Қарлұқтар презентация

VI—VII ғасырларда қарлұқтар Түрік, Батыс түрік және Шығыс түрік қағанаттары ықпалының аясына кірді. Орталық Азияда орын алған саяси қиын-қыстау кезеңдер барысында қарлұқ тайпаларының бірлестігі аумақ-тық және саяси жағынан ыдырады. Жазбаша деректерде

Слайд 1ҚАРЛҰҚТАР
Қабылдаған: Нұрманова Ш. Орындағандар: Қуаныш А. Қуандық С.


Слайд 2VI—VII ғасырларда қарлұқтар Түрік, Батыс түрік және Шығыс түрік қағанаттары ықпалының

аясына кірді. Орталық Азияда орын алған саяси қиын-қыстау кезеңдер барысында қарлұқ тайпаларының бірлестігі аумақ-тық және саяси жағынан ыдырады. Жазбаша деректерде қарлұктардың бірқатар шоғырланған топтары туралы хабарланған. Мәселен, шығыста олардың Отюкен таулы жерлерінде (Монғолия), Шығыс Түркістанда Бесбалық аймағында орналасқаны айтылған, ал ең оңтүстігінде Ауғанстанның солтүстігіндегі Тоқарстанда ірге тепкен. Алайда олардың негізгі көпшілігі ертедегі түріктердің руналық ескерткіштерінің деректері бойынша Монғол Алтайы мен Балқаш көлінің аралығында, Тарбағатайдың оңтүстігі мен солтүстігі жағындағы аумаққа орналасқан «үш қарлұқ» (қарлұқтардың үш тайпасы) бірлестігі ретінде мәлім. Қарлұқ тайпалары одағының билеушісі «елтебер» деген атақ алған, ұйғырлар мен аздардың билеушілері осылай аталған. 657 жылы олардың негізгі қоныстанған ауданында қарлұқтардың үш аймағына қоса, тайпа басшылары басқаратын төртінші әкімшілік аймағы пайда болды.

Кіріспе


Слайд 4Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы олардың Ұйғыр қағанатынан бөлініп шығуына жеткізді. 746 жылы

қарлүқтар Жетісуға қоныс аударды, ал онда саяси жағдай тым күрделі болатын. Өзара қырқысқан күресте түргеш қағандары өздерінің бүрынғы күш-құдіретінен айрылды. Соның салдарынан бытырап кеткен түргеш тайпалары қарлұқтарға лайықты қарсылық керсете алмады. Бұл оқиғалар ертедегі түріктердің Терхин жазбаларында: «Ит жылы үш-қарлұқ опасыздық жасап, қашып кетті. Олар батыстағы он оқ халқының еліне келді», — деп көрсетілген. Түргештердің әулеттік руларының саяси билігінің әлсіреуін Шығыс Түркістандағы қытай наместниктері пайдалана қойды. Тань әскерлері Суябты басып алды, Шашқа (Ташкентке) дейін жетті, бірақ мұнда көк тіреген Қытайдың мүдделері батыстан өздерінің ықпал өрісін кеңейту мақсатымен ілгерілеп келе жатқан арабтардың мүдделерімен қиғаш келді.
Қайшылықтың шиеленіскен түйіні 751 жылы екі империялық күш арасындағы шешуші шайқас барысында шешілді, оның нәтижесінде тань әскерлері зор шығынға ұшырады. Араб тарихшысы Ибн әл-Асирдің мәліметтеріне қарағанда, Атлах қаласының түбінде 50 мың қытай өлтіріліп, 20 мындайы тұтқынға алынған. Қытай әскерлері Жетісу шегінен ғана емес, ұйғырлар мен тибеттіктердің қысымымен Шығыс Түркістаннан да кетті. Талас аңғарында арабтар да тұрақтап қала алмай, Шашқа шегінді. Соның нәти-жесінде қарлұқтар өз жағдайын нығайтып алды.

Мемлекеттің құрылуы


Слайд 6Қарлұқтардың астанасы мен олардың көптеген қалалары Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу тұрғындары

үшін дипломатиялық және сауда жолы ретінде ғана емес, сонымен қатар мәдени және рухани жетілу жолы ретінде де зор маңызы болған Ұлы Жібек жолының бойында жатты.
Өзара қырқыс, билік пен жайылым үшін күрес қарлұқтардың этникалық-әлеуметтік қауымын әлсіретті, солай бола тұрса да, онда патриархаттық-феодалдық қатынастар нақ сол кезде одан әрі дамыды.
Билік етуші ақсүйек үстем топтардың иерархиялық қатаң жүйесі айқын бейнеленіп қана қойған жоқ, сонымен қатар қарлұқ конфедерациясьшың рулары мен тайпалары да әлеуметтік маңызына қарай бөлінді.
Көшпелі тайпалардың билеп-төстеуші шонжарлары жайылымдық жерлерді ғана емес, қалалық орталықтарды да иеленді. Қарлұқтар тұрған аймақ, «Худуд әл-алам» (X ғ.) авторының мәліметтеріне қарағанда, түріктерге қарасты аумақтар арасында халық мейлінше көп қоныстанған және ең бай жер болған; онда қалалар мен отырықшы қоныстар көп еді. Нақ сол деректемеге сәйкес, қарлұқтар елінде 25 қала мен қоныс болған, олардың ішінде Құлан, Мирки, Аталық, Түзун, Балық, Барсхан, Сикуль, Талғар, Тоң, Пен-чуль және басқалар бар. Қарлұқтар хақанының қаласы ерекше, әл-Идри-сидің (XII ғ.) мәліметтері бойынша, ол «көп адам тұратын және бекіністі, әскері сансыз көп және жарақтары мол» деп сипатталған.


Слайд 8Қарлұқ жабғуы Оңтүстік Қазақстан маңайында Мауараннахрдың солтүстігіндегі жерлерді басып алу жөнінде

белсенді саясат жүргізген арабтарға қарсы күресті басқарды. Арабтарға қарсы әр түрлі аттаныстарды қарлұқтар талай рет белсене қолдады.
Қарлұктардың шығыста Ұйғыр қағанатымен бәсекелеспек болған әрекеттері кейін сәтсіздікпен аяқталды. 791 жылы ұйғырлар Бесбалық түбінде карлұқтар мен тибеттіктердің әскерлерін талқандады. 812 жылы олар қарлұқтарды толық женді. Қарлұқтарды қуа отырып, ұйғыр қағаны Ферғана мен Сырдарияға дейін жетті, олардың адамдары мен малын қолға түсіріп, Орталық Азияға қайтып кетті. Осы қатаң жеңілістен кейін қарлұқ жабғуы Монғолиядағы орталығы Отюкен болған ұйғыр қағанының жоғарғы билігін мойындауға мәжбүр болды.
¥йғырлардың билеп-төстеуіне Енисей қырғыздары табанды қарсылық көрсетті. Қырғыздардың иеліктері шығыста Байкал маңында тұрған гулиган халқы аймағына дейін тарады; батыста олардың мекендерінің шекарасы Алтай тауларына дейін, оңтүстік-шығыста - Саян жотасына дейін барды.

Қарлұқтардың сыртқы саясаты


Слайд 10Испиджаб көшпелі түріктерге ислам дінін таратудың орталығына айналды. Макдисидің (X ғ.)

мәліметтері бойынша, мұнда «дін жолында» соғыс жүргізу үшін 1700 рабат (керуен-сарай) салынған. Бұл цифр, әрине, көрінеу көзге асыра айтылған, бірақ ол көп жайды аңғартады. Саманилер өздерінің ықпалын бүкіл Испиджаб аймағына жүргізіп, оның халқы арасында мұсылман дінін орнықтыруға күш салды. 893 жылы Исмаил ибн Ахмад Таразға үлкен жорық жасады, мұның нәтижесінде Тараздың билеушісі өзінің диқандарымен бірге ислам дінін қабылдауға мәжбүр болды, ал қаланың басты шіркеуі мешітке айналдырылды. Тараздың билеушісі Саманилердің әулетіне жартылай вассалдық тәуелділікте болды.
Мұнымен қатар Жетісу түріктері Саманилердің тегеурініне төтеп беріп қана қойған жоқ, сонымен қатар өздері де олардың мемлекетіне жорықтар жасап тұрды. Мәселен, 904 жылы түріктің кеп әскері Мауараннахрға басып кірді, бірақ көп ұзамай онан ығыстырылып шығарылды.
Қалалық орталықтарда отырған билеуші қарлұқ шонжарларында елеулі әскери күш болды. Мәселен, тегін атағы бар Барсхан билеушісі 6 мың жауынгер жинай алатын еді, Пенджикент билеушісінің — 8 мың, Беклиг қаласында Иналтегіннің 7 мың жауынгері болды, Суябтың ялан-шахы 20 мыңға дейін әскер шығара алды және т. т. Қарлұқ қағанатындағы үлестік-тайпалық басқару жүйесі орталық билікті мойындамай, билік жолындағы күрестің күшеюіне себепші болды.

Слайд 12«Худуд әл-аламның» мәліметтеріне қарағанда, Суяб ауданында тұхси тайпалары мекендеген. Тұхсилердің үлкен

бір тобы X ғасырға дейін қар-лүқтардан солтүстікке таман қоныстанған. X ғасырдың орта шенінде олар оңтүстікке қарай едәуір жылжып, қарлұқтармен бірге Тянь-Шанның батыс сілемдерін бойлай орналасады. Испиджаб, Тараз және Баласағұн қалалары өңірінде түргештердің аргу тайпасы тұрды. Шу аңғарында қарлұқ қоныстарының орталығы — Баласағұн қаласы болған.
Әл-Идрисидің картасында қарлұқтардың екі тобының аумақтық орналасуы көрсетілген. Қарлұқ этнонимін әл-Идриси жазудың белгілі екі түрінде — арабша және парсыша: харлух және халлух деп береді. Хақан басқаратын қарлұқтар мекендейтін негізгі аудандар төртінші және бесінші климаттардың тоғызыншы бөлігіне орналастырған. Әл-Идрисидің картасына қарағанда, қарлұқтар елінің оңтүстігінде Бухайрат ат-түрік (Түрік көлі немесе Самджан көлі) деген үлкен көл орналасқан.
Әл-Идриси еңбегінің тексінде бұл көл туралы ешқандай мәлімет жоқ, ол мүлдем ауызға алынбайды. Түрік көлінің оңтүстік жағында, қарлұқтар мекендеген аймақта Жоғарғы Барсхан қаласы көрсетілген, көптеген деректемелер бойынша қазір ол Ыстықкөлдің оңтүстік жағасына сеніммен орналастырылуда, мұның өзі Түрік көлін Ыстықкөл деп санауға берік негіз береді.

Этникалық және тайпалық құрамы.


Слайд 14Оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қарлұқтар Тибетпен және тоғыз-ғұздармен (ұйғырлармен) шектесіп жатты. Қарлұқтар

иеліктерінің Тибетке жақындығы «Худуд әл-алам» анонимінің қолжазбасында да атап өтілген. Тегінде, Памирдің оңтүстік-шығыс жағындағы таулы аймақтар мен Шығыс Түркістан аймағы (Жаркент, Хотан) Тибет делініп отырса керек. Қарлұқтар мен ұйғырлар (тоғыз-ғүздар) арасындағы шекараға келетін болсақ, ол Шершен, Тарым және ішінара Ақсу өзендерінің бойымен өткен. Шығыс жағында қарлұқтардың иеліктері кимектердің жеріне тікелей жақын орналасты. «Қарлұқтардың Атракан қаласынан кимектердің бірінші қаласы — Карантия қаласына дейін түріктерден шыққан көшпелі халық тұратын шөл арқылы он түнеп жетуге болады», — деп жазады әл-Идриси. Карантия қаласы Алакөл көлінің ойпатына сәйкес келетін үлкен Гаган көлінің оңтүстік-шығысына орналасқан. Әл-Идриси суреттеген географиялық жағдайды ескергенде, «Сурат әл-ардтың» деректері қарлұқтар мен қимақтар арасындағы шекаралық өңірді Алакөл көлдері жүйесінің батысына қарай жатқан деп анықтауға мүмкіндік береді. И. Маркварт Балқаш көлін Гаган көлі деп санады. Алайда ұсынылған ұқсастыруды сәтті шыққан деп санауға болмайды, өйткені, «Нұзхат әл-мұштақ» тексіне сәйкес, Гаган көлінің оңтүстігіне таман тоғыз-ғұздар мекендеген, ал сонымен бірге ортағасырлық жазбаша деректемелердің және қазіргі ғылыми зерттеулердің деректемелерін жинақтау негізінде Балқаштың оңтүстік жағында VIII ғасырдың орта кезінен бастап қарлұқтардың қоныстанғаны туралы қағида орнықты. Әл-Идрисидің «Сурат-әлард» деген картасында қарлұқтардың едәуір тобы Іле аңғарында, Түріктер көлі (Ыстықкөл) мен Тахама көлі (Балқаш көлі) арасында орналастырылған.

Слайд 15НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика