Слайд 1XV-XVII ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ
Жоспар
XV-XVII ғасырлардағы ауызша әдеби тілдің лексикалық сипаты
XV-XVII
ғасырлардағы ауызша әдеби тілдің грамматикалық сипаты
XV-XVII ғасырларда қазақ поэзиясындағы стильдік-тілдік ерекшеліктері
Слайд 2XV-XVII ғасырдағы ауызша дамыған әдеби тілдің негізін құраған тілдің түрі:
қазақ руларының
ауызекі сөйлеу тілі;
поэзия түріндегі көркем әдебиет – Асан, Қазтуған (XV), Шалкиіз, Доспамбет, Шобан, Жиембет, Марғасқа (XVI-XVII) жыраулардың тілі;
ауызша дау, билік, шешендік сөздердің тілі – Төле би, Әйтеке би, Қаз дауысты Қазыбек би, Байдалы, Сырым Датұлы, Қыпшақ Ізбасты сияқты би-шешендер тілі;
Слайд 3АУЫЗША ӘДЕБИ ТІЛДІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Жыраулар тілінде төрт түлік малға қатысты сөздер;
жаугершілік
тақырыбына байланысты сөздер;
дерексіз есімдер (араб-парсы сөздері көбірек кездеседі) қолданылған;
табиғат құбылыстарына байланысты ұғымдар;
діни лексикада араб-сөздері мен түркілік сөздер жарыса қолданылады
Слайд 5КӨНЕ СӨЗДЕР
1) Көне түркілік тұлғалар: ал (“қол”), жазы (жапан дала), салу
(қалдыру), кежі (күзет?), сағыну (сақтану), күлем (?), сындырау (?), соңыратын, тебір(?), ағбыту, көмбідей ару жалар, кірмембес, күлем, күспен, ұным, нараду, нарт, үрмеу, ісіріп;
2) мағыналары өзгеріп, бірнеше мағынада қолданылатын сөздер: қарындас, алаш, ару, ауыр, қыршын, озу, байтақ, соқта, ару т.б.
Тарихи сөздер (көне қару-жарақ атаулары, қоғамдық-әкімшілік терминдер, қазақ қауымының күнкөрісіне қатысты тұрмыстық лексика): садақ, кіреуке, тондық, ала, сақетер, күс
Слайд 7ГРАММАТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Септеу тәртібі қазіргі тілдік нормамен бірдей, тек есімдіктердің септелуінде өзгешеліктер
бер: ноғайлық бізім, менім, жаталар, тосатып тәрізді варианттар, шығыс септіктің –дың, өткен шақтың –ғай нұсқалары;
Тұйық етістіктің –у және –мақ варианттары қатар қолданылады;
Есімшенің –мыш өткен шақ формасы жоқ, -ған формасы қолданылады; Есімшенің ауыспалы шағы –атын түрінде;
Бұйрық рай негізінен қазіргі тілге ұқсас, бірақ екінші жақтың –ғыл түрі кездеседі;
Қазіргіден өзгешелеу мынадай формалар бар: өт.шақ есімшенің жіктеул і түрінде –н дыбысын түсіріп айту – жортқамын; -ңыз, -ңіз орнына –кер тұлғасы – өткеріп; өткен шақтың –ғай, -гей арқылы берілуі; -май-мын тұлғасының орнына –ман формасының қолданылуы;
Слайд 8СТИЛЬДІК-ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІГІ
риторикалық сұраулар, белгілі бір формулалармен берілген қаратпалар, ұқсастық жасайтын образдар,
параллельдер жиі кездесіп отырады;
жеке сөздердің, тұлғалардың, құрылымдардың қайталап келуі, кейбір септік жалғауларының, тәуелдік жалғауының түсірілмейтін тұста түсіріліп айтылуы;
белгілі бір лексикалық топтардағы сөздердің әрдайым дерлік эпитеттермен келуі;
тыңдаушының назарын аудару үшін өлең жолдарына (кейде буын сандарының артып кеткеніне де қарамастан) «басы артық» одағай, шылаулар, есімдіктердің кіргізілуі
Слайд 9ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:
Сыздықова Р. Қазақ әдебиет тілінің тарихы, А, Ана тілі, 1993.
Қазақ әдеби тілінің тарихи көздері, А, Ғылым, 1989.
Өмірәлиев Қ. ХҮ-ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі, А,Ғылым, 1976.
Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы: Ана тілі, 1996. – 304 б.
Нұрдәулетова Б. ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы Маңғыстау ақын-жырауларының тілдік ерекшелігі, А, 2003.
Слайд 10ӨЗІН-ӨЗІ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР:
1. XV-XVII ғасырлардағы қазақ әдеби тілін танытатын әдеби
үлгілер
2. Асан қайғы толғаулары тілінде авторға тән емес (кейін қосылған) қандай белгілер бар?
3. Ноғайлы жырлары тіліндегі түсінігі қиын сөздер туралы Қ.Өмірәлиев қандай пікір айтады?
4. Ертедегі әдебиет үлгілерінің тілдік өзгеріске ұшырауын Р.Сыздық қалай түсіндіреді?
5. XV-XVII ғасырлардағы әдеби үлгілердің бірсыпырасын қазақ-ноғай әдеби үлгілері деп тануға қандай себеп бар?
6. Ноғайлы-қазақ поэзиясының бастапқы қалпын түп-тамырымен сақтап жетуіне қандай факторлар басты себеп болған?
7. XV-XVII ғасырлардағы жыраулар толғауларында аң-құс, төрт түлік мал, табиғат атауларының образға көбірек алыну себебі не?
8. Дидактикалық толғауларда қандай дерексіз ұғымдар көбірек қолданылды (мысалдар келтіріңіз)?