық- жеке өмірдегі шиеленістерден қорқыныш, балалармен қарым-қатынастың дұрыс болмауынан,жақын адамынан көңілі қалудан көрініс табады


Слайд 23ЕМІ
Психотерапия
Аддиктивті бұзылысқа әкелетін факторды анықтау;
Отбасымен сөйлесу;
Ата-анасының бала арасында қарым-қатынасын түзету;
Науқастың

ауруға деген жеке көз қарасын жақсарту.


Слайд 24АДДИКТВТІ ӘРЕКЕТТІҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ
Диагностикалық, ақпараттық, коррекциялық.
Аддиктивті әрекетпен күреспес бұрын , бірқатар заттарды

еске сақтау қажет.
Аддикт – бұл шынайы өмірді адекватты қабылдамайтын , өзін – өзі бағалауы бұзылған, өз проблемасын байқамайтын адам. Аддииктің ауыр жағдайы жиі соматикалық бұзылыстармен де көрінеді. Сондықтан психологиялық көмекпен ғана шектелуге болмайды.

Слайд 25ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Байярд Р.Т., Байярд Д. – Ваш беспокойный подросток. – М.:Семья и

школа, 1995.
Берн Э. Игры, в которые играют люди. Люди, которые играют в игры. – СПб.: Специальная литература, 1995.
Бодалёв А.А. Личность и общение. – М., 1995.
Горьковая И.А. Нарушения поведения у детей из семей алкоголиков. – Обозр. психиат. и мед. психол., 1994/3, с. 47–54.
Ершова Т.И., Микиртумов Б.Е. – Обозр. психиат. и мед. психол., 1995/1, с. 55–63.
Кан-Калик В.А. Грамматика общения. – М., 1995.


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика