Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы презентация

ЖОСПАР: Кіріспе. Негізгі бөлім 1. Қазан төңкерісі, оның алғы шартары 2. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауының ерекшеліктері. 3. Алаш саяси қозғалысының тарихы. 4. Кеңес өкіметі және Алаш Орда ұлттық мемлекеті. Қорытынды.

Слайд 1Қ.А Ясауи атындағы қазақ түрік халықаралық университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.



Орындаған:

Уразбаева Ұ
Тобы: 113 ЖМ
Қабылдаған:
Түркістан 2015

Слайд 2ЖОСПАР:
Кіріспе.
Негізгі бөлім
1. Қазан төңкерісі, оның алғы шартары
2. Қазақстанда Кеңес өкіметінің

орнауының ерекшеліктері.
3. Алаш саяси қозғалысының тарихы.
4. Кеңес өкіметі және Алаш Орда ұлттық мемлекеті.
Қорытынды.

Слайд 31917 жылы қазанда Петроградта және оның маңайында социалистік революцияның жеңіп шығуы

үшін партияның басшылығымен Қызыл гвардияшылардың, революцияшыл солдаттар мен матростардың 250 мың жауынгерінен тұратын екпінді отряд жасақталды. Осы басты үш күш 24 қазанда таңертең шабуылға шығып, сол күннің кешінде көтерілістіц орталығы Смольныйға В.И.Ленин келгеннен кейін, көтеріліс өзінің шешуші кезеңіне көшті. 25 қазанда (қарашаның 7) танертең Петроград Советі жанындағы Әскери-рев. Комерциялық комитет В.И.Ленин әзірлеген "Россия азаматтарына" үндеуді жариялады. Онда Уақытша үкіметтің құлатылғаны хабарланды. 25 қазанның кешінде Смольныйда Советтердің Бүкіл россиялық 2-съезі ашылды. Съезд "Жұмысшыларға, солдаттарға және шаруаларға" үндеудегі бүкіл өкімет билігінің Советтерге көшкенін мәлімдеп, қарулы көтерілістің жеңіп шыққанын баян етті. Съезд Бейбітшіліктуралы, Жер туралы декреттер қабылдап, БОАК-ті сайлады. Совет үкіметін-Халык Комиссарлары Советін қүрды. Оның Председателі болып В.И.Ленин бекітілді. Жаңа заман басталды.

Слайд 4Қарашаның басында Москвада жеңіске жеткен революция бүкіл елде озінің салтанатты шеруін

бастады. Поволжьеде, Уралда, Сібірде Совет өкіметінің орнауы кейбір себептерге байланысты біраз кешеуілдеді. 1917 ж. 30 қазанда Қазақстанда алғаш рет өкімет билігін Перовск (казіргі Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өз қолына алды. Ол кезде бұл үлкен гарнизон орналасқан ірі теміржол станциясы болатын. 3 маусымда мұнда дербес большевиктік үйым құрылып, РСДЖ(б) П ОК-нің Москва бюросымен байланыс орнатқан еді. Түркістан мен Сырдария облысыныц окімшілік орталығы Ташкенттегі қарулы көтеріліс жеңіске жеткеннен кейін Әулиеатада, Шымкентте, Қазалыда т.б. жерлерде бейбіт жолмен Совет өкіметі орнады. Біраз кідірістен кейін — 22 қарашада Петропавлда, 27 желтоқсанда Ақмолада өкімет билігі Советтер қолына көшті.

Слайд 6Оның кідіру себебі Сібір қазақтарының ауқатты бөлігіне арқа сүйеген әсерлер мен

меньшевиктер белсенді қарсылық көрсетті. Ұсақ буржуазиялық қайраткерлердің қазақтардың офицер-атаман топтарымен бірігуі оларға кей жерлерде революция күшін уақытша тежеуге мүмкіндік берді. Оралда, Орынборда, Алматыда меньшевиктер мен әсерлердің қатысуымен, "әскери үкімет"құрылды. Ол Совет өкіметімен күреске әзірлік жұмысын оз қолына алды. Семейде, Павлодарда, Өскеменде ұсақ буржуазиялық "делегаттар жиналысының" қолшоқпары басшылық етті. Бұл жерлерде қазақ полктерімен, жасақтармен, офицерлік-юнкерлік отрядтармен бірге реакция жергілікті халықтардың буржуазияшылдарынан қолдау тапты. 14 қарашада атаман Дутов Орынборда төңкеріс жасап, Поволжье мен Орач оңірі Қызыл гвардия-шылдармен ашықтан-ашьтқ Қазақстанда кеңес үкіметіне қарсы соғыс қимылдарына көшті.

Слайд 7Қазақтардың демократ жетекшілері 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда "Алаш" партиясының кезекті

(үшінші) съезін өткізді. Съезде Алашорда автономиясының орнағанын және кадет партиясы Орталық Комитетінің мүшесі Ә.Бокейханов бастаған үкімет құрылғанын хабарлады, программалық документтер қабылдады. Ол 25 мың адамнан тұратын милиция формасындағы үлттық қарулы күш ұйымдастыруды белгіледі.
Алаш өкіметін құру мәселесі 1917 жылы шілденің 21-28-інде Орынбор қаласында жалпы қазақтық I съезінде қаралған болатын, съезде 14 мәселе талқыға түсті. Алдымен мемлекет құрылысы қаралды: "Русия демократическая, парламентарская республика болып, қазақ облыстары қоныс-ұлт жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс"' деп ең негізгі мәселені шешкеннен соң, жер проблемасы жайында 14 баптан тұратын қаулы қабылдады. Ең мықтап айта алғандары: "қазақ халқы өзінің еншілік жеріне орнығып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін". Осындай дұрыс ой- пікір күні бүгінге дейін күшін жойған жоқ.

Слайд 9Ал қазақтың ұлттық-территориялық мәселесін Алашорда автономиясы 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор

қаласындағы жалпы қазақтың II съезінде заңды түрде бекітті.
Алашорда автономиясын оның конституциясын бүкілроссиялық құрылтай съезі бекітуге тиіс. "Алаш" партиясы Программасының жобасы 1917 жылы "Қазақ" газетінің 251 санында жарияланды. 10 баптан тұратын саяси құжатта қазақ елінің ұлттық, тілек-мақсатының негізгілері баяндалды, онда: "Алаш Орда" үкіметінің бағдарламасында автономияның мемлекеттік үкімет билігінің түрі "федерациялық республика құрамындағы дербес мемлекет" ретінде анықталды. Ол республиканың Құрылтай жиналысы мен Мемлекеттік Думасы болады, атқарушы механизм міндетін Президент пен Министрлер кеңесі атқарады деп көрсетілді. Бұл бағдарлама сонымен қатар сайлау жүйесін де, дінді мемлекеттен бөлуді де, сот істерін белгілі бір жерде жинақылап, көпшілік болып табылатын халықтың тілінде жүргізу, әскер кұру мен салық салу ісін ұйымдастыру, "түземдіктердің" жерді пайдаланудағы құқығын анықтау және жерге мемлекеттік меншікті орнату сияқты тағы басқа шараларды да қамтыды.

Слайд 10Алаш автономиясының Алашорда аталған (Алаштың ордасы немесе үкіметі) ұлт кеңесінің құрамына

15 қазақ азаматы сайланды. Уәлитхан Танашев (Бөкей ордасы), Халел Досмұамедов (Орал облысы), Халел Ғаббасов (Семей облысы), Сыдық Аманжолов (Жетісу облысы), Мұстафа Шоқай (Сырдария облысы), облыстардан тыс Алашорда қүрамына Әлихан Бөкейханов, Жаһанша Досмұхамедов, Әлімхан Ермеков, Мұхаметжан Тынышбаев, Бақыткерей Құлманов, Жақып Ақбаев, Базарбай Мамытов, Отыншы Әлжанов сайланды. Үкіметтің осы 15 мүшелеріне орынбасарлар болып қазақ өлкесінің әр түрлі өңірлерінен тағы да 15 кісінің кандидатуралары бекітіледі. Әлихан Бөкейханов Алаш автономиясының үкіметі — Алашорданың төрағасы болып сайланды.
Сол кездегі Алашорда автономиялық мемлекетінің жері Россия империясының бес әкімшілік (административных) құрамы болып кірген еді. Сырдария мен Жетісу облыстары — Түркістан генерал губернаторлығына, Торғай облысы Орынбор губерниясына, Орал облысы тікелей Россия мемлекетінің қүрамына кірді.

Слайд 12Алашорданың уақытша ұлт кеңесінің басшы құрамына сайланғандар, 1918 жылғы көкектің екісіне

дейін Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтар Москвада автономия алу жөнінде В.И.Лениннің қабылдауында болды. Ә.Бөкейханов, Х.Ғаббасов, Ә.Ермековтер В.И.Ленин жоне И.В.Сталинмен Қазақавтономиясының жер көлемі, шекарасы туралы келіссөз жүргізді. "Қазақ" газетінің 1918 жылғы 30 шілдеде шыққан 262 санында "Заречная слободада Алаш орда хүкумәтінің іске кіріскені" туралы телеграмма басылған. Сонымен қатар 1918 жылы майда Оралда өткен қазақ съезінде Жаһанша және Халел Досмұхамедовтер бастаған "Ойыл уәлаятының" уақытша үкіметі (провинциальное правительство) жарияланды. Ол сол жылы 26 шілдеде Жымниты қаласына барып орналасқан. Бірақ Алаш орданың батыс бөлігі жеке ұйым деп есептелмеген. Алашорда автономиясының төрағасы Ә.Бөкейханов "Алашорданың батыс бөлімін күру жайын іс қағазына қол қойған, бірақ Алашордада заңды түрде мұндай бөлінуі болмаған'". Осының бәрін ескере отырып, Алашор-аның батыс бөлімін жеке үйым деп есептеуғе болмайды -деп жазды Қырғыз өлкесін басқарушы Пестковскийге 1920 жылы 23 ақпанда жазған есебінде.

Слайд 13"Алаш Орда" үкіметі өзінің әскерін құруға және Қазақстан аумағында окілетті окімет

биліктерін үйымдастыруға кірісті, "ресей патриотизміне" ақырына дейін адал болып қатған әскер болімдерінің атамандарымен оскери одақ қүрып, олардан қару-жарақ алмақ болды3.
Алаш үкіметінің төрагасы Ә.Бокейханов 1919 жылдың басында Омбыда Колчактан қару-жарақ сұрау ниетімен барғанда Алаш Орда үкіметіне бағынышты әскердің құрамын, түрған жерін санын айтады: солардың ішінде:
Батыс Алашорданың басшысы Жаһанша Досмұхамедов өзінің 1919 жылы 21 желтоқсанда Орынбордағы Кирревкомға жазған құпия хатында атты қазақтардың қыстағанына қарамастан Алаш солдаттарының қызылдарға қарсы соғыспағанын, тек тым болмай бара жатқан жағдайларда ғана ақтардың қатарында қара беріп кейін қашып кетіп жүргендерін, қазіргі кезде ақтардың бастықтары Алашқа анығынан сенбей қарап, қысымын кушейтіп отырғанын, сондықтан Түркістан майданының Оралдағы соғыс-революңия советінің мүшесі Лежава-Мюратпен байланыс жасап, ақтарға қарсы әрекеттерін тездетіп, қазақ даласын ақтардан тазартуларын өтінгендерін хабарлайды, өзара келісіп сөйлесу үшін ревкомның бір адамын жіберулерін өтінеді.

Слайд 14"Алаш Орда" үкіметі өзінің әскерін құруға және Қазақстан аумағында окілетті окімет

биліктерін үйымдастыруға кірісті, "ресей патриотизміне" ақырына дейін адал болып қатған әскер болімдерінің атамандарымен оскери одақ қүрып, олардан қару-жарақ алмақ болды3.
Алаш үкіметінің төрагасы Ә.Бокейханов 1919 жылдың басында Омбыда Колчактан қару-жарақ сұрау ниетімен барғанда Алаш Орда үкіметіне бағынышты әскердің құрамын, түрған жерін санын айтады: солардың ішінде:
Батыс Алашорданың басшысы Жаһанша Досмұхамедов өзінің 1919 жылы 21 желтоқсанда Орынбордағы Кирревкомға жазған құпия хатында атты қазақтардың қыстағанына қарамастан Алаш солдаттарының қызылдарға қарсы соғыспағанын, тек тым болмай бара жатқан жағдайларда ғана ақтардың қатарында қара беріп кейін қашып кетіп жүргендерін, қазіргі кезде ақтардың бастықтары Алашқа анығынан сенбей қарап, қысымын кушейтіп отырғанын, сондықтан Түркістан майданының Оралдағы соғыс-революңия советінің мүшесі Лежава-Мюратпен байланыс жасап, ақтарға қарсы әрекеттерін тездетіп, қазақ даласын ақтардан тазартуларын өтінгендерін хабарлайды, өзара келісіп сөйлесу үшін ревкомның бір адамын жіберулерін өтінеді.

Слайд 15 Тек соңғы 15 жылдың жүзінде ұлттық-демократиялық интеллигенцияның халық таныған көсемдерінің есімдері

халыққа қайтарылып, олар қалдырған рухани мүра қалың жүртшылықтың игілігіне айналды.
"Алаш Орда" үкіметінің Қазақстандағы 4 жылдық басқару кезеңі, міне осылай аяқталды1. Кеңестік социализм идеолог-тары "Алаш Орданы" буржуазиялық үлтшылдық қозғалыстан озге ешнорсе емес деп бағалайды. Алайда біздің жоғарыда атап корсеткеніміздей оның қызметі мен бағдарламасында "буржуазияшылдықтың" ешқандай да белгісі жоқ. "Алаш" — "үлттық-демократиялық" партия болды. Ал оның өмір сүрген уақытын қазақ халқының оз тоуелсіздігін қалпына келтіру жолындағы күресінің маңызды бір кезеңі деп бағалау керек.
Үкімет билігін қолына алған болыпевиктік-марксистік партия үлттардың болініп кетуге дейінгі озін-озі басқару үранын "интернационалдық бірлік" жоне "сепаратизмге жол бермеу" үрандарымен ауыстырды. Ал оз идеяларын оздеріне дейінгі патшалы Ресейдегіден әлдеқайда қатал және қатып-семіп қалған догмалық нүсқада жүзеге асыра бастады. Сонымен патшалық Ресейдің отарлау кезеңі "Алаш Орда" автономиясының уақытша жүргізген үлттық басқаруы кезе-ңімен алмасты. Ал "Алаш Орда" үкіметін Кеңес өкіметі 1920 жылы құлатты да, Қазақстан аумағында жаңа мемлекеттілік орнады. Ол іс жүзінде озінің басқару тәсілдері жағынан үлттық дербестікке, өздерінің этникалық тарихы мен салт-дөстүрлерін одан өрі жалғастыруға үмтылған халықтарды идеялық жағынан басып-жаныштап отыратын жүйесі болған патшалы Ресейдің тым қатал тосілдерінен де асып түсті.

Слайд 17Сонымен қорыта келгенде Ақпан көтерілісінен кейін ұлттық қозғалыс жаңа серпін алды.

1918 жылы 22 қаңтарда Кеңес өкіметіне балама ретінде Қоқанда Түркістан автономиялы республикасы, ал 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орын-борда Алаш автономиясы жарияланды. Алайда оуелі Қоқан, кейін "Алаш" өкіметтері ұлттық мемлекеттік идеяны жүзеге толық асырып болмай-ақ, тарих саханасынан аластатылды. Қазақ үлттық мемлекеттігін құру идеясы тек кеңестік түсінік тұрғысында ғана үстем болды.
1920 жылы 9 мартта Қырғыз (қазақ) ревкомы Алашорданың және оның барлық мекемелерінің жойылғаны туралы хабарлады.

Қорытынды:


Слайд 181. Қодыбаев М. «Қазақстан тарихы». Очерктер. Аматы-1994
2.Учебное пособие по истории

Казахстана А.1992
3. Абдакимов А. «История Казахстана» Алматы-2003
4. Қазақстан тарихы.Очерк: А.1993.
Қосымша
1. Тарихтың ашы сабағы «Ақтабандар ақиқаты» Алматы - 1992

Қолданылған әдебиетер:


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика