Қазақ халқының салт-дәстүрлері арқылы қыздарды тәрбиелеу презентация

Содержание

Мақсатты Қазақ халқының әдет-ғұрып,салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып,қыз балаға келешекте қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып,әдепті,сыпайы,адамгершілігі мол, білімді, жан-жақты жетілген қыз бала тәрбиелеу.

Слайд 1«ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ АРҚЫЛЫ ҚЫЗДАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ »
Орындаған : Александрова Анастасия


9- сынып оқушысы
жетекшісі : Доспаева Багдат Мантеновна қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Теміртау 2017


Слайд 2Мақсатты
Қазақ халқының әдет-ғұрып,салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып,қыз балаға келешекте қоғамның,

елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып,әдепті,сыпайы,адамгершілігі мол, білімді, жан-жақты жетілген қыз бала тәрбиелеу.


Слайд 3Міндеттері
1.Қазақ халқының қыз бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлерімен танысу ;
2. Салт-дәстүрлерді

саралап, негізгі тәрбиелік бағыттарын, тәрбиелік мәнін анықтау ;
3.Қазақ халқының салт-дәстүрлерін талдау арқылы оқушылардың бойына сіңіріп, жауапкершілікті сезіндіре отырып, моральдық қасиеттерді алуға баулу.
4. Қазақ халқының қыз бала тәрбиелеудегі рухани –мәдени құндылықтарды жас ұрпақтың бойына дарыту ,адамгершілік идеяларын таныту.


Слайд 4Өзектілігі
Қазіргі таңда қыз балаларды тәрбиелеуде ,оның ішінде өзге ұлт өкілдерін қазақ

халқының салт-дәстүрлерін үлгі-өнеге ету
Қазақ халқының қыз бала тәрбиелеудегі салт-дәстүрлеріндегі өсиеттерді жастарға үлгі-өнеге ету


Слайд 5Ғылыми жобамыздың жаңашылығы:
Қазіргі заманғы өзге ұлт құрбыларымның қазақ халқының үздік

салт –дәстүрлерін ,тәрбиелі қыз тәрбиелеуде, қазігі заманда оларды орынды пайдалануда өзіндік пікірімді айтпақпын. Қазақ халқының қыз тәрбиесіндегі салт-дәстүрлерін үлгі етуге, құрметтеуге шақырамын.

Слайд 6Ғылыми жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы:
Бұл жұмыстың нәтижесінде қазақтың қыз тәрбиесіне байланысты

салт-дәстүрлері әлі де үздік тәрбиенің символы ретінде есептелетініне көз жеткіздім. Сонымен қатар құрбыларымның қыз тәрбиесі бойынша салт-дәстүрлер жайлы ойлары белгілі болды.


Слайд 7Кіріспе
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Әйел – бесік иесі. Демек, әйелдің жайы түзелмей, бесігіміз

түзелмейді, бесігіміз түзелмей – еліміз толық түзелмейді», - деген.

Слайд 8Қыз бала тәрбиесі
Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет

етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қазығы — әйел адам.
Қазақ халқының мақсаты — әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындыру, әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа тәрбиелеу.



Слайд 9 Қыз Тәрбиесіне туралы мақалдар:
«Жақсы қыз - жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт –

аспандағы жұлдыз.
Жыршы қызға – сыршы күйеу.
Қыз назы қырық кісіні мас қылады.»

«Қыздың қабағында құт бар.
Қыздың қабағы күлімдесе – құт келеді.»

«Қыз өссе елдің көркі
Гүл өссе жердің көркі.»

«Қызды қымтам ұстаған ұялмайды.
Қыздың ұяты шешеге.»

«Шешесіне қарап қызын ал,
Аяғына қарап асын іш.»

«Астың дәмін келтірген тұз әулие
Елдің сәнін келтірген қыз әулие.»

«Қыз бала кісінің кісісі.»
















Слайд 10Бала тәрбиесі туралы өлең:
Қыз баланың сұлулығы
Қыз баланың сұлулығы иманында,
Бойына жақсы қасиет

жыйғанында,
Анасының атына кір келтірмей,
Тәрбиемен ортаға сыйғанында.
 
Қыз баланың сұлулығы, жүргенінде,
Әдеппенен жымиып күлгенінде,
Өсек аяң, әңгімеден аулақ болып,
Орынын қай жерде де білгенінде.
 
Қыз баланың сұлулығы адалдығы,
Жан-жағына тимесе жамандығы,
Байқалмаса шық бермес сараңдығы,
Ең бастысы кішіпейіл адамдығы.
Авторы: Самал Балтабаев Таңбайұлы



Слайд 11Қазіргі таңда қыздардың арақ ішіп, шылым шегіп, түнгі клубтардың есігін баққанын

көргенде жаның түршігіп, жүрегің ауырады. Осындай жеңіл жүріс әрекеттердің салдарынан қыздар жүкті болып қалады
2015 жылдың 1 шілдесіндегі деректерге сүйенсек 15-18 жас аралығындағы 2420 қыз баланың жүкті екені анықталған.


Слайд 12«Қызға қырық үйден тыю»
«Қызға қырық үйден тыйым» деп, қыз баланың әлдебір

іс-әрекетіне үзілді-кесілді тыйым салу, жылылық танытпай ұрысып, зеку зиян, керісінше баланың жағдайымен санасып сеніміне кіру, сырласып дос бола білу керек.
Отбасы дұрыс, мәдениетті қарым-қатынаста болуы.
Өз ұлтының намысын жоғары қоя білетін, елінің сөзін сөйлейтін жас ұрпақты баулып,тәрбиелеу үшін «мұны білуге әлі ерте, оған тыйым салынады» деген тежеулерді алып тастап, баланы бұғаулы ойдан, шектеулі ұғымдардан құтқару қажет, қайта баланы ойын еркін айта білуге жетілдіріп, білігіне жетелеп отыруымыз керек.
Жас ұрпақты адамға тән табиғи сезіммен өмірді, табиғатты сүйе білуге, құрметтеуге үйрету.
Жаратылыстың ақиқатын, болмысты ашық, бүкпесіз көрсетіп ұ«Отан отбасынан басталады» десек, сол әрбір кіші отанның ұйытқысы, берекесі болатын – әйел адам.


Слайд 13





Дастарқан басында,мінез құлқы:
Дастарқан үстінде әдемі отыр, әдепті сөйле.
Орынсыз сөзден тыйым.
Аш

болсаң да, тоқ болсаң да құдайынды ұмытпа.
Тамақты өз алдыңнан алып же, кісі алдындағы қол созба.

Келбеті,мәнерлер:
Қызыл іңірде жатып, түске дейін ұйықтауға тыйым.
Жалқаулыққа, ластыққа тыйым.
Кісі алдында қасынуға, киім ауыстыруға тыйым.
Ішімдік-шегімдікке тыйым.
Беттен алып, төске шабуға тыйым.

Қоғамда өзін-өзі ұстау:
Талтайып отыруға тыйым.
Шалқайып жатуға тыйым.
Көп алдында ұятқа қалмауды, ағайынға жеккөрінішіті болмауды әрқашан ойлап жүр.
Орынсыз іске ұрынудан тыйым.
Өтірік, өсек айтпа және оны айтушыларды тыңдама.
Өзгелерге тіл және қол тигізуге тыйым.
Кісіге қарап керілуге, есінеуге тыйым.
Ұрыс-керіске тыйым.
Тарс-тұрс жүріс, қарқ-қарқ күлкіге тыйым.
Қызғаншақ күншілдік тыйым.


Слайд 14Тыйым сөздердің мағынасы:
Әрбір тыйым бекер айтылмаған, әрқайсысының тәрбиелік мәні бар, оқушылар

үшін ереже болып табылады. Халық өзін осы ырымдар мен тыйымдар арқылы тәрбиелеп, дұрыс жолға салған, қателігін бетіне басқан.


Слайд 15Әлеуметтік сауалнама
Әлеуметтік сауалмада 105 адам қатысты.Сауалнама № 11-ші орта мектебінің 9-11

сынып оқушылары арасында өткізілді.


Слайд 16Сауалнама сұрақтары:
Қазақ халқының қыз баланы тәрбиелеудегі салт-дәстүрлерді білесіздер ме?
Қыз бала

тәрбиесінің отанымыз үшін рөлі бар ма?
Сіздің ойынша қазақ халқының қыз бала тәрбилеудегі салт-дәстүрлері тиімді ме?



Слайд 17Қорытынды
«Қыз» – ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны, бүкіл адамзат қыздан тарайды:

қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді. Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп,ұлт қатарын көбейтеді.
Қазақ халқының салт-дәстүрлеріндегі бар жақсы қасиеттерді, салт-санасын,тәрбиенің негізі ретінде үлгі етіп алайық.
Инабатты, ілтипатты, ұйымшыл болыңдар! Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тұтқасы – сендерсіңдер.


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика