Қазақ жерлерін Ресейге қосудың аяқталуы презентация

ХІХ ғасырдың 20-жылдары Ресей Орта жүз бен Кіші жүзде хандық билікті жойып, Ресейлік басқару жүйесін енгізгенімен, Ұлы жүз мәселесіне әлі де көңіл бөле қоймаған болатын. Жалпы, ХІХ ғ. 30-жылдарына дейін

Слайд 1Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Қазақстанның жаңа

және қазіргі заман тарихы

11 тақырып. Қазақ жерлерін Ресейге қосудың аяқталуы .

Мамандығы: 5В020300-Тарих
Авторлары:
Жакин М.С., т.ғ.к., археология, этнология және Отан тарихы
кафедрасының доценті
Бөдеев Қ.Т., археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының
аға оқытушсы
Сабақ түрі: дәріс
Қарағанды 2015

Слайд 2
ХІХ ғасырдың 20-жылдары Ресей Орта жүз бен Кіші жүзде хандық билікті

жойып, Ресейлік басқару жүйесін енгізгенімен, Ұлы жүз мәселесіне әлі де көңіл бөле қоймаған болатын. Жалпы, ХІХ ғ. 30-жылдарына дейін Ресей империясының “үлкен саясатынан” Орта Азия мәселесі де тыс қалды. Ресей ол тұста негізінен Түркия мен оның иеліктеріне көп көңіл бөлді.



Слайд 3
Ағылшын-орыс бақталастығында бұл үрдістердің белсенділігі арта түсті. Ресейдің Таяу Шығыстағы  жетістіктері

Англия қарсылығының күшеюіне әкелді. 1841 жылы Лондон конвенциясы Ресейдің Таяу Шығыс мәселесіндегі  ірі дипломатиялық жеңілісі болды. Орта Азия мен Қазақстан біртіндеп ағылшын-орыс бақталастығының негізгі аймақтарының біріне айналды. Қазақстанның стратегиялық аймақ ретінде Орта Азия хандықтары мен Ресей және Қытай аралығында орналасуын патша әкімшілігі жақсы түсінді. Қазақстандағы өз ұстанымын нығайту үшін түрлі шаралар қарастыра бастады. Ресей Сыртқы Істер министрлігінің Азия департаментінің ұсынысымен ХІХ ғ. 30-жылдары Қоқан хандығына Н.Г.Потанин, Бұхар әмірлігіне П.И.Демезон мен И.В.Виткевич, Е.П.Ковалевский, Хиуаға Г.И.Данилевский бастаған дипломатиялық миссиялар жіберді. Бұл сапарлардың барысында Ресей Хиуа және Бұхарамен орыс-азия сауда мәселелері бойынша бірқатар келісімдерге қол жеткізіп, Орта Азия хандықтарының ішкі жағдайы мен Хиуа хандағының Сырдария бойындағы қазақтарға қатысты саясаты туралы бірқатар мәліметтер алып қайтты. 3

Слайд 4
1839 жылы қараша айының ортасында Орынбор губернаторы  В.А.Перовский 12 зеңбірек, 4

мың жаяу әскер және 10 мың түйеге артқан жүгімен Хиуаға қарсы жорығын бастады. Қатты суық пен боранның салдарынан Перовский 2 мың түйесінен айырылып, үлкен шығынмен Ембі бекінісіне дейін ғана жете алды. 1840 жылы 1 ақпанда тағы да 5 мың түйе азық-түлікпен басқа да құрал-жабдықтарын жоғалтып Ақбұлаққа жетті. Ақпан айының ортасында Орынборға кері қайтты. Бірақ, жағдайдың бұлай шиеленісуіне қарамастан Хиуа жорықтың қайталануынан қауіптеніп Ресейге 124 орыс тұтқынын қайтарды және Петербургке елшілік жіберді.



Слайд 5
Орыс билігін мойындамаған қазақтарды бағындыруға және Орта Азия хандықтарының шекарасына орыс

әскерін жақындату мақсатында Ресей Сырдарияның төменгі ағысының бойына әскери бекіністер сала бастады. 1847 жылы Райым бекінісі, 1848 жылы Қазалы форты салынды. Жаңа бекіністердің салынуы орыс әскерлеріне біртіндеп Сырдарияны бойлап жоғары жылжуға және қоқандықтардың ірі бекіністерінің бірі Ақмешітке жақындауға мүмкіндік берді.













В.А.Перовский


Слайд 6
1848-1849 жылдары
А.И.Бутаковтың басшылығымен келген экспедиция Арал теңізін зерттеп, теңіздің картасын

жасады. Арал теңізінде кеме айлағы ашылды. Оның болашақта Орталық Азия және Хорезммен сауда қарым-қатынасында, әскери мәселелерде маңызы зор болды.



Слайд 7
19ғ 20-30жж «Азия комитеті» құрылды. 1825 жылы шілдеде Жетісудың Үйсін болысының

50 мың адамы Ресейге қосылып, өз жерлерінде округ ашуға рұқсат берді. 1847 жылы Қапал бекінісі салынды. Қапалдың салынуы қырғыздардың Жантай, Жаңғар, Ормон руларының 60 мың отбасын Ресейге қосылуын тездетті. 1848 жылы бұл өңірге Ресей приставтығы тағайындалды. 1853 жылы Талғар өзенінің Ілеге құяр жерінен Іле бекеті тұрғызылды.
Таушүбек бекінісі – Жетісудағы Қоқан хандығының тірегі болған. 1851 жылы шілденің 7-сінде Таушүбек бекінісін Карбышев әскері қантөгіссіз алды. Карбышев тобын қолдаған Тәйнеке Досетұлының жігіттері.
Іле өңірінде әскери күштерді молайтып, керуен жолдарын бақылауға алу подполковник Шайтановқа тапсырылған. Ресейдің күшін қоқандықтар озбырлығынан құтқарушы ретінде қарсы алып, Ұлы жүзге орыс әскерінің енуін қолдаған аттары аңызға айналған – Сұраншы батыр, Шаян батыр, Жайнақ би.

Слайд 8
Орыс әскері 1860 жылы Тоқмақ, Пішпек бекіністерін алды. 1860ж 19-21 қазан

аралығында Ұзынағаш шайқасы өтті. 2 орыс әскері, 400 қоқандық қаза тапты. 1863 жылы Ресейге 4 мың қоңырат, 5 мың бестаңбалы шаңырағы қосылды. 19ғ 50-60жж Орта Азия үшін Ресейдің басты бәсекелесі Англия болды. 1864 жылдың көктемінде орыс әскері Мерке, Әулиеата, Түркістан бекіністерін алды. 1864 жылы М.Черняев басқарған әскер Шымкент бекінісін алды. 1865 жылы шілдеде үш күндік соғыс нәтижесінде Ташкентті алды. 1866 жылдың басында орыс әскері Бұхар хандығына басып кірді. 1868 жылы Қоқан, 1873 жылы Хиуа хандығы Ресей билігін мойындады. Қазақстанның Ресейге қосылуы бір жарым ғасырға (150 жылға) созылды. Қоқандықтар мен орыстар соғысында қазақтар екі жаққа бөлініп, екі жақты да қолдады.

Слайд 9Өзіндік бақылау үшін сұрақтар
1. Қай жылы генерал-губернатор Б.Игельстром Кіші жүзде

хандық билікті қалпына келтіріп, Айшуақты хан етіп қойды:
A) 1797ж.
B) 1793ж.
C) 1787ж.
D) 1799ж
E) 1784ж.
2. Әбілқайыр (XVIIIғ.) кім:
A) батыр
B) би
C) сұлтан
D) хан
E) рубасы.

Слайд 10Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Атабаев Қ.М. Деректану-Қазақстан қоғамдық ғылымдарының методикалық негізі. // Тарихи

дерек: археография және деректану мәселелері: Республикалық галыми-теориялык конференция материалдары. -30 қазан. -2007ж. - Алматы, 2007. - 3-11 бб.
Тәсілова Н. Щербинаның экспедициясы: тарихи алғышарттары, зерттеушілердің құрамы мен негізгі әдістемесі. // Қазақ тарихы. -№2. -2008 ж. -51-57 бб.
Қазақстан тарихы: лекциялар курсы: оқу құралы / ред.басқ. Қ. С. Қаражан. - Алматы : NURPRESS, 2011. - 376 б
Калиева, К. С. Тарихнама: оқулық / К. С. Калиева. - Алматы : Полиграфкомбинат, 2012. - 279 б.
Қазақстан тарихы: оқу-әдістемелік құрал / жауапты ред. А. З. Смагұлова. - Астана : Ұлттық тестілеу орталығы, 2013. - 98 б.
Мұхатова, О. Х. Тарихнама ғылымы: теориялық - методологиялық негіздері және зерттеу үлгілері: оқу құралы / О. Х. Мұхатова ; Әл - Фараби атын. Қазақ ұлттық ун-ті. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2009. - 185 б.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика