Слайд 1Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің Педагогикалық институты
Биология және
география кафедрасы
Топ: Гео-08-1
Орындаған: Алмагамбетова Балзира
Утепова Нағима
Тақырыбы: Шығыс Австралия
физ-географиялық ауданы
Слайд 2Австралия
1. Солтүстік
2. Шығыс
3. Оңтүстік-шығыс
4. Орталық
5. Батыс Австралия таулары
6. Оңтүстік-батыс Австарлия
7.
Микронезия, Меланезия, Полинезия
Слайд 3
ШЫҒЫС АВСТРАЛИЯ
Бұл аймаққа Үлкен Суайрық жотасы мен
материктің шығыс жағалаулары енеді. Оның Оңтүстік бөлігі тропиктер шегінен шығып кетеді және субтропиктік белдеуге жатады, алайда оңтүстік бағытына қарай табиғат жағдайларының өзгеруі тау рельефінің ісері нәтижесінде онша елеулі болмайды.
Шығыс Австралия таулары неоген-антропоген уақытында күмбез түрінде жұмырланып көтерілген палеозой жүйесі болып табылады. Таудың шғыс беткейлері тіп-тік, неғұрлым жайпақ батыс беткейлері біртіндеп тау бөктерінің төбелі алқаптарына ауысады. Таудың солтүстігі қалайы рудасының қоры бар гранит, тақта тас және базальттан қалыптасқан. Тау шығыс жағалауына жақындап барып, ең үлкен биітікке (1600 метрге дейін) жетеді. Таудың шығыс беткейі опырындыларға бөлінген және жағалауы күшті тілімденгенімен де теңіз жағынан келе алмастай дерлік болып тұр.
28 градус оңтүстік ендіктен оңтүстікке қарай тау едәуір жіңішкере түседі; оның бетін горизонтальды мезозой шөгіндісі мен қатпарлы негіз төмен түскен кезде басылып қалған қалың базальт жамылғы жауып жатыр. Жақпар таулар биіктігі 1000-1600 метр беті төрткүл жоталармен алмасады, ол батысқа қарай Дарлинг пен Муррей өзендерінің бастауларын суландыратын даунс деп аталатын төбелі қыраттарға ауысады. Таудың шығыс етегінде ені 50 километрге дейін төбелі жағалау алқабы жатыр.
Жағалау алқаптары Көгілдір тау ауданында қолайлы қойнауларға бөлінген, олардың жағалауларының бірінде Австралияның шығыс жағалауының ең ірі порты- Сидней орналасқан.
Слайд 4Үлкен Суайрық Жотасы – Аустралияның шығыс және оңтүстік-шығыс жағалауында шамамен 4000
км-ге созылып жатқан таулы жүйе.таулар негізінен әктас, гранит, гнейс, жанартаулық түрлерден құралған. Шығыс баурайлары құламалы, батыс баурайлары төбелі, тау етектерiнде жатық болып келеді. Жағалау жоталары 1000 м биіктікте, ал оңтүстікке қарай таулар биіктей түседі. Жотаны Мак-Ферсон, Нью-Ингленд, Гейстингс, Ливерпул, Көк таулар және Австралиялық Альпілер құрайды. Ең биік нүктесі – Косцюшко тауы (2228м). Тау баурайынан көптеген өзендер бастау алады. Соның ішіндегі ірілері – Муррей мен Дарлинг өзендері. Өсімдіктері – мәңгі жасыл және эвкалиптті ормандар, саванналар, сирек ормандар, бұталар тараған. Көк таулардың біраз бөлігі Бүкіләлемдік Мұраның қатарында және мұнда бірнеше ұлттық парктер құрылған.
Слайд 5Косцюшко - Австралия құрлығының ең биік нүктесі. Биіктігі 2228 метр. Австралия
Альпісінде орналасқан. 1840 жылы Павел Эдмунд Стшелецкий таудың басына алғашқы болып шыққан. Бір қызығы, көп уақыт бойы Косцюшко тауы Австралияның ең биік шыңы деп есептелініп келді. Бірақ соңғы зерттеулер Таунсенд тауының одан биік екенін көрсетті. Дегенмен басқарушы органдар Стшелецкийдің құрметіне екі таудың атын ауыстырған. Жергілікті халық тауды Кози-Оско деп атайды.
Таунсенд – Сноуи таулы жүйесінде орналасқан Австралиядағы тау. Теңіз деңгейінен биіктігі 2209 м. 1839 жылы ашылған.
Слайд 6Муррей – Австралияның ең ірі өзені. Өзінің ірі саласы Дарлингпен қосқандағы
алабы 1000 000 км кв астам, яғни құрлықтың 12%-н құрайды. Австралиялық Альпіден бастау алып, Александрия көліне барып құяды. Өзен суының 20 %-ы құрғап кетеді. Өзен маңына қоянды жерсіндіру нәтижесінде топырақтың қатты эрозиялануына алып келді. Қояндар өзен жағалауындағы өсімдіктерді жойып жіберген.
Слайд 7Дарлинг - Австралияның оңтүстік шығысындағы өзен. Муррей өзенінің оң жақ саласы.
Ұзындығы бойынша үшінші орындағы өзен – 1472 метр. Алабының ауданы – 710 мың км кв. Калгоа өзеніне қосылар жеріне дейінгі жоғарғы ағысы Думерик, Макинтайр, Баруон деп ретімен аталады. Нью-Ингленд жотасының батыс беткейінен бастау алып, төменгі ағысында шөлейт жерлермен ағып өтеді. Жаңбыр суымен қоректенеді. Жылдың ыстық мезгілінде өзеннің төменгі ағысы құрғап кетеді. Шаруашылықта суландыру үшін қолданылады.
Слайд 8 ҮЛКЕН АРТЕЗИАН АЛАБЫ - Аустралияның материктік бөлігінде
орналасқан тұщы судың жерасты “қоймасы”. Дүние жүзіндегі Батыс Сібір артезиан алабынан кейінгі 2-ші ірі бассейн. Аустралияның ішкі аудандарындағы жалғыз сенімді тұщы су көзі. Алаптың жалпы ауданы 1 711 мың км кв. Материктің 23 %-н: Квинсленд штатының үлкен бөлігін, Солтүстік Аустралияның оңтүстік-шығыс бөлігін, Оңтүстік Аустралияның солтүстік-шығыс бөлігін, Жаңа оңтүстік Уэльстің солтүстік бөлігін алып жатыр.
Үлкен Артезиан алабы бұдан 100-250млн жылдар бұрын қалыптасқан және қазіргі уақытта су өтпейтін бірнеше қабаттардан тұрады. Алапқа судың көп бөлігі Үлкен Суайрық жотасының батыс беткейі арқылы келеді. Судың температурасы 30-100 градусқа дейін көтеріледі. Алаптан алынатын су суландыру және тұрмыстық мақсатта қолданылады.
Слайд 9Маржан теңізі – Тынық мұхит теңізі. Аустралия, Жаңа Гвинея, Жаңа Каледонияның
аралығында жатыр. Бетінің ауданы – 4068 мың км кв. Максимальды тереңдігі – 9174м. Көптеген маржанды рифтері мен аралдары бар: Уиллис, Трегросс, Бамптон, Честерфилд. Атақты рифтерінің бірі ол – Үлкен Тосқауыл рифі, дүние жүзіндегі ең ірі маржандық риф. 1969 жылдан бері теңіз Аустралияның қарамағына кіреді. Аралдарына халық қоныстанбаған, Уиллис аралында метеорологиялық станция орнатылған.
Слайд 10 Үлкен Тосқауыл рифі – Маржан теңізіндегі маржан рифтері мен
аралдардың тобы. Австралияның солтүстік-шығыс жағалауы бойымен 2500 км-ге созылып жатыр. Жалпы ауданы 348 698 км кв. Солтүстік бөлігінде ені 2 км болса, оңтүстігінде 152 км-ге дейін жетеді. Рифтердің көп бөлігі су астында жатыр. Оңтүстігінде материктен 300 км қашықтықта, ал солтүстікке қарай 32 км-ге дейін жақындай түседі. Рифтің негізгі бөлігі 2900-ден астам жеке рифтерден құралған және ол 540 шақты тосқауылдармен қоршалған.
Үлкен Тосқауыл рифі әлемдегі ең ірі экожүйе болып табылады. Мұнда маржанның 400 түрі, балықтардың 1500 түрі тіршілік етеді. Және осында жердегі ең ірі балық – кит акула кездеседі. Оңтүстік риф аралдары – теңіз тасбақаларының көбейетін жері.
Маржан рифтеріне тропикалық урагандар кері әсерін тигізеді. Ғаламдық жылыну да рифтердің тіршілік етуіне қауіп төндіреді.
Слайд 11 Фрейзер – Аустралияның шығыс жағалауындағы құмды арал. Әкімшілік
жағынан Квинсленд штатының құрамына кіреді. Ұзындығы 110 км-ден астам, ені 7-23 км. Бұл дүние жүзіндегі ең үлкен құмды арал болып табылады. Мұнда 40-тан астам тұщы көлдер бар, солардың ішіндегі ірісі Бойминген көлі. Аралдың солтүстік бөлігін экваторлық ылғалды ормандар алып жатыр. 1992 жылы арал қайталанбас мұра ретінде ЮНЕСКО-ның тізіміне кірген. Австралия Еуропаның отарына айналмастан бұрын Фрейзер аралында бірнеше мың аборигендер мекендеген. Аралдың атауы капитан Фрейзер мен жұбайының құрметіне берілген. Олардың кемесі осы аралда апатқа ұшыраған болатын.
Слайд 12Лорд-Хау – Австралияның пішіні бумеранг тәріздес жанартаулық аралы. Солтүстіктен оңтүстікке 10
км, батыстан шығысқа 2 км-ге созылып жатыр. Тасман теңізінде Сидней қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 770 км жерде орналасқан. Ауданы 14,6 км кв. Тұрақты халқы 300-350 адам. 20млн жыл бұрын қалыптасқан. 2 жанартаулық аралдардың бірігуінен түзілген. Аралдың оңтүстік бөлігінде 2 базальтты тау массивтері – Лидгберд және Гувер орналасқан. Лорд-Хаудың жағалауында Рэббит аралы жатыр. Арал тропикалық және субтропикалық белдеулердің шекараларында орналасқан. Негізгі бөлігін тропикалық ормандар алады. Аралда 70 түрлі эндемик өсімдіктер таралған. 1788 жылы лейтенант Лидгбердтің басқаруымен ашылған.
Слайд 13Болс-Пирамид – кішкентай жанартаулық арал, Лорд-Хау аралынан оңтүстік-шығысқа қарай 20 км
қашықтықта орналасқан. 1788 жылы ашылған. Сыртқы көрінісі желкенге ұқсайды. Аралда халық тіршілік етпейді. Теңіз деңгейінен 562 м биіктікте орналасқан. Ауданы 200 км кв. Аралдың жанында бірнеше майда аралдар бар. 2000 жылдың 21 маусымынан бастап Лорд-Хау теңіз паркінің мүшесі болып табылады.