Қазақстанның көз тоймас көрікті жерлері презентация

Содержание

Елімізде табиғат сыйлаған ғажайып орындар жетерлік. Исі аңқыған гүлдерге толы құлпырған далалар мен биіктігі бұлттарға жетіп бірақ тоқтайтын жұмбақ таулар әрдайым жұртшылық қызығушылын арттырып келе жатқандығы көңіл қуантады. Статистикалық мәліметтерге

Слайд 1Дайындады: Каракузиева Камилла Тимурқызы
Қазақстанның көз тоймас көрікті жерлері


Слайд 2
Елімізде табиғат сыйлаған ғажайып орындар жетерлік. Исі аңқыған гүлдерге толы құлпырған

далалар мен биіктігі бұлттарға жетіп бірақ тоқтайтын жұмбақ таулар әрдайым жұртшылық қызығушылын арттырып келе жатқандығы көңіл қуантады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанға қатынайтын туристер саны жыл өткен сайын артып келе жатыр. Атап өту керек, бұлардың көпшілігі табиғатты тамашалауға келгендер. Бұл қарқынмен алдағы жылдары, туристік державаларды қуып жетуіміз бек мүмкін. Тек жаратушы сыйлаған бұл ғажаптарды бағалай білген жөн. Сонымен, назарларыңызға белгілі суретші Илья Афанасьевтің түсірген таңғажайып туындыларын ұсынамыз.

Слайд 3"Алтын Емел" ұлттық паркі 
"Алтын Емел" атауы моңғол тілінен шығады және "Алтын

ер" дегенді білдіреді. Бір аңыздар бойынша, 1219 жылы Шыңғысханның әскері Орталық Азияны жаулап алуға аттанып, осы алқапты кесіп өтіп бара жатқанда, күн батып бара жатқан шақта сарғайған шөп жамылған тауларды көріп, ұлы қолбасшы "Алтын ер!" деген екен. Алтын Емел асуы шын мәнінде, сырттай қарағанда ер-тоқымға ұқсайды. 


Слайд 4
Алтын Емелдің бір көркі - Іле өзенінің түбінен жел ұшырып келген

құмнан түзілген әнші шағылдар. Құм төбелердің дыбыс шығаруының себебі - құм түйірлерінің бір-біріне үйкелгендегі дыбыс.  


Слайд 5Ақтолағай
Шатқал үлкен аумақты алып жатыр. Бұл мекен әлі көпшілікке танымал емес,

әрі туристердің келуі де қиын. Мұнда табиғат ақ бор түсті керемет ландшафт жасап шығарыпты.

Слайд 6

Бағзы замандарда, көп ғасыр бұрын, бұл үстірттің орнында теңіз болған. Топырақты

қазып жіберсеңіз, теңіз жәндіктерінің тас болып қатқан қалдықтарын, акулалар мен теңіз түбін мекендеген өзге де мақұлықтардың сүйегі мен тісін тауып аласыз.  

Слайд 7Батыс Алтай қорығы.
Қорық Батыс Сібір даласы, Оңтүстік Сібір және Орталық Азия таулары

мен Қазақстаншөл далаларының тоғысында орналасқан.

Жақын маңда мұхит пен теңіз жоқ болғандықтан, бұл жердің климаты континентальдық, ол температураның шұғыл өзгеруінен көрінеді. Мұндағы жылдық орташа температура - +1,5°С.


Слайд 8
Осы аймақ пен табиғи қорықтағы ең танымал жер - "Қара торап"

деп аталатын үш шоқының (Көксу, Иванов және Холзун) түйіскен тұсы. Туристер арасында ерекше танымал "Тас ертегі" де осында орналасқан. 

Слайд 9 Қарқаралы таулары
Қарқаралы таулары — қазақ майда шоқыларының шығыс бөлігіндегі тау

массиві. Олардың биіктігі 1403 метрге дейін жетеді. Тау беткейлерінде қарағайлы ормандар кездеседі.

Слайд 10
Алайда, бұл орынның басты ерекшелігі - мұнда мұз дәуірінен қалған өсімдіктердің

жұрнағын, сирек кездесетін және жоғалып бітіп бара жатқан өсімдіктерді кездестіруге болады. 


Слайд 11 Табан-Қарағай
Табан-Қарағай үстіртін аспан астындағы пейіш деп жиі атайды. Алматы облысының

тура орталығында орналасқанымен, ол туристер үшін толық зерттелмеген, әрі жету де оңай емес жер болып келеді.

 Алайда, осында жете алған табанды фотосуретшілерге берер бұл мекеннің сыйы бар. Мұндағы пейзаждарда бүкіл Қазақстанның бар пейзажы тоғысқан! Қызық пішінді жартастар да, асқақ таулар да, алуан түрлі гүл-өсімдіктермен көмкерілген алқаптар да бар. Бұлт торлаған аспан астында үйір-үйір жылқы, табын-табын сиыр, отар-отар қой жайылып жүреді.


Слайд 12Торыш - шар тәрізді конкрециялар алқабы
Бір аңыздар бойынша, Маңғыстау жеріне жау

басып кіреді. Жергілікті тұрғындар аспанға қол жайып, көмек сұрайды. Сол кезде аспаннан нөсер құйылып, күн күркіреп, найзағай жарқылдай бастайды. Бір сәтте жау әскерінің бәрі тасқа айналып кете барады. Осылайша айрықша тас мүсіндер - шар тәрізді конкрециялар шашылған алқап пайда болған екен.

Слайд 13Қаратау таулары
Бұл өте көне таулар. Геологиялық тарихында үлкен өзгерістерге түскен. Шатқалдардың

қойнауында шағын өзендер мен бұлақтар көп. Сондай-ақ, Қаратау тауларын көптеген ащы, тұщы көлдер қоршап жатыр

Слайд 14
Бірнеше жыл бұрын, осы мекенді биіктен түсіріп жүрген фотограф Перудағы Наска

алқабындағы суреттерге ұқсайтын кескінді байқайды. Ол - қызық пішінді екі құрылыс сұлбасының ортасында малдас құрып отырған адамның кескіні болатын.


Слайд 15 Жығылған мүйісі
Жығылған – әктас қабатының астындағы саз балшықты-құмды қабаттың сулануы

нәтижесінде пайда болған үлкен геологиялық сырғыма. Танымалдығына қарамастан, Жығылған әлі де зерттеліп болмаған, құпия мекен болып қалып келеді. Мұнда аруақтар жүреді деген де сөз бар

Слайд 16
Жығылғанның адамзатқа берген сыйы - бетінде ірілі-уақты мысықтар мен қазіргі есектің

көлеміндей шағын жылқылардың қайраңға батып қалған екі "бармақты" тұяғының тасқа айналған іздері батырылып салынған тақталар сынықтарын көру мүмкіндігі.

Слайд 17Язевое көлі
Язевое көлін Алтайдың Қазақстан жақтағы бөлігінің меккесі деп атауға болады.

Ол теңіз деңгейінен 1685 м биікте, Қатын мұздығының бір тармағы өтетін қатпарда орналасқан. Ұзындығы 3 шақырым, ені 800 м, тереңдігі 10 м. Судың түсі сарғыш-жасыл, мөлдірлігі 4,2 м.

Слайд 18
Күн ашықта Алтайдың ең биік шыңы - аты аңызға айналған Белуха

тауы айналасындағы жоталардың бәрімен бірге көлдің суына шағылып көрінеді.

Слайд 19Бозжыра шатқалы
Бозжыра – Үстірттің шеткі шыңдарының бір бөлігі. Мұнда табиғат қиялына

ерік беріп, ақ түсті ерекше ландшафт жасап шығарған.

Слайд 20
Бозжыраның басты ерекшелігі - пішініне қарап Азу аталып кеткен екі әктас

шың. Олардың түбінен ұшына дейінгі биіктігі - 200 метрден асады. Аздаған адам ғана білетін соқпақ жол саяхатшыны тар алаңқайға алып шығады, ол жерде Бозжыра қамалдар алқабының айрықша көріністері ашылады.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика