Шығыс Қазақстан облысы презентация

Тарихы Шығыс Қазақстан облысының аумағы ежелгі заманнан қоныстанған. Оның куәгері есебінде Алтайда, Зайсан қазаншұңқырында, Тарбағатай мен Сауыр жоталарында ежелгі кеніштердің, суландыру жүйелерінің, бекіністер мен қоныстардың іздері сақталған. 15 ғасырдың бас кезінде Ертіс өзені алабының жоғарғы бөлігін ойраттар басып алғаннан

Слайд 1Шығыс Қазақстан облысы
Аймаганбетов Алихан 8 «А»


Слайд 2Тарихы
Шығыс Қазақстан облысының аумағы ежелгі заманнан қоныстанған. Оның куәгері есебінде Алтайда, Зайсан қазаншұңқырында, Тарбағатай мен Сауыр

жоталарында ежелгі кеніштердің, суландыру жүйелерінің, бекіністер мен қоныстардың іздері сақталған. 15 ғасырдың бас кезінде Ертіс өзені алабының жоғарғы бөлігін ойраттар басып алғаннан кейін бұл жер Жоңғар хандығының құрамында болды. 1758 ж. Қытай әскерлері Жоңғар хандығын жойып жібергеннен кейін, қалмақтар Еділ өзенінің арғы бетіне кетті. Ал қалмақтардан ығысып, негізінде Сарыарқаны мекендеген қазақ рулары өздерінің ежелгі қоныстарына қайтып оралды. 18 ғасырдың бас кезінде патшалық Ресей қазақ жерін тереңдей отарлау мақсатымен қазақтарды ата қонысынан тықсыра отырып, қазіргі облыс аумағында Ертіс бекіністер желісін салды.

Слайд 3Пайдалы қазбалары
Шығыс Қазақстан облысының жер қойнауы кен байлықтарына бай. Мұнда мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын, кадмий, сүрме, күшәла, темір, күкірт, висмут, индий, галий, селен, теллур, сынап, қалайы, жанғыш тақтатас,

сондай-ақ әр түрлі химиялық шикізаттар мен құрылыс материалдарының кен орындары бар.

Слайд 4Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсібтері
Кен өндіру өнеркәсібі
Электр энергетикалық кешені
Машина жасау және металл

өңдеу өнеркәсіп
Ағаш өңдеу өнеркәсібі
Жеңіл өнеркәсібі
Тамақ өнеркәсібі
Құрылыс материалдары өнеркәсібі
Ауыл шаруашылығы
Транспорт


Слайд 5Өсімдіктері
Алтайдың баурайын шымды-астық тұқымдас шөптер даласы, одан төменірек бетегелі-селеулі, ал жоғарырақта

қайыңды-теректі шоқтоғай аралас шөпті-селеулі дала алып жатыр. 700 м және одан биіктеу жерлерде астық дақылды аралас шөпті шалғын алмасқан қылқан жапырақты орман белдеуі басталады. Кенді Алтайда самырсынды-шыршалы-қара самырсынды ормандар басым келеді, ал Оңтүстік Алтайда олармен сібір қара самырсыны аралас өседі. Сауыр жотасының жапырақты ормандарында Тянь-Шань шыршасы өседі.

Слайд 6Жануарлар
Шығыс Қазақстан облысының жануарлар дүниесі өте бай. Мұнда табиғатының әр түрлі

болуына байланысты таулық жануарлармен бірге қарағайлы ормандар, далалар және шөлейт жануарлары көп тараған. Алтай мен Сауырдың және Ертіс маңы ормандарында тиін, ақтышқан, кәмшат сияқты қымбат аңдардың және құстардың кәсіпшілік маңызы бар. Алакөл мен Зайсан қазаншұңқырларының су қоймаларында ондатра жақсы жерсіндірілген.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика