Қазақ – жоңғар қарым-қатынастары презентация

Қазақ -жоңғар қатынасы одан әрі шиеленісті. Қантөгіс соғыстарға ұласып, кейде бәсеңдеп уақытша бітімге келісіп, 120 жылға созылды . Бұл екі арадағы талас тартыстардың негізгі түйіні көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданған екі елдің

Слайд 1

Қазақ – жоңғар қарым-қатынастары



Слайд 2Қазақ -жоңғар қатынасы одан әрі шиеленісті. Қантөгіс соғыстарға ұласып, кейде бәсеңдеп

уақытша бітімге келісіп, 120 жылға созылды . Бұл екі арадағы талас тартыстардың негізгі түйіні көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданған екі елдің шұрайлы, жайлы жерлерге және Жетісу мен Сырдария өңірін басып өтетін керуен сауда жолдарындағы қалаларға таласуда болды.


Слайд 3 1635 жылы Монғол мемлекетінің 2-ге бөлінуінен Жоңғар

мемлекеті құрылды.Басшысы Батур қоңтайшы болды (1635-1653).
Қазақтар мен ойраттар арасындағы жайылым жер үшін күрес XV ғ. бастап басталды.

Слайд 4 ХVII ғасырдың І жартысында ойраттар мен қазақтардың арасындағы әскери қақтығыстар жиілей

түсті. ХVI ғасырдың аяғында ойраттар басты-басты төрт тайпалық одақтан құралды. Олар Тарбағатайдан Шығысқа қарай өңірді алып жатқан торғауыттар, Ертістің жоғарғы ағысын бойлай қоныстанған дербеттер, қазіргі Дихуа қаласының төңірегіндегі хошоуыттар және Іле өзенінің жоғарғы жағындағы шоростар еді.

Слайд 5Батур хұнтайшының тұсында қазақ жоңғар қатынасы мейілінше шиеленісті. Бұл кезде жоңғар

феодалдары Қазақ хандығына үш рет ірі шапқыншылық жорық жасап, Қазақ хандығы мен жоңғарлар арасында үш рет қанды шайқас болды . Бұл соғыстың қалай аяқталғаны жайында толық дерек жоқ осы соғыста қазақ әскерлеріне қолбасшылық еткен Жәңгір хан қолға түсіп, қашып құтылған, бұл жоңғарлардың басым болғандығын байқатады. Екінші шайқас 1643-жылы болды. Бұл шайқаста Жәңгір хан әскери тактиканы шебер қолданғандықтан Батур хұнтайжы күйрей жеңіліп, шегінуге мәжбүр болды.
Үшінші шайқаста қазақтар жеңіліске ұшырады.


Слайд 7
1643 ж. жазында қазақ қолын

Жәңгір мен Жоңғар қолын басқарған Батыр қонтайшы арасында Орбұлақ шайқасы өтті. Осы шайқаста бар жоғы 600 қазақ қолы жоңғардың 50 мың қолына төтеп берді. Орбұлақ шайқасында Жәңгір мылтықпен қаруланған 300 адамды тау ішіндегі тар өзекке ор қазып бекінуге, ал екінші жартсын жоңғарлар тар өзектегі орға жеткенше таудың арғы бетіне жасырына тұруға бұйырды. Оның ойлағаны айнымай келіп, Батыр қонтайшы қаймықпай қорғанған Ор-бекінісіне шабуыл жасайды, сол сәтте Жәңгір жауға ту сыртынан лап қойып, білтелі мылтықтарынан оқ жаудырды. Осы кезде Самарқаннан алшын Жалаңтөс баһадүр 20 мың қолмен көмекке келіп, 10 мыңнан аса адамынан айырылып күйрей жеңілген жоңғарлар кейін шегінді.

Слайд 9 Жан –жақты әскери дайындығы бар жоңғарлар 1710-1711 ж.ж. қазақ жеріне

басып кіріп соғыс жүргізеді.
Олар 1717 ж. жазда Аягөз өзені жағасында қазақтардың 30 мың жасағын талқандады.

Слайд 10 Қазақ хандықтарының саяси бытыраңқылығын пайдаланып, 1723 жылы көктемде жоңғарлар 70

мың әскермен жеті бағыттан қазақ жеріне тұтқиылдан басып кірді. Цеван-Рабданның ұлы Қалдан Церен Балқашқа одан әрі қарай Қаратау өңіріне, Құлан батур Алтайға және Көктал өзенінің өңіріне, Амурсана әскері Нұра өзені бағытында, Қалдан Цереннің Цеван-Доржы атты ұлы Шелек өзенінің аңғарымен, екінші ұлы Лама-Доржы Ыстықкөл бағытында қозғалды. Дода-Доржым нойон Шу өзеніне бағыт алса, Цеван-Рабданның өзі Іле өзені арқылы Жетісуды басып алуды көздеді. Бас қолбасшылықты Цеван-Рабданның бауыры Шона-Даба атқарды.

Слайд 11Жоңғарлар Ұлы жүзді қырып жойып, Орта жүз, Кіші жүз жерлеріне жетті.

Халық басы ауған жаққа кетті. Ұлы жүз бен Орта жүздің қазақтары Самарқанд пен Ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз Хиуа мен Бұқараға ағылды. Босқындардың біразы Сырдың сол жағындағы Алакөл маңына топтасты. Қазақтардың жадында “Қайың сауған ақ тышқан жылы” болып айрықша қалған 1723 жылғы жұт та өзіндік роль атқарды. Халық бұл кезеңді “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” деп атады. Қожаберген жыраудың “Елім-ай” деген қасіретті әні осы кезден қалған.

Слайд 12 1730 ж. көктемде Балқаш көлі маңында

тағы соғыс басталды. Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай сияқты батырлар бастаған қазақ жасақтары жоңғарларға аяусыз соққы берді. Бұл кейін “Аңырақай” деп аталып кетті. Шуно Дабо бастаған қалмақтар Іле өзенінің бойымен шығысқа қарай қашуға мәжбүр болды.

Слайд 13 Жоңғарияның ханы Қалдан Серен 1745 жылы

өліп, оның мұрагерлері таққа таласты. Осы кезден бастап Қытайлардың Манчжурлік Цин империясы жоңғарларға шабуыл жасай бастайды. Ол алдымен Сыр бойындағы қалаларды азат етуге кірісті. Ол бұл жорықта қазақ әскерлерін үш топқа бөлді. Бірінші тобын Қанжығалы Бөгенбай мен Үмбетей жырау басқарды. Екінші қолын Жәнібек батыр басқарды.Үшінші негізгі қолды Абылайдың өзі басқарды. Бұл топта әйгілі батырлардан Қаракерей Қабанбай, Батыр Баян, Сырымбет, Малайсары, Жанұзақ болды. Нәтижесінде Қазақ әскерлері Жаңақорғанды, Шымкентті жаулардан тазартты.

Слайд 14 1740 жылы Жоңғарияның өзінің ішінде билік

үшін күрес туып, (Қалдан Серен өлген соң) туысқандар арасында дүбелең жағдай қалыптасты, Жоңғар елі әлсірей бастаған еді. Содан 1758 жылы оларды Қытай империясы жаулап алды да, Цин империясының құрамына кіреді.

Слайд 15Жаугершілік заманда жеңген жақтың олжасында ару қыздар да болған. Ол қалыптасқан

дәстүр бойынша, хан, сұлтан, батырларға сыйға тартылған. Қыпшақ Тілеулі батырдың бәйбішесі – Қарқара ойрат хонтайшасының, екінші әйелі Нәнжіл – жоңғар хонтайшасының, үшінші әйелі – ұйғыр байының қызы. Кейбір шежірелерде оның тоғызыншы әйелінің де қалмақ қызы екендігі баяндалады. Шақшақ Жәнібек тарханның да үшінші әйелі – қалмақ ханының қызы екендігі туралы дерек бар. Жәнібек тархан жоңғарларға қарсы жорықтардың бірінде қалмақтың Көкі, Бәкі есімді екі аруын олжалап, апалы-сіңілілі бұл қыздарды ағалары Тінібек пен Тұрлығұлға сыйға тартады. Жалпы, Жәнібек батырдың әкесі Қошқар батырдың анасы Қатағанның ханының қызы – Қарашаш, нәсілі - қалмақ. Оны Шақшақ батыр ұлы Көшейге алып берген. Жәнібектің үшінші әйелі қалмақ қызынан туған балалары – Ақпанбет, Тоқпанбет, Деріпсалы.

Тарихи деректердің дәлелдеуінше, қазақтар мен қалмақтар ежелден бір-бірінен қыз алысып, қыз берісіп, құдандалы болған халық. Оған қазақтың бірқатар хандары мен сұлтандарының асыл аналарының, қазақ батырларының көбісінің аяулы жары қалмақ, жоңғар хонтайшыларының қыздары болғаны нақты айғақ.


Слайд 16НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ.


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика