Альдегидтер және кетондар презентация

Альдегидтер. Альдегидтер дегеніміз — молекуласындағы карбонил тобы көмірсутек радикалымен және сутекпен байланысқан органикалық заттар: Альдегидтер молекуласына кіретін, көмірсутек радикалымен және сутекпен байланысқан карбонил тобын алъдегидтік топша деп атаймыз.

Слайд 1АЛЬДЕГИДТЕР ЖӘНЕ КЕТОНДАР


Слайд 2Альдегидтер. Альдегидтер дегеніміз — молекуласындағы карбонил тобы көмірсутек радикалымен және сутекпен

байланысқан
органикалық заттар:

Альдегидтер молекуласына кіретін, көмірсутек радикалымен және сутекпен байланысқан карбонил тобын алъдегидтік топша деп атаймыз.


Слайд 3Физикалық қасиеттері. Құмырсқа альдегидінен басқасы
сұйық заттар, жоғары өкілдері қатты заттар.
Сондықтан

қатар бойынша біртіндеп қайнау температуралары да артады. Төменгі өкілдері (С1 — С8-ге дейін) өткір иісті болады. Суда ерігіштіктері де біртіндеп радикалдағы көміртектің саны артқан сайын кемиді.
Альдегидтер тыныс жолдарын, көз қабықшаларын тітіркендіреді, жүйке жүйесіне зиянды әсерін тигізеді.


Слайд 4Кетондар. Кетондар дегеніміз – карбонил тобы арқылы байланысқан екі көмірсутек радикалынан

тұратын органикалық заттар.Оларды құрамына кіретін радикалдар атына “кетон” сөзін қосып атайды,ал халықаралық атау бойынша құрамындағы көміртек атомына сәйкес алканның атына – он жұрнағын жалғау арқылы айтылады.

Кетондардың ең қарапайым өкілі — ацетон . Ол — өткір иісті, түссіз сұйықтық, судан жеңіл, бірақ суда жақсы ериді, ұшқыш. Көптеген органикалық заттарды жақсы ерітеді. Мысалы, лакты, нитроцеллюлозаны, т.б. Ацетонды агашты құрғақ айдау арқылы, сондай-ак сірке қышқылы мен оның тұздарынан да алады:


Слайд 5Құрамында карбонил
С=0 тобы бар қосылыстарды екі топқа бөледі: алъдегидтер

және кетондар. Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы —альдегидтерде карбонил тобы радикалмен және сутек атомымен байланысқан, ал кетондар екі радикалмен байланысқан. Альдегидтер мен кетондарға қосылу реакциясы тән, қосылу реакциясы С=0 қос байланысты үзу арқылы жүреді.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика