Корей халқының материалдық және рухани мәдениеті презентация

Корейліктер, коре сарам ("Коре елінің адамдары"), чосон сарам ("Чосон елінің адамдары"), хангук сарам ("Хангук елінің адамдары"). Қазақстан Республикасында тұратын корейліктер өздерін коре сарам деп атайды.

Слайд 1Корей халқының материалдық және рухани мәдениеті


Слайд 2Корейліктер, коре сарам ("Коре елінің адамдары"), чосон сарам ("Чосон елінің адамдары"),

хангук сарам ("Хангук елінің адамдары"). Қазақстан Республикасында тұратын корейліктер өздерін коре сарам деп атайды.

Слайд 3Корей тілі
Корей тілі – Азияның ежелгі тілдеріне жататын оқшауланған тіл. Кореяның

Қытаймен көршілес орналасқандықтан осы елмен байланыс жасайтын болған, өз жазулары болмағандықтан корейліктер мың жылдан аса уақыт қытай иероглифтерін пайдаланаған. Қазіргі корей тілінің негізін салушы Джу Си Гень (1876— 1914 жж.) болып табылдаы.

Слайд 4 Наным-сенімдері
Корейліктердің ежелгі наным-сенімдерінің бірі Алтай мен Сібірден неолит кезеңінде келушілер алып

келген шаманизм. Шаманизмнің біраз өзгерген түрі бүгінгі күнге дейін сақталып қалған. Қазіргі Кореяда бірнеше ондаған мың мудан-шамандар бар.

Слайд 5 Дәстүрлі шаруашылығы
Корейліктердің дәстүрлі шаруашылығы жер жырту, өңдеу, өсіретін басты дәнді дақылдары-күріш

болып табылады. Техникалық мәдени дақылдар- мақта, сора, темекі, женшень, кунжут және т.б. Қауын, қарбыз және т.б жеміс-жидектер өсірген. Ауыл шаруашылығының ежелгі саласының бірі- жібек өсіру. Жағалауға жақын жерлерде балық аулау, теңіз аңдарын аулау және балдырлар жинау дамыған.

Слайд 6 Дәстүрлі қолөнері
Дәстүрлі қолөнері – қыш өндіру, лак бұйымдары, сабаннан тоқу және

т.б жатады.

Слайд 7Ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері
Корейліктер балалардың өмірінің басталуын, оның бір жасқа толу

жасын есептейді. Осы кезден бастап қана бала толыққанды адам болып есептеледі. Балалардың әрқайсысының бір жасқа толуын міндетті түрде атап өту керек, егер атап өтілмесе, онда ержеткенде баланың үйлену тойын, мерейтойын және т.б. тойларын атап өтуге болмайды. Сондықтан да ата-аналар балаларының бір жасын атап өтуге тырысады.

Слайд 8Қазіргі корейліктер де олардың ата-бабалары сияқты некеге тұруға ерекше мән береді.

Бұл адамның өміріндегі төрт басты оқиғаның бірі және салтанатты түрде өткізіліп, оған барлық руластарының назары аударылады. Неке алдында құда түсу рәсімі өтеді. Күйеу жігіт руластарының ішіндегі үлкендері - әкесі, үлкен ағасы, кейбір жағдайда ғана күйеу жігіттің анасы құда бола алады. Қалыңдықтың ата-анасының келісімін, екі жақ ченчи – некелестіру рәсімін өткізуге келіседі, некелесуді толығымен күйеу жігіт қаржыландырады, бірақ ол қалыңдықтың үйінде өтеді.

Слайд 9Корейліктер отбасындағы қарт адамдарды құрметтеп, балалары олардың мерейтойларын тойлайды. Соның ішінде

ең маңыздысы балалардың ата-анасының 61 жасқа толу мерейтойын тойлауы болып табылады. Бұл мерейтой егер отбасындағы балалардың барлығы ер жетіп, отбасын құрып, олардың тойлары жасалып, отбасында ешқандай қайғылы жағдай болмаса ғана тойланады. Егер ондай болмаса, мерейтой кейінге қалдырылып 2, 4, 6 жылдан кейін тойланады.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика