1941-45 жж Ұлы Отан соғысы: шығуы, қорытындылары, сабақтары презентация

Жоспары: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім. 1) Гитлерлік фашизмнің соғыс жоспары 2) Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру 3) Қазақстандықтар Москва үшін шайқаста 4) Қазақстандықтар Ленинград үшін шайқаста 5) Қазақстан -

Слайд 1Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
Тақырыбы: 1941-45 жж

Ұлы Отан соғысы: шығуы, қорытындылары, сабақтары

Орындаған: ЕркінбекқызыА.
Тексерген: Әбдірахманова К. Ж.






Қарағанды 2010

СӨЖ


Слайд 2Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
1) Гитлерлік фашизмнің соғыс жоспары
2) Қазақстан экономикасын соғысқа

бейімдеп қайта құру
3) Қазақстандықтар Москва үшін шайқаста
4) Қазақстандықтар Ленинград үшін шайқаста
5) Қазақстан - майдан арсеналы
6) Қазақстан – Сталинград майданының ең жақын тылы
7) Азат етушілер батысқа бет алды
8) Ғылым мен мәдениет майданға
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер


Слайд 3Кіріспе
1941-45 жылдардағы Ұлы Отан соғысы КЕңес Одағы үшін бұрын-соңды бастан кешкен

барлық соғыстардың ішіндегі ең ауыры болды. Соғыс елді біртұтас жауынгерлік лагерге айналдыруды, бүкіл эконгомика мен кеңес халқының күш-жігерін майдан мүддесіне, жауды жеңу мақсатына жұмылдыруды талап етті. Қазақстан еңбекшілері бұл мінедетті толығымен қолдады. Сөйтіп, азттық соғысына бір кісідей көтерілді. Осы тұста өткен жиындарда олар Отан алдындағы парызын орындауға әзір екендіктерін білдірді. Қызыл Армияның қатарына өз ьеріктерімен баратындықтары туралы қалалық және аудандық әскери комиссариаттарға мыңдаған арыздар түсіп жатты. Жас жігіттер мен қыздар, аға буын өкілдері қолдарына қару алып, майданға аттануға тілек білдірді.

Слайд 4Гитлерлік фашизмнің соғыс жоспары

“Барбаросса” жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның басшылары

КСРО-ны “сансыз көп ұлттың жасанды және тұрақсыз бірлігі”, өзінше бір “ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат” деп қарастырды. “Ресейдің кең-байтақ жерін мекендеген халықтар жөніндегі біздің саясатымыз,- деді Гитлер өз сыбайластарына,- алауыздық пен жікке бөлінудің кез-келген түріне қолдау көрсету болуға тиіс”.
Кеңес елін отарға айналдыру, ал оның халықтарын құлдыққа түсіру – гитлершілдіктің дүние жүзіне үстемдік орнату жолындағы жоспары міне осындай болатын. Фашистік идеологтар кеңес адамдарын саяси және нәсілдік тұрғыдан аяусыз қырып-жоюдың кең көлемді бағдарламасын әзірледі.

Слайд 5Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру

Соғыс-шаруашылық жоспарына сәйкес республика экономикасын соғыс

жағдайына көшіру жүзеге асырылды. Жаңа кәсіпшіліктердің, Қарағнды шахталарының, Жезді, Шығыс Қоңырат, Мырғалымсай, Найзатас кеніштерінің, бірқатар байыту фабрикаларының, Ақтөбе ферроқорытпа заводының, Текелі және Өскемен қорғасын мырыш комбинаттарының құрылысы жедел қарқынмен жүргізілді.
Майданға жақын өңірлерден өнеркәсіп орындарын елдің шығыс аудандарына, оның ішінде 220 завод пен фабриканы, цехтар мен артельдерді Қазақстанға да көшіріп орналастырылды.

Слайд 6Қазақстандықтар Москва үшін шайқаста
Қазақстанда сонау азамат соғысы жылдарында құрылған 219-атқыштар полкінің

солдаттары, сержанттары мен офицерлері 1941 ж 24-маусымда Литваның Шауляй қаласының оңтүстігінде алғаш рет ұрысқа кірісті. Олар Литваның, Латвия мен Эстонияның жерлерінде, Оренбаум алғы шебінде жау шабуылына тойтарыс берді.
Кеңес Қарулы Күштері орасан зор қиыншылықпен жауды Москва түбінде алғаш рет ірі жеңліке ұшыратты. Мұнда генерал-майор И. В. Панфилов ж/е полк комиссары А.С.Егоров қолбасшылық еткен даңқты 316-атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты. 1941ж 16-қарашада Дубасекова разьезі түбінде жаудың 18 жауынгерлік машинасын жойып, оны шығысқа жібермеген 1075-атқыштар полкі.
Бородино селосында неміс бөлімінің штабына басып кіріп, 5 неміс офицерінің көзін жойған Төлеген тоқтароытың ерлігі жауынгерлердің есінде мәңгі сақталады.
Ротаның саяси жетекшісі М Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы, жау танкісін жойып, өз бөлімшелерін қоршаудан алып шықты.

Слайд 7 Москва үшін болған шайқастарды еске ала отырып,

Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған қахарманы, Кеңес Одағының батыры, белгілі жазушы Б. Момышұлы былай деп жазды: “Біз- кеңес адамдарымыз, біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады... Біздің үрейді ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік”.

Слайд 8Қазақстандықтар Ленинград үшін шайқаста
Қазастанда құрылған 310-атқыштар дивизиясы 1941ж 9-қыркүйектен бастап, сәл

кейінірек 314- дивизия Ленинградты қорғауға ж/е оны қоршап алған неміс әскерлерінің құрсауын бұзуға белсене қатысты. Олар Ленинград облысының 22 елдімекенін азат етуге, қоршаудағы қаланың “үлкен жолмен” тұрақты байланыс орнатып, “өмір жолын” салуына қатысты. Ленинград үшін шайқаста С. Баймағамбетов А. Матросовтың өшпес ерлігін қайталады.
Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі соғысты. Ораниенбаум алғы шебінде 48-атқыштар дивизиясының атақты мергені Д. Шыныбеков шайқасты. Солтүстік Қазақстан облысындағы Степан Разин атындағы ауылшаруашылық артелінің бұрынғы колхозшысықатардағы жауынгер Г. П. Зубков бастады. Ленин үшін шайқаста артиллерриялық бақылау аэросттарының дивизион командирі С. Жылқышев та ерекше көзге түсті.

Слайд 9Қазақстан - майдан арсеналы

Соғыстың алғашқы кезеңінде ел өнеркәсібін орналастыруда елеулі өзгерістер

болды. Орасан көп өнеркәсіп орындарының көшірілуі мен күрделі құрылыс бағдарламасының кеңейтілуі, жұмысшы табын жұмылдыру шығыстағы аудандардың экономикалық қуатын кеңейтті. Алайда Кривой Рог өңірі, Донецк көмір бассейні, Майкоп пен грозный кеніштерін, Украинадағы металлургия заводтары мен электр станцияларынқолдан шығарып алу салдарынан көмір, мұнай, металл өндірудің азаюы бүкіл әскери экономиканың одан әрі дамытылуына қатер төндірді.

Слайд 10Қазақстан – Сталинград майданының ең жақын тылы
1942 ж/ң жазында Сталинград түбінде

кескілескен ұрыстар өріс алды. 1942 ж/ң күзінде ауқымы жағынан адамзат тарихында болған барлық шайқастардан асып-түсетін Сталинград шайқасының от-жалыны Батыс Қазақстан даласын да шарпыды. Қазақстан Сталинград оьлысымен Каспий теңізінің Александр Гайга дейінгі 500 км бойында шектесіп жатқан еді, сондықтан да Сталинград майданында жүріп жатқан соғыс қимылдарына Батыс қазақстан станцияларымен елдімекендерінің кең көлемді аумағы тартылды.
Қазақстан сталинград майданына зор көмек көрсетті. Қорғасын заводтары, түсті металлургия, көмір мен мұнай өнеркәсібі кәсіпорындары толық қуатымен жұмыс істеді. 1942ж бронетанк базалары майданға қираған 300 ұрыс машинасы, 500 маторды күрделі жөндеуден өткізіп қатарға қосты. Ақтөбе авияция шеберханалары ай сайын 30 ұшақ пен 160 авияматор шығарып отырды.
116-атқыштар дивизиясының 565-атқыштар полкі 7-ротасы жауынгерлік құрамының көпшілігі қазақтар болған көшелерде ерлікпен шайқасты. ОЛардың құрметіне Сталинград қаласының бір көшесі “Қазақ” көшесі деп аталады.

Слайд 11Азат етушілер батысқа бет алды
137-атқыштар дивизиясының жауынгері Б. Есімбаев, Т. Рүстемов,

С. Баймағамбетов, Г. Постольников, А. Васильев, С. Есқалиев, А. Суханбаев, Ж. Қарақұлов және т.б. Жау дзоттарын өз кеудесін тосып тұншықтарды. Қазақстанның мыңдаған өкілдері Украинаны, Беларусияны, Балтық жағалауы республикаларын, Кеңестік Молдовияны азат ету жолындағы ұрыстарға қатысты.
Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші Ленин орденімен және алтын Жұлдыз медалімен наградталғандар-қазақ қыздары: 100-қазақ ұлттық атқыштар бригадасының пулиметшісі М. Мәметова мен 54-атқыштар бригадасының мергені Ә. Молдағұлова болды.Олардың екуі де 100-ден астам оккупанттарды жойып, шайқас үстінде қаза тапты.
Халық кегін қайтарушылар қозғалысына тән белгілердің бірі оның көпұлтты құрамы болды. Қазақстандық партизандар саны жалпы 3,5 мың адамнан асып түсті. Олардың қатарында: Қ: Қайсенов, Ж: Ағәділов, У. Оразбаев, Ә. Шәріпов, П. Ахмедияров, Т: Жұмабаев, Ж. Саин, Ж. Нәметов болды.

Слайд 12Шығыстың қос шынары


Слайд 13Майдан даласы


Слайд 14Ғылым мен мәдениет майданға


Соғыс жылдарында республикада елдің аса ірі ғылыми

күштері шоғырландырылды. Бурабайда акадеаиктер: В.М: Алексеев, А. Н. Бах, Н. Д. Зелинский т. Б. Ғылыми зерттеу жүргізді. Қ.И. Сәтпаев бастаған қазақстан ғалымдары қара, түсті ж/е сирек кездесетін металдарды, жанатын пайдалы қазбаларды, су ресурстары мен гидроэнергетикалық ресурстарды майдан қажетіне жұм ылдыру жөнінде зор жұмыс жүргізді.
Әдебиет пен өнер соғысып жатқан халықтың қуатты идеялық қаруы болды. Қазақтың 90-ға жуық жазушысы мен ақындары соғыс майдандарында шайқасты.

Слайд 15
М. Әуезовтың көп томдық “Абай жолы” роман-эпопеясының бірінші, С. Мұқановтың

“Өмір мектебі” повесі, Ғ. Мүсіреповтың “Қазақ солдаты”, Ғ. Мұстафиннің “Шығанақ”, Ә. Әбішевтің “Жас түлектер” повестері бүкілодақтық оқырмандарға қазақ кеңестік прозасының идеялық және көркемдік жағынан кемеліне келгенін көрсетті.”Қазақ кеңестік өнерінің көптеген үздік шеберлері С.Қожамқұлов, Қ. Қуанышбаев, Е. Өмірзақов, Ш. Айманов таңғажайып тұлғалар еді,- деп, еске алды кейіннен еңбек сіңірген өнер қайраткері Г. Рошаль. М. Әуезовтың, Ғ. Мүсіреповтың, Ә. Тәжібаевтың қатысуымен орталық киностудиялар шеберлерімен бірлесе отырып, “Абай әндері”, “Жауынгер ұлы”, “Саған, майдан” картиналары түсірілді.

Слайд 16ІІІ. Қорытынды
Соғыс қазақстан халқына үлкен сын

болды: онда социалистік жасампаздық тәжірибесі де, социалистік құрылыстың бұрмалануы да, соғыстың сұрапыл сынақтары да, жанға батар шығындар мен жеңіс қуанышы да, кескілескен шайқастардағы ерліктер де, еңбекпен өткен күнделікті өмірдің қарапайым ұлылығы да болды.
Біздің тарихымызда, оның ішінде соғыс жылнамасында сан қилы қаралы парақтар болғаны анық, бірақ шығындарды көрсете отырып халықтар достығын, патриоттық, отанға деген сүйіспеншілік, аға ұрпақтың батырлығы мен ержүректілігі сияқты әлеуметтік көріністерді атап айтуға болады.
Қандай ауыр болғанымен, біз осы қырғын соғыстың бар сәттерін, тауқыметтерін, барлық жеңістері мен жеңілістерін зердемізде ұстауымыз керек. Тарихты бөлшектеп, кейбіреулерін керек емес етіп лақтырып тастау жалпы көріністі бұзады. Халқымыз басынан өткерген осынау сұрапыл соғыстың әрбір кезеңі есімізде сақталу қажет. Қаншама қасіреттен кейін қолымыз әрең жеткен жеңіске қазақ халқының қосқан үлесі өте зор.


Слайд 17Ұмытылмас оқиға


Слайд 18Пайдаланылған әдебиеттер:
1. “Қазақстан тарихы” М. М. Мұхамедов,

Б.Сырымбетұлы.
“Қарасай” баспасы 2009

2. “Қазақстан тарихы” Ә.Әбдәкімұлы Алматы 1997

3. “Қазақстан тарихы және көне заманнан бүгінге дейін” очерк
“Дәуір” баспасы 1994

4. “Қазақстан тарихы” Ч. Мусин Алматы 2003


Слайд 19Назар аударғандарыңызға рахмет!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика