Слайд 4
Германия Федеративтік Республикасы (нем. Bundesrepublik Deutschland — Германия Федерациялық Республикасы) — Орталық Eуропада 16 жеке не
жартылай тәуелсіз федералдық жерлерден тұратын ел.[4] Германия Федеративтік Республикасы - орталық Еуропада орналасқан мемлекет. Кейбір түркі тілдерінде Алмания болып та аталады. Жер аум. 356,96 мың квадраттық км. Халқы 81,7 млн. Астанасы 1991 жылдан Берлин қаласы (3,46 млн.). Халқының 94 %-і немістер (1998). Ресми тілі - неміс тілі. Халқының көпшілігі христиан дінінің протестант және католик тармағын ұстанады. Германия 16 аймақтан (жерден) құралған федеративті республика. Әр аймақтың өз конституциясы, парламенты және үкіметі бар. Федеральдік президент арнайы шақырылған, бундестаг және ландтагтар (әр аймақтың парламенттері) мүшелерінің бірде санынан құралған федеральдік жиналыста 5 жыл мерзімге сайланып отырады. Президент мемлекет басшысы ретінде халықар. жиындарға қатысады, шет елдермен келісімшарттарға қол қояды, елшілерді, федеральдік соттарды тағайындайды, т.б. Елдегі атқарушы билікті федеральдік канцлер жүргізеді. Жоғ. заң шығарушы органы теңіздік, ал оңт.-шығысының климаты қоңыржай-континттік болып келеді. Қаңтардағы орташа температура 0, ал шілде айында 16 - 17, оңт-нде 20 - 22. Жауын - шашынның орташа жылдық мөлшері 500 - 600 мм, тау бөктерлерінде 1000 - 2000 мм.