Әдебиеттің халықтығы презентация

Халықтық — әдеби шығарманың терең мазмұнында жатқан түсінік. Халықтық шығарманың тақырыбынан,белгілі бір тақырып арқылы автордың алға қойған мақсатынан бастап, көркемдік шешімге дейін баратын, батырдыңдың мінезін, дүниетанымын, іс-әрекетін қамти келе автордың тілі

Слайд 1Сабақтың тақырыбы : Әдебиеттің халықтығы


Слайд 2Халықтық — әдеби шығарманың терең мазмұнында жатқан түсінік. Халықтық шығарманың тақырыбынан,белгілі

бір тақырып арқылы автордың алға қойған мақсатынан бастап, көркемдік шешімге дейін баратын, батырдыңдың мінезін, дүниетанымын, іс-әрекетін қамти келе автордың тілі мен стиліне, бағыты мен әдісіне, эстетикалық идеалына көшетін ұғым.

Слайд 3Белгілі ғалым Зейнолла Қабдолов «Әдебиеттің халықтығы – тарихи категория» деген екен.

Әдебиет, егер, біртұтас халықтың белгілі бір уақыт пен кеңістіктегі жайын айтса, халықтық болмақ.

Слайд 4. «Халықтық» терминін П. А. Вяземский ұсынған. «Халықтық – әдеби шығарманың

терең мазмұнында жатқан түсінік. Халықтық шығарманың тақырыбынан, белгілі бір тақырып арқылы автордың алға қойған мақсатынан бастап, көркемдік шешімге дейін баратын, қаһарманның мінезін, дүние танымын, іс-әрекетін қамти келе автордың тілі мен стиліне, бағыты мен әдісіне, эстетикалық идеалына көшетін ұғым.

Слайд 5 Зейнолла Қабдоловтың «халықтық» деген сөзге берген анықтамасы. Халықтықты танытудың бірінші

жолын жоғарыда айттық: біртұтас халықтың белгілі бір уақыт пен кеңістіктегі жайын айту. Бұл – бір. Халық мақсатын айқындап, мәселелерін шешу бар. Бұны екі деп біліңіз. Мысалды алыстан іздемей, өзіміздің төл мұрамыздан алайық.

Слайд 6 Мәселен, Абай Хакімнің шығармашылығын алайық. 
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,


Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын,шен алсын деп бермедім.
Осы жолдан-ақ, әдебиет халықтығының екі мақсат көрініп тұр. Бастапқы тармағында өз уақытында ғылымның бар екенін ескермеген, өзінің кеш түсінгенін айтады. Бұл – автордың жай-күйі. Ол халықтың ақынын болғандықтан, халық атынан сөйлейді. Яғни, бұл халықтың жайы болмақ.

Слайд 7Ал екінші мақсаты қалай көрінеді десек? Екінші мақсатын соңғы екі жолынан

байқаймыз. Өзі өкінген соң, баласын оқытуға беріп, баласының көзін ашпақ. Уақыт өткен сайын айтылар жай да өзгерері хақ. Халықтың мүддесін, арманын, мақсатынайтып, оны шешіп, орындаған әдебиеттің халыққа берер көмегі зор.

Слайд 8Тағы қарапайым бір мысал. Асан қайғы «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын» заманның

орнағанын қалады. Ал қазір елдігімізді алған соң, автордың мақсаты орындалды. Ендігі мақсат тек, бабалар арманының орындалғанын жазу.  Әдебиет халықтығы өз міндетін әрдайым орындайды. Оны орындайтын – сіз бен біз.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика