Жер ресурстарын басқару презентация

Содержание

Жер ресурсын басқарудың негізгі әдістері Мемлекеттік жер кадастры Жерге орналастыру Мемлекеттік жер мониторингі

Слайд 1ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ


Слайд 2Жер ресурсын басқарудың негізгі әдістері
Мемлекеттік жер кадастры
Жерге орналастыру
Мемлекеттік жер мониторингі


Слайд 3 Мемлекеттiк жер кадастры Қазақстан Республикасы жерiнiң табиғи және шаруашылық

жағдайы, жер учаскелерiнiң орналасқан жерi, нысаналы пайдаланылуы, мөлшерi мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерiнiң кадастрлық құны туралы мәлiметтердiң, өзге де қажеттi мәлiметтердiң жүйесi болып табылады.
Жер мониторингi болып жатқан өзгерiстердi уақтылы анықтау, оларды бағалау, одан әрi дамуын болжау және керi әсерi бар процестердi болдырмау мен оның зардаптарын жою жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында жүргiзiлетiн жер қорының сапалық және мөлшерлiк жай-күйiн базалық (бастапқы), жедел, мерзiмдi байқау жүйесiн бiлдiредi.
Жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралар жүйесi болып табылады.


Слайд 4Жер санаттары бойынша республиканың жер қоры
мынадай түрге бөлінеді


Слайд 5Ерекше қорғалатын табиғи аумақтық жер қорының облыс бойынша үлес салмағы (

1 қазан 2011 жыл %)



Слайд 6Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер қорының облыс бойынша үлес салмағы %


Слайд 7Босалқы жердің динамикасы


Слайд 8Жер пайдалану құқығының түрлері:

1) тұрақты немесе уақытша
2) өтеулі немесе өтеусіз

Уақытша: 5

жылға дейін өтеусіз және өтеулі болуы мүмкін :
- ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін)
- қысқа мерзімді (5 жылға дейін).

Слайд 9Нормативтік құжаттар:
ҚР Жер кодексі;
Жер туралы заңнама;
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің

2011 – 2015 жылдарға арналған стратегия
ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережелерін бекіту туралы» жобасы;
"Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" қаулысы;

Слайд 10 МЖКААЖ құрудың негізгі мақсаты жер ресурстарын басқарудың

барлық ауқымын жоғары өнімді компьютерлік технологиясын пайдаланып, жер кадастрын жүргізудің түбегейлі, жаңа тәсілдері мен түрлеріне көшу болып табылады. МЖКААЖ тиісті мәліметтер базаларында жер ресурстары туралы ақпаратты жинайды, сақтайды. Оларды барлық деңгейдегі кәсіпорындар, тиісті министрлік және ведомстволар пайдаланады. МЖКААЖ – ол күрделі, көпнысаналы, көпқызметті, үздіксіз дамып жатқан ұйымдастыру-технологиялық жүйе. Оған:
Жер ресурстарын басқару процестерінің мүмкіндігінше толық ақпараттарын;
Басқарудың барлық деңгейлері бойынша ақпараттың өте қысқа уақытта өтуі;
Жер пайдалану жүйесін басқарушы жерлердің жоғары ұйымшылдығы;
Басқаралатын жүйеде/жер мониторингі/ болатын барлық өзгерістерді дер кезінде тауып, есепке алу;
Жер ресурстарын басқару мақсатына мемлекеттен бөлінетін қаржыларды нәтижелі пайдалану мүмкіндіктері кіреді.

Слайд 11Мемлекеттік тапсырыс жұмыстарының түрлері мен көлемі 2011 жыл


Слайд 12Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның (Агенттіктің) және оның жергілікті

жерлердегі органдарының құзыреті

Слайд 13Агенттік қарамағында республикалық мемлекеттік кәсіпорындар болады, бұл турасында, Агенттік мемлекеттік меншік

құқығының субъектісі қызметін атқарады:

ҚР жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттік құрылымы


Слайд 14 Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми орталығы (Мемжерғылөнорталығы), оның

аудандық және қалалық кадастрлық филиалдармен (орталықтармен) бірге еншілес (облыстық) кәсіпорындары;
Мемлекеттік ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық зерттеулер институты;
Қазыналық кәсіпорындар: “Қазгеокарт”, “Оңтүстікгеодезия”, “Картография”, “Астанатопография”, “Ұлттық картографиялық-геодезиялық қор”, “Батысгеодезия”, “Маркшейдерияорталығы”, “Солтүстікгеодезия”, “Шығысгеодезия”.

Слайд 15ҚР Министрлер Кабинетінің 23.11.1999 ж. № 1776 “Қазақстан Республикасының жер ресурстарын

басқару жөніндегі Агенттігінің мәселелері” Қаулысымен белгіленгендей, Қазақстан Республикасы Агенттігінің негізгі міндеттеріне:
Жер ресурстарын басқару мен жер қатынастарын реттеу, геодезия және картография саласында біртұтас мемлекеттік саясат жүргізу;
Жер реформасын жүргізу бойынша жұмыстар ұйымдастыру мен іске асыру, оның ғылыми, кадрлық және әдістемелік қамтамасыздығы, жерге орналастыру, геодезия және картография жөніндегі шараларды дайындау және орындау;
Белгіленген тәртіпте жер мониторингін, мемлекеттік жер кадастрын ұйымдастыру және жүргізу;
Қазақстан Республикасы жер ресурстарының жай-күйі туралы мәліметтер банкін құру және жүргізу;
Жерді аймақтарға бөлуді жүргізу;
Белгіленген тәртіпте жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жүргізу;
Мемлекеттік геодезиялық бақылау жүргізу мен тиісті ақпараттарды қорғау.

Слайд 16ҚР жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттік орталық аппаратының ұйымдастыру құрылымы


Слайд 17Мемлекеттік жер кадастры жұмысын жақсарту үшін аймақтарда кадастрлық бюро құру қажет.

Оның негізгі мақсаттары:

АЙМАҚТЫҚ КАДАСТР БЮРОСЫ

Жерге
орналастыру

Жер туралы ақпарат

Жер мониторингі

Жердің сапалық жағдайы

Бақылау

Аэроғарыш сурет түсіру, топографиялық карта

Автоматтандыру









Слайд 18Еліміздегі жердің сапалық және сандық есебін жүргізу бөлігіндегі нақты проблемалармен қатар,

Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу санының артып отырғандығын атап өткен жөн. Қазақстан Республикасының жер заңнамасы бұзылуының анықталу динамикасы 2006 жылдан басталған кезеңде 2009 жылдың қорытындысы бойынша заң бұзушылықтарды жоюдың саны тұрақты деңгейде артқан сайын заң бұзушылықтың да саны жыл сайын артып келе жатқандығын көрсетті. Агенттіктің жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау анықтаған заң бұзушылық динамикасы

Слайд 19 Жүргізілген тексерістердің талдауы 2010 жылы Қазақстан Республикасы жер

заңнамасының бұзылуының негізгі түрлері жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзу (49%), жерді мақсатты тағайындалуына сай пайдаланбау (19%) және жерге орналастыру құжаттамасын бекітілген тәртібін бұзу (16%) екендігін көрсетті. Қазақстан Республикасының жер заңнамасының анықталған бұзушылықтардың талдауымен қатар, жер қатынастары субъектілерінің санының жыл сайынғы артуы байқалады. Қазақстан Республикасындағы жердің жағдайы және пайдаланылуы туралы жиынтық талдамалы есептің деректері бойынша 2006 жылы жер учаскесінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың саны 2,7 миллион, 2007 жылы – 3,2 миллион, 2008 жылы – 3,3 миллион, 2009 жылы – 3,4 миллион, 2010 жылы – 3,5 миллион құрады.    Қазақстан Республикасы жер заңнамасының бұзылу санының артуының негізгі себептері: 1.Жерге сұраныстың артуы; 2.Қазақстан Республикасы жер заңнамасының бұзылу сипатына жауапкершілік деңгейінің сай келмеуі; 3.Қазақстан Республикасы жер заңнамасының бұзылуына қатысты сот шешімдері бойынша атқару өндірісінің төмен деңгейі болып табылады.

Слайд 20Қазақстан Республикасы су шаруашылығын басқару кестесі
Су ресурстарын басқаруға уәкілетті орган


-су саясатын дайындау;
- су шаруашылығы баланстары мен бассейндерді пайдалану лимитінің жинағы;
- Су ресурстары үшін төлем ставкаларын белгілеу;
- Бассейндер бойынша су кадастрларының жиынтығын дайындау.

Облыс әкімдері
- Су ресурстарын қорғайтын зоналарды айқындау;
- Су ресурстарын пайдалану және күзетуге бақылау жасау;
-коммуналдық меншікке жататын су шаруашылығы нысандарын басқару.

Мемлекеттік мекемелер

Бассейндік су шаруашылығы басқармалары

Республикалық меншік:
- Мемлекетаралық каналдар;
- облысаралық каналдар;
- Ірі су қоймалары мен аса маңызды ғимараттар.

Коммуналдық меншік:
-шаруашылықаралық каналдар;
- ауданаралық каналдар;
- Облыстық маңызы бар су шаруашылығы нысандары.

Жеке меншік :
-барлығы
- Шаруашылық аралық каналдар мен ғимараттар.

Су шаруашылығы нысандары мен ғимараттары



Су пайдаланушылардың жеке меншік есебінен ұсталады. Егер де бір магистралды каналда 2 және одан да көп а/ш су пайдаланушысы болса, оларды пайдалану жәнетиісті қызмет көрсету үшін міндетті түрде гидромелиоративтік кондоминиум құрылады, оны су пайдаланушылардың кооперативі немесе бірлестіктері басқарады.

Су пайдаланушыларға су жеткізу бойынша көрсетілетін қызмет есебінен ұсталады. Тарифтерді монополияға қарсы күрес жүргізетін органдар бекітеді. А/ш су пайдаланушыларына және ауыз сумен қамтамасыз етілетін суды жеткізу құнының 40% дейінгі сома республикалық бюджеттен қаржыландырылады.

Республикалық бюджет есебінен ұсталынады және пайдалынылады.

- Бассейн бойынша су балансын құру;
- Су пайдалану лимитін анықтау;
- Су және басқа заңнамала талаптардың сақталуына бақылау жасау;
- Бастапқы су пайдаланушыларды лицензиялау

- су шаруашылығының нормативтері мен әдіснамаларын дайындау;
- Су шаруашылығы жобаларына ғылыми сараптама жүргізу;
- Жердің мелиоративтік жай-күйіне мониторинг жүргізу.



Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика