Сауыр Тарбағатай Тянь Шань презентация

Содержание

Жоспар:      Кіріспе  Физикалық географиялық орналасуы Климаты Табиғат зоналары (биіктік белдеу) Өсімдік пен жануарлар әлемі Қорытынды  Қолданылған әдебиет тізімі

Слайд 1  “Сауыр-Тарбағатай” “Тянь-Шань”
Орындаған: Есімханов Н. Т. 8707 969 01 75
Тексерген: Шұлғаубаев

Е. Қ.




                                                                           Семей 2020

Слайд 2Жоспар: 
    Кіріспе 
Физикалық географиялық орналасуы
Климаты
Табиғат зоналары (биіктік белдеу)
Өсімдік пен жануарлар әлемі
Қорытынды 
Қолданылған әдебиет

тізімі

Слайд 3Тянь-шань тауы еліміздің оңтүстігінде орналасқан ірі тау жүйесі. Табиғатының ерекшелігіне сай

ерекше болып келеді. Еліміздегі ең танымал альпинистік аймақ болып табылады. 
  Сауыр-Тарбағатай жотасы еліміздің Шығысында орналасқан ірі тау жүйелерінің бірі. Табиғаты бойынша әр алуан болып келеді. Қазақстандағы  жалпы Еліміздің Шығысындағы ерекше тау жүйесі.   


Слайд 4Қазақстаның оңтүстік – батысы мен оңтүстігін алып жатқан бұл таулардың қатпарлы

– жақпарлы негізі палеозойдың тұсында қалыптасқан.Негізгі жер бедері неоген мен палеоген дәуірлеріндегі тау көтерілу тұсында жетілген.Кей жерлерде әлә де тау көтерілу процесі жүріп жатыр.Оған Тянь- Шаньдағы жер сілкіністер дәлел бола алады.Таулардың жалпы жер бедері біркелкі емес.Ол биік жоталармен бірге тау аралық ойыстардан,қыратты жазықтардан тұрады.
Таулардың биік белдеулері оның дамуының негізгі заңдылықтарын белгілейді.

Слайд 5
ТЯНЬ-ШАНЬ ТАУЛАРЫ
Географиялық орны.Тянь – Шань Азиядағы ең ірі тау жүйесінің бірі.Таудың

шығыс бөлігі Қытай жерінде.Тянь- Шань сөзі қытай тілінде «Тәңір шыңы,Аспан тау» деген мағынаны білдіреді.Қазақстанға Тянь – Шанның солтүстік және батыс бөлігі ,Орталық Тянь – Шаньның солтүстік және батыс бөлігі кіреді.Солт үстік Тянь –Шаньдағы Талас алатауының оңтүстік – батыс бөлігі Қазақстанның оңтүстік – батысы мен оңтүстігіндегі таулар сілемін құрайды.

Слайд 6Климатты, өзендері мен мұздықтары. Тянь-Шань тау жүйесінің климаты құрғақ, құбылмалы болып келеді.

Оғапн арктикалық ауа массалары мен Сібірден келетін антициклон әсет етеді. Тау жоталарының биіктігі, жер бедерінің әрқилылығы жылу мен ылғалдың алмасуы оның ауа райының құбылмалы ерекшелігін анықтайды. Сондықтан күз бен көктемде салқын соғып, үсік жүруі жиі кездеседі. Жаз айларында аптапты ыстық ауаны құрғатып, климатты континентті етіп қалыптастырады. Тау етектері мен жазықтардың құрғақ ауасы тау ішінде көтерілгенде, ауа райы қоңыржай күйге ауысады. Қысы ұзақ, қазаннан сәуірге, кейде мамырға дейін созылады. 

Слайд 7Күнгей және Теріскей Алатауларында қар кейде тамызда да жауады. Іле Алатауында

тамыз- күздің айы. Тауда бұл кезде салқын түседі. Мамыр маусым айларында күн жылынып кете қоймайды. Нағыз жаз айы шілде ғана. Кіші,Үлкен Алматы алабындағы ылғалдың ең көп түсетін кезі – мамыр айы. Тау етегінде жаңбыр жауса, тау басына қар болып түседі.
Іле Алатауының солтүстік беткейінде қысқы айлардың өзінде жиі жылжымалық болып тұрады. Күндіз еріген қар, Түнде қайтадан қатады. Ауа райының осылай алмасуы тау жыныстарына кері әсрін тигізеді.

Слайд 8Батыс Тянь-Шаньнның климаты бұдан гөрі өзгешелеу. Оңтүстік Қазақстанның жылы ауа райы

оған әсер етеді. Таулардағы қар белдеуі бұл жерде жоғарырақ жатады. Тауларда ылғал мол болады. Тау беткейлерінде шілде айының орташа температурасы 200 С-250С болса, мұздықтардың етегінде – 50 С-қа дейін төмендейді. Жылыдқ жауын-шашын мөлшері 600-800 мм.


Слайд 9Тянь-Шань жоталарының көбінде тау басында орналасқан, басын мұздықтардан алатын көлдері кездеседі.

Тау аралық ойыстарда шағын көлдер ұшырайды. Тянь-Шань тауларының биік басында мұздықтар орналасқан, ол әсіресе Шілік-Кебін тау жүйесінде қалың, аумағы үлкен мұздықтар да бар.
Іле Алатауында 484 км2 алқапты алып жатқан жалпы саны 380 мұздықбар. Олар Шілік,Кебін,Есік,Талғар, Үлкен Алматы,Кіші Алматы,Ақсай сияқты өзендердің бастау алатын биігінде жатады. Оның ең үлкені – Корженевский мұздығы (ұзындығы 14,4 км)

Слайд 10Табиғат зоналары(Биіктік белдеу) Тянь-Шань тауларының табиғат зоналары биіктік белдеулігімен ерекшеленеді. Ол белдеулер

тау жоталары мен оны қоршаған ороггарфиялық жағдаймен байланысты қалыптасқан. Табиғи ортасына, әр тау жотасының өзіндік ерекшеліктеріне қарай биіктік бедеулері Тянь-Шаньның барлық жерінде бірдей емес, бірінде биіктік бедеу жоғары болса, бірінде төмен жатады.
Солтүстік Тянь-Шаньдағы биіәктік белдеулері ең жоғарыдан санағанда мұз жатқан, мәңгі қар басқан альпілік жер бедерінен басталады. Оның өзі кей жерде 2600-2800 м-ден, кей тауда 3300 м биіктіктен басталады. 

Слайд 11Өсімдік пен жануарлар әлемі
Жалаңаш жартастарды қоршаған қыраттар, кең алаңдар кездеседі. Онда

субальпілік,альпілік шалғындар өседі, құз басында барыс, таутеке, ұлар, тау бүркіті мекендейді. Іле Алатауының орталық тұсында альпілік жер бедері қатты тілімделінген күйінде көрінеді. Табиғи күштердің әсерінен мұнда жартастар жарылып үщкір шыңдар қалыптасқан. Сайлары тар шатқалды, құламалы тік келеді.


Слайд 12Бұдан кейінгі биіктік белдеу орташа биіктіктегі таулардың жер бедерін анықтайды. Олар

1500-1600 м-ден 3200-3300 м биіктікке дейін созылады. Бұл зонаның биік шыңдары бірқалыпты күйін сақтаған. Тау аралық жазықтар да жер беткейінің тегістігімен ерекшеленеді. Таулардың терістік беткейінде көбінесе қылқан жапырақты орман өседі. Жазықтықта шалғынға ауысады, күнгей беткейінде шалғынды дала зонасының белгілері байқалады. Ормандар тау беткейлері мен ойыстарда өседі. Тау жануарларынан аю, қабан, елік кезедеседі.

Слайд 13Тянь-шаньның Жануарлар дүниесі 


Слайд 14Аласа таулы бедеу 900-1100 м-дің шамасынан басталады. Бұл Іле Алатауының Сөгеті,Торайғыр

тауларының аймағында анық байқалады. Мұндағы жоталар Орталық Қазақстанның ұсақ шоқылы тауларын еске түсіреді. Бұл жерлердің қара, қара қоңыр топырағында әр түрлі өсімдіктер, шөптесін, қарағайлы, тобылғылы бұталар өседі.
Биіктік белдеулердің ең төменгісі тау етегіндегі, тау ішіндегі жазықтарды қамтиды. (Ол 600-800 м шамасындағы биіктікте жатыр.)Бұл белдеулерде дала, шөлейт, шөл зоналарының белгілері білінеді. Онда дәнді дақылдар, екпе шөптер мал жайлымына пайдаланылады.

Слайд 15Сауыр Тарбағатай
Географиялық орны. Жайсан ойпатының оңтүстік шекарасы Сауыр мен Тарбағатай тау жүиесіне тіреледі.Бұл

жермен Қытай – Қазақстан шекарасы өтеді.
Жайсан көліне жақын жатқан Сауыр таулары Қытайдан,Улюнгур көлінің батыс жағынан басталып, терең тілімделген үлкен қазаншұңқырларды жағалай шығыстан батысқа қарай созылады.Қазаншұңқырдың кезінде тектоникалық қозғалыстардан пайда болған.Ол Жайсан көлінің оңтүстік шығысында орналасқан Шілікті қазаншұңқырымен жалғасады.сауыр жотасының солтүстік етегі Жайсан көлі мен Қара Ертіспен бітеді,оңтүстік беті Шілікті даласына тіреледі.

Слайд 16Сауыр сияқты Тарбағатайдың да Қазақстанға батыс бөлігі ғана кіреді.Шығыс бөлігінің оңтүстік

беткейі Сауырмен жалғасқан жерінен Хабарсуға дейін Қытай жеріне қарайды.Таудың жалпы ұзындығы 300 км,ені 30-50 км.Батысында ол Шыңғыстаумен жалғасады.Тарбағатай бірнеше аласа таулар түрінде Сауырмен іргелес созылып жатыр.Олардың арасында Қандысу,Жоғарғы Еміл өзендері бөліп жатыр

Слайд 17Сауыр Тарбағатай – қатпарланған таулы өлке.Оның негізгі құрылымы жолғары палеозойда герцин

қатпарлануы кезінде қалыптасқан.Ол Альпі тау кезінде жаңғырып қайта көтерілген.Бұл ауаның қазіргі жер бедерінің қалыптасуына ерте замандардағы мұз басу,ағын сулардың эрозиялық әрекеті және кейінгі тектоникалық процестер әсер еткен

Слайд 18

Климаты.Сауыр – Тарбағатай өңірі климаты жағынан Оңтүстік Алтайға ұқсайды.Климаты континентті.Алтайға қарағанда

жауын – шашын аздау.Табиғи ерекшеліктері мен климаты жағынан ол Оңтүстік Сібір мен Орта Азия тауларының аралығындағы өтпелі аймақ тәрізді.Қаңтардағы ауаның орташа температурасы -20°С,шілдеде 22°С. Жауын – шашын мөлшері 350-500 мм,тау іші ылғалды,жазыққа қарай қуаңдау..

Слайд 19Табиғат зоналары Сауыр – Тапрбағатай тауларының аймағы табиғи ерекшеліктеріне сәйкес Тарбағатай

таулы – далалы аудан,Сауырдың таулы орманды – шалғынды дала болып бөлінеді.Тарбағатай даласының өсімдіктері бұталы,қарағайлы болып келеді де,таудың солтүстік беткейінде альпі шалғынына ұласады. Сауыр тауының етегі 700 м- ге дейін шөлейт зонаға жатады,оның сортаңданған қара қоңыр топырағында шөлейт өсімдіктері 

Слайд 20Өсімдіктері мен  жануарлары 
Оңтүстік беткейде де бұталы өсімдіктер көп.Сайларда жеміс – жидек ағаштары,көк

терек , ақ терек шағын ормандар кездеседі өседі.Ормандары Сібір ағаштары мен Тянь-Шань шыршасынан тұрады. Бұл аймақтың Сібір мен Орта Азия аралығындағы өткінші орын екенін тағы да дәлелдейді.
Жануарлар дүниесі жағынан Сауыр мен Тарбағатай,Алтай мен Тянь- Шань аралық ауданын құрайды. Оны қоғыр аю,бұғы, елік, таутеке,арқар,қасқыр,қар барысы,сілеусін,түлкі және т.б. аңдар мекенде

Слайд 21Сауыр-Тарбағатай өсімдіктері мен жануарлары 


Слайд 22Қорыта айтқанда екі тау жүйесі де ерекшелігімен сипатталады. Бұл екі таудың

Бірі Тянь-Шань еліміздің оңтүстік  бөлігінің табиғатының тамаша көрінісі. Ал Сауыр-Тарбағатай еліміздің шығысының інжуі десек артық емес. Екі тау жүйесі де ұзақ уақыт қалыптасудан өтті. Бұл тау жүйелерінің табиғатын, экологиялық жағдайың сақтау біздің қолымызда. 

Слайд 23Пайдаланылған әдебиет(Материалдар) 
1.https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D1%8F%D0%BD%D1%8C-%D0%A8%D0%B0%D0%BD%D1%8C#cite_ref-2
2.Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008. ISBN 9
965-34-809-Х
3.https://baribar.kz/student/7288/sauyr-tarbaghatay


Слайд 24Назарларыңызғарақмет! Сіздерге ұнады деп сенемін 


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика