Жидебай –Абайдың ата қонысы презентация

Жидебай –Абайдың ата қонысы. Қарауыл өзенінің жайылмасында жатқан қалың қорық, шұрайлы жер. Жидебайды Тобықты руының Жігітек атасымекен еткен. 19 ғасырдың орта тұсында Жидебай, Борсықбай, Барақты - аға

Слайд 1 Жидебай Орындаған: 1 нег.

ФО-1 Муратова Жулдыз.






Слайд 2




Жидебай –Абайдың ата қонысы. Қарауыл өзенінің жайылмасында жатқан қалың қорық,

шұрайлы жер. Жидебайды Тобықты руының Жігітек атасымекен еткен. 19 ғасырдың орта тұсында Жидебай, Борсықбай, Барақты - аға сұлтан Құнанбай Өскенбайұлы иемденіп, қыстау салдырған. 1850 ж. Құнанбай Жидебайдан 15 шақырым жердегі Ескі Там қонысына медресе салдырып, өзінің және туыстарының балаларын оқытқан. Абай 8 жасынан бастап осы медреседе оқып сауат ашқан. 1880 ж. Абай Жидебайда өз қаражатымен жаңадан медресе салдырған. Құнанбай қажы дүние салған соң, 1885-91 ж. Жидебай қонысы Құнанбайдың Ұлжаннан туған баласы Оспанның еншісіне тиген. 1891 ж. інісі Оспан қайтыс болғаннан кейін қыстау Абай иелігіне көшкен. Қазір мұнда ақынның мұражай-үйі жұмыс істейді. Жидебай Еуразия материгінің орталығы, нақ ортасы болып есептеледі.


Слайд 4



Жидебай кесенесі

Авторы, құрылысшысы, тарихи құрылуы жайында мәлімет жоқ. А. Итенов басқарған «Казпроектреставрация» сәулетшілер институтының тобымен зерттелген. Жидебай кесенесі Нұра өзенінен 50 шақырым жерде орналасқан. Күмбезді, кірпіштен жасалған, кірпіштің өлшемі 32х21х7см. Қабырға қалыңдығы –82см. Кіреберіс төмен орналасып, оңтүстікке бағытталған. 

Слайд 5



Кесенеден 50 шақырым жерде, батыс

жағында құлпытас орналасқан, гранитті тастан жасалған. Тас өлшемі – 40х9см., биіктігі – 1,50м. «Кожа-Назар 1575-1645 улы ДОС батыр немересі. Кожа-Назар улы Жидебай батыр ескерткіш орнату – Шауранғыс Еултангуров Жомартбек» деген сөздер тасқа ойылып жазылған.

Слайд 6 Суреттер






Слайд 7



Жидебай ауылы. Қасиетті Жидебай. «Абай жолындағы»

 есімі ежелден етене таныс атаулар. Әйгерімнің бұлағы, Еңлік пен Кебектің мәңгілік дамылдаған жері, жасырынған үңгірі,  Күшікбай бұлағы, бәрі-бәрін  бізге таксиде  қатар жайғасқан абайлық апай көрсетіп,түсіндіріп келеді. Жидебайға түс ауа жеттік біздер. Қазір мұражайға айналдырған үйде Хакім Абай ғұмырының соңғы он жылын өткізіпті. Әкесі Құнанбай қайтыс болған соң бұл жерге інісі Оспан иелік жасайды.

Слайд 8 Жидебай ауылы





Слайд 9 Абайдың Жидебайда өткен күндері





Слайд 10 Назарларыңызға

Рахмет!






Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика