8 наурыз презентация

Жоспары: Мерекенің шығу тарихы Мерекені қалай атап өтеді? Әйелдер жайлы нақыл сөздер Қазақтың ұлы қыздары! Қорытынды

Слайд 1

Орындаған: ЖМ15-16қ
Алматы 2018
Халықаралық Әйелдер Күні !!!


Слайд 2 Жоспары:
Мерекенің шығу тарихы
Мерекені

қалай атап өтеді?
Әйелдер жайлы нақыл сөздер
Қазақтың ұлы қыздары!
Қорытынды


Слайд 3Мерекенің шығу тарихы
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі 1857 жылы Нью-Йорк

қаласында болған көтеріліспен байланысты.Бұл көтеріліске тігін шеберханаларымен аяқ киім фабрикасында еңбек ететін әйелдер шыққан болатын. Олардың қойған талаптары:
10-сағаттық жұмыс, жарық және құрғақ бөлмелерде жұмыс жасау, ер азаматтардың алатын жалақы мөлшерімен бірдей жалақы алу еді. Ол кезде әйелдер қауымы тәулігіне 16-сағат жұмыс жасап, еңбек ақыларына болмашы жалақы алатын болған. Ерлер өздерінің табандылықтарының арқасында жұмыс уақытын 10-сағатқа түсірген болатын. АҚШ-тың көптеген мекемелерінде кәсіподақ ұйымдары құрыла бастады. 1857 жылдың 8-наурызынан кейін әйелдер қауымының да кәсіподақ ұйымы құрылды. Бұл ұйымның  бірінші мүшелері болып әйелдер тіркелді. Дәл осы күні АҚШ-тың көптеген қаласында өздеріне  дауыс беру құқығын беруді талап етіп жүздеген әйелдер көтеріліске шықты.

Слайд 4
Мерекенің шығу тарихы
1910 жылы Копенгаген қаласында өткен Халықаралық социалист әйелдердің

конференциясында  Клара Цеткин  8 наурыз күнін Халықаралық әйелдер күні мерекесі етіп жариялауды ұсынды, және де өз құқықтарымен теңдіктері үшін күресуге шақыратын үндеуін оқыды.  Бұл үндеу дүнижүзінің көптеген елінің әйелдерінен қолдау тапты, олар тек ғана өз құқықтар үшін күресуді ғана емес, кедейшілікке, еңбек ету құқығы мен ар-намыстың тапталмауына және де бейбітшілік үшін күресетіндерін білдірді. Алғаш рет бұл мейрам 1911 жылдың  19-наурыз күні Австрия, Дания, Германия және Швецария елдерінде аталып өтті. Дауыс беру құқығымен үлкен лауазымды орындарды иеленумен қатар, әйелдер  өндірісте ерлермен бірдей құқықтарға қол жеткізді.  1912 жылы бұл мереке 12-мамырда тойланды.

Слайд 5 Ежелгі Римде
Ежелгі Римде де әйелдер күні

болған. Осы күні матрондар (еркін туылған әйелдер), күйеулерінен сыйлықтар алып, махаббат пен қамқорлыққа бөленген. Күңдер де сыйлықтар алды. Сонымен қатар, үйдің иесі күңнің сол күні демалуына рұқсат берді. Ең жақсы киімдерімен, бастарындағы хош иісті шоқ гүлдерімен римдіктер ошақ сақтаушысы – Веста әулие ғибадатханасына келетін болған.

Слайд 6Билікке Кеңес Одағы келісімен 8 Наурыз мерекесін мемлекеттік мереке  ретінде қабылдады.

1965 жылдан бастап бұл күн күнтізбеде қызылмен белгіленді.
Кеңес Одағы тараған соң да бұл мереке ТМД елдерінде аталып өтіледі. Қазақстанда,  Азербайжанда, Грузияда, Қырғыстанда, Молдовияда, Тәжікістанда, Түрікменстанда, Украинада, Беларусияда Халықаралық әйелдер күні болып тойланса,  Өзбекстанда «Аналар күні», Арменияда «Сұлулық пен аналар» күні ретінде 7-сәуір күні тойланады.

Слайд 7Мерекені әр ел қалай атап өтеді?
Италия. Италияндық қыздар 8 наурызды ерлерсіз,

өздері қауым болып кафе немесе ресторанда тойлайды екен.
Швеция. Бұл елде 8 наурызда әйелдерге кітап беру қалыптасқан.
Колумбия. Богота қаласында (Колумбия астанасы) бұл күні нәзік жандылардың мерекесін құртпас үшін ерлерге көшеге шығуға тиым салынады екен.
Қытай. Мереке күні ерлер махаббаттарының айғағы ретінде өздерін кулинарлық жағынан танытады екен.
Қазақстан. Өзіміздің елде нәзік жандыларды мерекелерімен құттықтап, сыйлыққа гүл, әтір т.б. береді.

Слайд 8Әйелдер жайлы нақыл сөздер
Әйел адам - гүлмен тең.

Абай Құнанбаев

Біздің жерімізде еркек – діңгек, әйел – гүл. Діңгек – жапырақсыз, гүлсіз, қазақша айтқанда “қу бас” деген сөз. Әйел – құнарлы топырақ, онда адамзат дәні өсіп, жетіледі. Біз сол дәннің жемісіміз. Әйелсіз адамзат “жемісі” ешқашан да болмайды.
 Бауыржан Момышұлы

Әйелің жақсы болса
Бірінші – иманың
Екінші – жиғаның
Үшінші – ырысыңның тұрағы.
Төле Би

Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.
Халық даналығы

Жұмақтың кілті ана табанының астында.
Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбар


Слайд 9Қазақтың ұлы қыздары
Томирис патшайым
Бопай ханым
Фатима ханша


Слайд 10

Қазақтың ұлы қыздары
Әлия Молдағұлова
Мәншүк Мәметова
Хиуаз Доспанова


Слайд 11Қазақтың ұлы қыздары
Дина Нүрпейісова
Күләш Байсейітова
Роза Бағланова
Бибігүл Төлегенова
Шара Жиенқұлова


Слайд 12Назарлаыңызға рахмет


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика