Әбілқайыр хан презентация

Жоспары Әбілқайыр хандығының құрылуы Этникалық құрамы Әбілқайыр хандығының нығаюы Хандықтың әлсіреуі

Слайд 1ӘБІЛҚАЙЫР ХАН








Слайд 2Жоспары
Әбілқайыр хандығының құрылуы
Этникалық құрамы
Әбілқайыр хандығының нығаюы
Хандықтың әлсіреуі


Слайд 3Әбілқайыр хандығының құрылуы
15 ғасырдың 20 жылдарында Ақ Орданың ыдырауына байланысты Жошы

әулетінің
арасында феодалдық қырқыс басталады.
Қазақстанның орталық,батыс және солтүстік-батыс аудандарында тәуелсіз иеліктер пайда болады.Осы тәуелсіз иеліктер тайпаларының билеушілерінен қолдау тапқан Әбілқайыр тартыста жеңіп шығып, 1428 жылы *хан* сайланды.Әбілқайыр- Жошы ханның бесінші ұлы Шайбани ханның ұрпағы.

Слайд 4этникалық құрамы
Хандықтың алғашқы кездегі халқының құрамы Батый ханның Шайбани ханға найман,бұйрұқ

және қарлұқ тайпаларын қосып беруінен түрік тілдес болғандығы байқалады.Екінші бір басты дерек, Әбілқайырды хан сайлағанда жиырмадан астам тайпалардың өкілдері қатынасқан.Олардың ішінде атақты қият,маңғыт,өкіреш найман,үйсін,қоңырат сияқты басқа да көптеген түрік тілдес ру-тайпалар болған.Ал *Тоқсан екі баулы өзбек* деген шежіреге қарағанда,Өзбек ұлысы немесе Әбілкайыр хандығы 92 ру-тайпадан тұрған. Тарихшы Рузбиханның жазуы бойынша,бұл хандық негізгі үш халықтан – шайбанилерден,қарақалпақтардан, қазақтардан тұрған. Олардың ең көбі және ержүректері қазақтар еді дейді.

Слайд 5Әбілқайыр хандығының нығаюы
Әбілқайырды көптеген ру-тайпалардың өкілдері қолдап, хан сайлағанмен,оның құрған хандығының

ішінде әлі де болсажер үшін,ел үшін, билік үшін талас – тартыс күшейіп тұрды. 1431 жылы Тоқа –Темір ұрпақтарына қарсы шайқас Екіретүп деген жерде болып,Әбілқайыр хан жеңіске жетеді. Одан кейін Батый ханның астанасы болған Орда-Базарды бағындырып, оны өзінің орталығы етеді. Оған дейін астана Тура қаласы болған. Әбілқайыр хан 1446 жылы Атбасар маңында Мұстафа ханды тас –талқан етеді.



















Слайд 6Хандықтың әлсіреуі
Әбілқайыр 1456-1457 жылдары Сығанақ қаласы түбегінде Үз-Темір тайшы бастаған ойраттармен

соғыста жеңіліп қалады.Хан бұл аймақты тастап, Дешті Қыпшақ жеріне кетуге мәжбүр болған. Әбілқайыр хан өзінің жеңілісін ішкі бақталастық пен қайшылықтардың шиеленісуінен көріп, мемлекеттің күш-қуатын арттыруды қарастырады.Өзіне бағынбай , Жетісу аймағына Моғол хандығының жеріне ауып кеткен Жәнібек пен Керей сұлтандарды жазалауды ойластырады. Осы оймен 1468 жылы Моғол хандығына қарсы жорыққа шығады.Жорық кезінде Әбілқайыр хан Алматы маңындағы Аққыстау деген жерде қайтыс болады.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика