Мұнай және газ шоғырлары презентация

Содержание

Слайд 1Дәріс тақырыбы: Мұнай және газ шоғырлары


Слайд 2 Мұнай және газ шоғырлары деп мұнай мен газдың жай және жеке

жиналуын айтамыз.

Шоғырдың қалыптасуына 3 түрлі жағдай қажет:
Коллектордың болуы
Жапқыштың болуы
Тұтқыштың болуы


Слайд 3Шоғыр ішінде флюидтер тығыздық мөлшеріне сәйкес жоғарыдан төмен қарай газ, мұнай,

су түрінде орналасады.
Мұнай мен судың шекарасы су-мұнай жапсары, газ шоғырында газ және су шекарасы – газ-су жапсары, газ және мұнай шекарасы, газ- мұнай жапсары деп аталады.
Су-мұнай жапсарының мұнайлы қабаттың жабынымен қиылысқан сызықты сыртқы контур, ал қабаттың табанымен қиылысқан сызықты ішкі контур дейді.

Слайд 4Мұнай-газ шоғыры
1-газ шапкасы; 2-мұнай; 3-су
ГМЖ
СМЖ
Газ
шапкасының
биіктігі
Мұнай
шоғырының
биіктігі


Слайд 6Өнімді қабаттың жоғары нүктесінен су-мұнай немесе газ-су жапсарына дейінгі қашықтықты шоғырдың

биіктігі болады, сондай-ақ газды телпектің биіктігі және шоғырдың мұнай бөлігінің биіктігі белгіленеді.

График түрінде шоғырлар құрылымдық карталарда (планда) және қималарда бейнеленеді.

Слайд 7Шоғырлардағы көмірсутектеріне байланысты Н.А.Еременко жіктемесі бойынша шоғыр түрі:
Мұнай шоғыры
Газ шапкасы

бар мұнай шоғыры
Газды-конденсатты шоғыр
Газды шоғыр
Мұнай бөлшегі бар газ шоғыры

Слайд 8Мұнай және газ шоғырларының Брод бойынша жіктемесі.
Брод жіктемесінде шоғырларды келесідей белгілері

(критерийлер) арқылы бөледі:
Табиғи резервуарлардың түрі (мұнымен шоғырдың тобы анықталады)
Тұтқыштардың пайда болу жағдайы, яғни генезисі (мұнымен шоғырдың топшасы анықталады)

Слайд 9Табиғи резервуарлардың түрлері бойынша шоғырларды 3 топқа бөледі:
Қабаттық шоғырлар тобы
Массивті шоғырлар

тобы
Бұрыс пішінді шоғырлар тобы


Слайд 10Қабаттық шоғырлар тобы
Бұл топ шоғырлары табиғи резервуардағы тұтқыштардың пайда болу жағдайына

байланысты
4 топшаға бөлінеді:

Қабаттық дөңесті шоғыр
Қабаттық тектоникалық экран
Қабаттық стратиграфиялық экран
Қабаттық литологиялық экран

Слайд 11Қабаттық шоғырлардың пайда болу жағдайы
Мұнай-газ қабаттық резервуардың майысуы кезінде антиклинді құрылымға

немесе антиклинді тұтқышқа жиналуы мүмкін. Бұл жағдайда қабаттық дөңесті шоғыр пайда болады.
Қабаттық резервуардағы мұнай мен газдың миграция жолдарында тектоникалық немесе стратиграфиялық экран кездессе немесе коллектор қабат жапқыш қабатымен орын ауыстырса сәйкесінше қабаттық тектоникалық, стратиграфиялық және литологиялық экрандалған шоғырлар пайда болады.
Бұл мұнай және газ шоғырлары Жетібай, Өзен, Каспий маңы тұз үсті кенорындарында (Доссор, Макат, Құлсары, Кенбай және т.б) кездеседі.

Слайд 12Қабаттық дөңесті шоғыр (мұнай)


Слайд 13Бұл шоғырдың аты табиғи резервуардың түрі бойынша (қабаттық) және құрылымдағы орналасқан

жері бойынша (қабат дөңесінде) аталады.
Шоғыр антиклиннің және басқа да құрылымдардың ең жоғарғы бөлігінде яғни дөңесінде орналасқан
Қатпарлы дислокациялар тұтқышында (антиклинді тұтқышта) пайда болған

Қабаттық дөңесті шоғыр


Слайд 14 Планда
мұнайлылықтың ішкі және сыртқы контурлары,
мұнайлылықтың ішкі контурымен шектелген таза

мұнайлы немесе газды өрісі;
мұнайлылықтың ішкі және сыртқы контурымен шектелген су-мұнайлы немесе су-газды өрісі.
Су-мұнай өрісінде коллектор жоғарғы жағында мұнаймен немесе газбен, ал төменінде сумен қанығып тұрады.
Ал таза мұнай өрісінде коллектордың толығымен мұнаймен немесе газбен толып тұрады, ал жоғарысында жапқышқа (флюидтірекке) келіп тіреледі.
Су-мұнай жапсары (СМЖ) немесе мұнай-су бөлігі қалыңдығы 0,3-8 м шамасындағы аралық белдем болып табылады.



Слайд 15Күрделі тектоникалық бұзылған қабаттық дөңесті шоғыр (блоктық) (мұнайлы)


Слайд 16Тектоникалық әлсіз бұзылған қабаттық дөңесті шоғыр (мұнайлы)


Слайд 17Қабатты тектоникалық шоғыр


Слайд 18Қабаттық тектоникалық экрандалған шоғыр антиклиндерде, диапирлі қатпарларда және моноклиндерде жарылымды дислокациялар

тұтқыштарында пайда болады.
Бұл шоғырдың аты табиғи резервуардың түрі бойынша (қабаттық) және шоғырдың бас жағында шектеп жатқан тектоникалық экран (жарылымды тектоникалық бұзылымдар) атына байланысты аталған.

Слайд 19Коллектор қабаттың созылымының жарылымға ұшырауы нәтижесінен және оның блоктарының бір-бірінен салыстырмалы

түрде қабат қалыңдығынан асып түсетін белгілі-бір амплитудаға жылжып кетуінен коллектордың бас жағында өткізбейтін таужыныстармен тығындалып қалып, осының нәтижесінде қабаттық тектоникалық экрандалған шоғыр пайда болады.

Моноклиндегі қабаттық тектоникалық экрандалған шоғыр сызықты созылған антиклинді емес жарылымды дислокациялық тұтқышта пайда болады

Слайд 20 Қабаттық тектоникалық
экрандалған шоғыр
Планда
Қабаттық дөңесті шоғырға ұқсас келеді,
мұнда мұнайлылықтың ішкі

және сыртқы контурлары,
таза мұнайлы немесе газды өрісі мен су-мұнайлы немесе су-газды өрісі
мұнымен қатар шоғырды жан-жағынан қоршап жатқан мұнайлылық контурларымен бірге жалпы тұйық контур түзетін тектоникалық экран болады.

Слайд 21Қабаттық тектоникалық экрандалған шоғыр (мұнайлы)


Слайд 22Қабаттық тектоникалық экрандалған шоғыр (мұнайлы)


Слайд 23Қабаттық тектоникалық экрандалған шоғыр (мұнайлы)


Слайд 24Қабаттық тектоникалық экрандалған шоғыр (мұнайлы)


Слайд 25Қабаттық тұзды күмбезбен экрандалған шоғыр (мұнайлы)


Слайд 26Қабатты стратиграфиялық экрандалған шоғыр


Слайд 27Қабаттық стратиграфиялық экрандалған шоғыр антиклиндерде, диапирлі қатпарларда және моноклиндерде стратиграфиялық (бұрыштық)

үйлесімсіздік тұтқыштарында пайда болады.
Қабаттық тектоникалық экрандалған шоғыр түріне ұқсас, бір айырмашылығы – бұл шоғырда стратиграфиялық экран болады.

Слайд 28Қабаттық стратиграфиялық экрандалған шоғыр (мұнайлы)


Слайд 29Қабаттық литологиялық экрандалған шоғыр


Слайд 30Қабаттық литологиялық экрандалған шоғыр қабаттық табиғи резервуардың жоғарыға қарай созылымында оның

сыналануына (выклинивание) байланысты түзілетін литологиялық тұтқыштарда пайда болады.
Қабаттық литологиялық экрандалған шоғыр антиклиндерде, диапирлі қатпарларда және моноклиндерде көп кездеседі
Құрылысы қабаттық тектоникалық және стратиграфиялық экрандалған шоғырларға ұқсас, бір айырмашылығы – шоғырдың бас жағында литологиялық экран (сыналану(выклинивание) немесе коллектордың коллектор емес қабатқа ауысуы) болады.

Слайд 31Өткізгіш Т.Ж. Өткізбейтін Т.Ж. Орын ауыстыруы


Слайд 32Қабаттық литологиялық экрандалған мұнайлы шоғыр, коллектордың коллектор емес қабатқа күрт ауысуынан пайда болады


Слайд 33Қабаттық литологиялық экрандалған шоғыр (мұнайлы), (коллектор қабаттың созылымы бойында сыналануынан пайда болған)


Слайд 34Құлсары мұнайгазды кенорны


Слайд 35Жетібай газдыконденсатты мұнайлы кенорны


Слайд 36Өзен газдымұнайлы кенорны


Слайд 37Құмкөл газды мұнайлы кенорны


Слайд 38Массивті шоғырлар тобы
Біртекті немесе әртекті резервуарларда пайда болады.

Бұл шоғырлардың аты табиғи

резервуардың түрі (массивті) мен оңаша көтерілімнің (выступ) түріне қарай:
құрылымдық (тектоникалық) көтерілімдегі массивті шоғыр
биогенді (рифогенді) көтерілімдегі массивті шоғыр
эрозиялық көтерілімдегі массивті шоғыр болып бөлінеді.

Слайд 39Барлық массивті шоғырлар өзара ұқсас келеді және өзіндік ерекшеліктері тән.

Массивті шоғырлардың

биіктігі жүздеген метрге, кейде алғашқы мыңдық километрге жетеді.

Қимасында СМЖ шоғырдың көлденең барлық бойында жатады, ал төменінде минералды сумен немесе су қаныққан таужыныстармен шектеседі.
Шоғыр жоғарысынан және шет жағынан өткізбейтін немесе өткізгіштігі нашар таужыныстармен шектеліп жатыр.

СМЖ оларда литологиялық және стратиграфиялық шекараларды кесіп өтеді, себебі массивті шоғырлар бірнеше стратиграфиялық комплекстерді кейде жүйелерді қамтуы мүмкін.

Флюидтердің қозғалысы төменнен-жоғары, тік немесе қатты еңіс болып келеді.

Қоры мен энергетикалық потенциалы әдетте, жоғары болып келеді.
Мұндай мұнай және газ шоғырлары Каспий маңы тұз асты кенорындарында Теңіз, Қарашығанақ, Жаңажол, Қожасай және т.б. кездеседі.

Слайд 40Құрылымдық (тектоникалық) көтерілім деген жалпы ұғымға біріктірілетін антиклиндердің, брахиантиклиндердің және күмбез

тәрізді көтерілімдердің дөңесінде орналасады.
Литологиялық жағынан каверндер мен жарықшақтар есебінен кеуектілігі мен өткізгіштігі жақсы қалыңкарбонатты коллектор қабатынан тұрады.

Құрылымдық (тектоникалық) көтерілімдегі массивті шоғыр


Слайд 41Тектоникалық көтерілімдегі
массивті шоғыр
Планда
антиклиннің, брахиантиклиннің немесе күмбез тәрізді құрылымның пішінін

қайталайтын мұнайлылықтың бір (сыртқы) контуры болады.
Мұнайлылықтың сыртқы контуры бір су-мұнайлы өрісін (көбінесе үлкен өлшемді) қоршап жатады.



Слайд 42Тектоникалық (құрылымдық) көтерілімдегі массивті шоғыр (мұнай)


Слайд 43Рифогенді көтерілімдегі массивті шоғыр
Организмдер мен теңіздік фауна мен флораның карбонатты қалдықтарынан,

яғни, әртүрлі органогенді әктастардан тұратын рифогенді көтерілімнің дөңесінде орналасады.

Слайд 44Рифогенді көтерілімдегі массивті шоғыр


Слайд 45Эрозиялық көтерілімдегі массивті шоғыр
Эрозиялық көтерілім генетикалық план бойынша ұзақ геологиялық уақыт

бойында жер бетінде болған және қатты бұзылымға ұшыраған бұрынғы рельеф (бедер) қалдығы болып табылады.

Слайд 46Эрозиялық көтерілімдегі массивті шоғыры (мұнай)


Слайд 47Теңіз мұнайлы кенорны



Слайд 48Қарашығанақ мұнайгаздыконденсатты кенорны


Слайд 49Жанажол газдыконденсатты мұнайлы кенорны



Слайд 50Литологиялық жан-жағынан шектелген шоғырлар
Бұл топ шоғырлары бұрыс пішінді жан-жақты литологиялық шектелген

резервуарларда пайда болады.
Табиғатта өте сирек кездеседі.
Коллектор бұрыс пішінді болып келеді.
Көбінесе құмнан, құмтастан алевриттен, алевролиттен тұрады да, жан-жағынан жапқыш таужыныстармен шектеліп жатады.
Коллектордың пішіні - әртүрлі: линза тәрізді, жең тәрізді, бау тәрізді, ұя тәрізді.
Қоры өте аз болып келеді.
Бұл мұнай және газ шоғырлары Солтүстік-Батыс Кавказда алғаш рет 1911ж И.М. Губкин ашқан. Мұндай шоғырлар Оңтүстік Маңғышлақ және Оңтүстік Торғай мұнайгаздылы бассейндерінде де табылған.


Слайд 51Жан-жағынан литологиялық шектелген шоғыр (бау тәрізді, шоғыр)


Слайд 52Жан-жағынан литологиялық шектелген шоғыр (ұя тәрізді)


Слайд 54Құмды коллекторларда шөккен (залегающих) ұя тәріздес шоғыр


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика