Пролог тілінде тізімдермен жұмыс. Зертханалық жұмыс №9 презентация

Жұмыстың мақсаты: Пролог тілінде тізімдер типті деректер құрылымын жүзеге асыру және оларды өңдеу әдістерімен танысу. Жұмысқа дайындалуға арналған тапсырма "Тізімдер" тақырыбындағы лекцияларды қайталау. Жұмысты орындау реті 1. Бақылау

Слайд 1Пролог тілінде тізімдермен жұмыс
Зертханалық жұмыс №9


Слайд 2Жұмыстың мақсаты:
Пролог тілінде тізімдер типті деректер құрылымын жүзеге асыру және

оларды өңдеу әдістерімен танысу.
Жұмысқа дайындалуға арналған тапсырма
"Тізімдер" тақырыбындағы лекцияларды қайталау.
Жұмысты орындау реті
1. Бақылау мысалдарын орындау.
2. Пролог тілінде, вариантқа сәйкес есептерді шешетін программа құру.
3. Орындалған жұмыстың есебін дайындау.
Есептің мазмұны
1. Пролог тіліндегі программаның бастапқы мәтіні.
2. Тест деректері мен программаның жұмысының нәтижесін теру.
3. Есепті шешу кезінде жіберілген қателердің тізімі мен талдауы.
4. Жұмыс бойынша қорытынды.
Негізгі түсініктер
Тізім – сандық емес программалауда кеңінен қолданылатын, деректердің қарапайым құрылымы . Тізім не бос болады, не екі бөлімнен тұрады: басы және аяғы. Тізімнің басы - атом, ал аяғы тізімнің өзі болып табылады. Прологтағы тізім – бұл екілік бұтақтың дербес жағдайы екенін ескерте кету керек.



Слайд 3Бақылау мысалы
Берліген саннан аспайтын барлық натурал сандардың тізімін құру керек.
create([],0).
create([X|T],X):-X>0,

X1=X-1, create(T,X1).
Жұмысқа тапсырма
1. Тілдің мүмкіндіктерін қолданып,тізімдерді өңдеуге арналған функциялар жиынын жүзеге асыру керек:
Тізімге элемент қосу.
Тізімнен элементті жою.
Тізімдер конкатенациясы.
Тізімнің ұзындығын анықтау.
Екінші ретті тізімді ерекшелеу.
2.Құрылған функцияларды қолданып, вариантқа сәйкес қосымша есептерді шешу керек.
3. Тест деректерін таңдау және есепті дайындау.



Слайд 4Құрылымдық объектілер (немесе объектілер) – бұл өз кезегінде құрылым бола алатын,

бірнеше компоненттен тұратын объектілер. Пролог тіліндегі құрылымдар Паскальдағы жазбаларға немесе Си тіліндегі құрылымға ұқсас болып келеді. Прологта құрылымдық объектілер функтормен немесе аргументтермен анықталады. Мысалы, үш компоненттен тұратын датаны көрсету үшін (күн, ай, жыл), үш аргументті «дата» функторының анықтамасын қолдануға болады:
date (11, january, 1978).
 
1978 жылдың қаңтарының кез – келген күнін, айнымалысы бар құрылым ретінде алуға болады:
date (Day, january, 1978).
 
Кіріктірілген құрылымдарды қолдануды келесі мысалдан көруге болады:
human(sergei, ivanov, date(10, may, 1975)).
human(ivan, petrov, date(15, october, 1969)).
 

Слайд 5Мұндай деректер базасымен әрекеттесу ыңғайлы болу үшін, сұраныстарды сипаттау керек. Мысалы:


human(FirstName, LastName, _). деректер базасындағы барлық адамдарды санайтын, % сұраныс
man (FirstName, LastName, date(_, _, 1975). 1975 жылы туылған % барлық адамдар
birthday(human(_, _, Date), Date). көрсетілген туылған күні бойынша адамды табуға мүмкіндік беретін, % сұраныс.
 


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика