Ұлпа қабынуының емдеу әдістерінің салыстырмалы сипаттамасы презентация

Ұлпа қабынуын емдеу. Ұлпа қабынуын емдеуді бастау алдында қойылатын мақсаттар: Тіс қатты ауырып мазалаған жағдайда ауыру сезімін басу және ұлпадағы қабыну ошағын жою; Ұлпаның қайта қалпына келу және дентин құру

Слайд 1Модуль: Терапиялық стоматология
Тақырыбы: Ұлпа қабынуының емдеу әдістерінің салыстырмалы сипаттамасы
Дайындаған: Жұмаханов

С.М.
Факультет: Стоматология
Топ: СТ 08-005-1
Қабылдаған: Утеулиева Г.К.

Слайд 2Ұлпа қабынуын емдеу.
Ұлпа қабынуын емдеуді бастау алдында қойылатын мақсаттар:
Тіс қатты ауырып

мазалаған жағдайда ауыру сезімін басу және ұлпадағы қабыну ошағын жою;
Ұлпаның қайта қалпына келу және дентин құру мүмкіндігін күшейту (ұлпаны сақтап емдеу әдісі кезінде);
Қабыну үрдісінің периодонтқа ауысуын тежеу;
Тістің анатомиялық пішінін және қызметін қалпына келтіру.


Слайд 3Қазіргі кезде қолданылып жүрген ұлпа қабынуын емдеу әдістерін төмендегідей жүйелеуге болады:
I.

Ұлпаның өміршеңдігін сақтап емдеу
1. Ұлпаны толық сақтап емдеу немесе биологиялық әдіс.
2. Ұлпаның жартылай сақтап емдеу әдісі немесе консервативті-хирургиялық әдіс, кейде тірілей ампутациялау әдісі деп атауға да болады.
ІІ. Ұлпаны алып тастап емдеу немесе хирургиялық әдістер
1. Ұлпаны толық алу немесе экстирпациялау әдісі. Бұл әдіс ұлпаны алу тәсіліне байланысты екі түрге бөлінеді:
а) ұлпаны тірілей толық алу немесе ұлпаны тірілей экстирпациялау
б) ұлпаны өліеттендіріп толық алу немесе ұлпаны өліеттендіріп экстирпациялау әдісі
2. Ұлпаны жартылай алу әдісі немесе ұлпаны ампутациялау әдісі. Бұл әдіс те ұлпаны жартылай алу тәсіліне байланысты екі түрге бөлінеді.
а) ұлпаны тірілей жартылай алу немесеұлпаны тірілей ампутациялау әдісі
б) ұлпаны өліеттендіріп жартылай алу әдісі немесе ұлпаны өліеттендіріп ампутациялау әдісі
3. Аралас хирургиялық әдісі


Слайд 4Ұлпа қабынуын ұлпаны толық және жартылай сақтап емдеу әдістері.
Ұлпаны толық сақтап

емдеу әдісі ұлпаның кездейсоқ ашылуы, ұлпаның жартылай жедел қабынуы, созылмалы жай қабынуы кезінде қолданылады.
Сонымен қатар бұл әдісті қолдануға қойылатын шектеулер де бар: емдеу әдісі жүргізілетін адамның жасы 40-тан аспауы керек, бойында созылмалы сырқаттардың болуы (гипертония, атеросклероз, қант диабеті, ревматизм, витаминдер тапшылығы), емделетін тіс төңірегіндегі пародонтта патологиялық өзгерістердің болуы, тісжегі қуысының тістің мойын бөлігінде орналасуы, тістің электрқозғыштығының 25-мка жоғары болуы, жасанды сауыттармен жабылатын, ортопедиялық конструкциялар бекітілетін тістер, ауыру сезімін басу үшін қатты тітіркендіретін дәрілерді тісжегі қуысына қойып (аспирин, спирт) пайдаланған кезде.


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика