Сара Кесенесі презентация

Сара Тастамбекқызы (1878-1916) Айтыскер ақын. Туған жері, қазіргі Алматы облысы, Қапал ауданы. Руы Найман. Өзінің қысқа ғұмырында тауқыметтің талайын көріп, әлеуметтік теңсіздіктің тәлкегіне ұшыраған Сараның шығармашылық жолы тым ауыр да күрделі жол.

Слайд 1тақырыбы:
АҚЫН САРА КЕСЕНЕСІ


Слайд 2Сара Тастамбекқызы (1878-1916) Айтыскер ақын. Туған жері, қазіргі Алматы облысы, Қапал ауданы.

Руы Найман.
Өзінің қысқа ғұмырында тауқыметтің талайын көріп, әлеуметтік теңсіздіктің тәлкегіне ұшыраған Сараның шығармашылық жолы тым ауыр да күрделі жол. Ол үш жасында әкесінен айырылып, еңсе басқан жетімдік пен жоқшылықтың зардабын көріп өседі. Бұл аз дегендей, сырттай болса да жалғыз сүйенер тірегі немере ағасы Жайсанбек «өгіз ұрлады» деген жаламен түрмеге түседі. Жоқшылық өтінде жеке қалған жетім қыз, жесір әйелге қамқоршы болып, ауылына көшіріп әкелген Тұрысбек қажы Сараны шырылдатып, өзінің теңі емес, жаратылысынан кеміс туған, бай баласы Жиенқұлға атастырады.


Слайд 3Ақын, Сара Тастамбекқызы


Слайд 4Ақын Сара кесенесі, Алматы облысы, Қапал ауданында

орналасқан



Слайд 6Ақын Сара кесенесі - белгілі қазақ ақыны Сара Тастамбекқызынының  бейітінің басына 1993 ж. орнатылған

ескерткіш. Ол бұрын Қапал ауданының "Қапал" кеңшарындағы "Қарашоқы" қорымына салынды. Биіктігі 10 м, табиғи тастан қаланған күмбезі бар. Ақын Сараның жерленген орнын жергілікті мәдениет қызметкерлері
(М Алыбаевтың басшылығымен) 1979 ж. анықтаған. Кесене ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізілген, республикалық дәрежедегі ескерткіштер қатарына жатады.

Слайд 7

Халқының жылы лебізін сезген Сара барған сайын батыл қимылдап, күндіктен құтылудың

амал – айласын қарастыра түседі. Бас бостандығы талаптарын ашық көтеріп, тыным таппайды. Құқықсыз өмір кешкен көп әйелдердің бірі болып өтуден, өмірден түңіліп, дәрменсіздік көрсетуден, босқа өлуден бас тартады. Батыл сөз айтады. әсерлі ән шырқап, даланы күңірентеді.  Қызымын Тастанбектің атым – Сара,  Арман көп, ауызыма, халқым, қара.  Қорғалар көп ішінен бұта талпай,  Шырылдаған боз торғай мен бір бала.  Еңіреттің ерте бастан, туған елім.  Кір жуып, кіндігімді буған менің.  Жеткізіп сабырлықпен ұстап бақпай,  Бәйге қып, топқа қосып, тұмар тақпай.  Желкемді көктейінен қидыңдар да,  Бөріге байлап бердің жетім лақтай.  Несіне жасырамын, елім, сенен,  Еріксіз бір жетіммін дертім терең.  Адамдай құтыла алмас құлға бердің,  Көрдіңдер қанша жазық – жала менен.  Сара өзінің басына түскен ауртпалықтың үлкен сыры теңсіздікте, қорғансыз жетімдікте екенін айта алды. Егер әкесі тірі болып, ол дәулетті байлардың бірі болса, мұндай қорлыққа душар болуы екіталай екенін:  Бүйтер ме ем, болсам егер баласы бай,  Ауқатты, әкем тірі, төрт жағым сай,- 

Слайд 9
Ақын Сара Ешкіөлместің баурында  тұңғыш рет

«азаттық» деп, ту көтерген асыл жан. Сол «азаттық» алған дабылы бүкіл қазаққа, жан-жаққа естіліп таралған. Сара азаттығын өз өнері арқауында алған. Біржан сал «ақ батаны» бұздырып, Сараға теңдік әперген. Біржан сал:
«Омбыда Дюгомельге өтініш қып,
Қорғауға сол баланы құрма қылдан.
Сарадай балғын қызға қамқорлық қып,
Құтқардым жауыздардың тырнағынан», - деп ақын Сараға жасаған қамқорлығын өлеңмен баяндайды. Сараның азаттығы туралы Ахмет ақын:
«Тұрысбек айғайлап тоқтатты елді,
Сара қыз Жиенқұлдан «азат» енді.
Шарт солай: қалың жігіт қаптағайдан,
Қосылсын өзі таңдап әмеңгерді», - деп деректейді.

Слайд 10Біржан сал мен Сара ақынның айтысқан жеріндегі ескерткіш


Слайд 11













Осы кітаптың тұсаукесер рәсімі елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада өтті. «Дүние келіп,

кетер әркім қонақ, Солардың біреуі мен – өмірі шолақ» деп саналыға ой салып кеткен ақын  Сара туралы Фариза Оңғарсынова апамыз ағынан жарыла айтып, ақындықты, шеберлікті, рухтың мықтылығын, халықтық  қасиеттің  құдіретін бала кезден Сара мен Махамбеттен алғанын тілге тиек еткен болатын..

Осындай жұртқа керек дүниеге ұйтқы болған, яғни идея авторы белгілі қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» халықаралық сыйлығының иегері Шәрбану Бейсенова болса, редакциялық алқа төрайымы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы Фариза Оңғарсынова екен.


Слайд 12Ақын Сараның өлеңдер топтамасы


“Қызымын Тастамбектің атым Сара”
“Замандас-мұңы бірге апа, жеңгем”
“Туған елім,

өскен жерім”
“Мұра”
“Жайлауда”
“Әбіштің әруағына”
“Араласаң аға алдында”
“Ашындым”

Слайд 13Соңы


Слайд 14Көріп, тамашалағандарыңызға көп рахмет !!!

Айбек Оразбеков

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика