түрде танитынын мәлімдеді. АҚШ президенттігіне үміткер Барак Обама да Косово мемлекетін қолдайтынын білдірді. АҚШ түшкірсе, жәрекімалласын ұмытпайтын елдердің қарасы мол. Жапония, Бельгия, Франция, Ұлыбритания, Италия, Хорватия, Аустралия, Түркия, Алмания тәрізді елдер Косово тәуелсіздігін мойындады. Аустрия, Польша, Финляндия, Дания, Швеция Косовоның тәуелсіздігін танитынын мәлімдеді. Чехия, Эстония, тіпті Қырым үшін қырқысып жүрген Украина да Косово тәуелсіздігіне қарсы еместігін байқатты. Ал Еуроодақ ішінде Испания, Румыния, Словакия, Кипр, Грекия, Болгария Косовоның тәуелсіздігіне қарсылық білдірді. Косовоға әу бастан қарсы Қытай мен Ресейдің қатарына Вьетнам, Ливия және Индонезия қосылды. Сербия премьер-министрі Воислав Коштуница «Өлкенің тәуелсіздігін ешқашан танымайды, құрамына қайта қосып алу үшін жалған мемлекетпен күрес жүргізе береміз», — деген мәлімдеме жасады. Сөйткен Сербия Косовоның тәуелсіздігін таныған мемлекеттерден өз елшілерін кері шақырып алды. Сербия президенті Борис Тадич халықаралық ұйымдарды халықаралық құқық принциптеріне қайшы келетін актінің күшін тез арада жоюға шақырды. Сербия Косово мемлекеті басшыларын «жалған мемлекет» құрды деп айыптап, қылмыстық іс қозғағанымен, одан ештеңе шықпады. Епископ Артемий: «Косово — Сербияның ажырамас бөлігі. Косовосыз Сербия қол-аяғы мүгедек секілді халге түседі», — деп мәлімдеді. Ресей сыртқы істер министрлігі Косовоның уақытша өзін-өзі басқару органдарының тәуелсіздігін жариялап жіберуін құптамайды. Өйткені Сербияның егемендік құқы бұзылып, БҰҰ жарғысы, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 1244 қарары, Хельсинки қорытынды актісі аяқасты етілді деп айыптап отыр. Сондықтан Ресей Сербияның территориялық тұтастығын сақтау жөніндегі әділетті талаптарын барынша қолдайды. Мәскеу БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысын шақырып, 1244 қарарға сәйкес реттеуді ұсынғанымен, болар іс болып, бояуы сіңген-ді. Ресей Думасының спикері Борис Грызлов: «Косово төңірегіндегі ахуал бүкіләлемдік қауымдастықты дүрлігіске алып келері сөзсіз. Косово сепаратизмінің Еуропа мен әлемдегі „отты нүктелерге“ май құятынын елемеу - саяси көрсоқырлық. Косово сепаратизмін қоздырушылар келеңсіздіктерде барлық жауапкершілікті өз мойнына алуы тиіс», — деп мәлімдеді. БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Косовоға байланысты сұрақтарға «Ұлттар ұйымының тәуелсіздікті тану немесе танымау туралы өкілеттілігі жоқ. Тәуелсіздік БҰҰ хатшылығы тарапынан емес, мемлекеттер жағынан танылады», — деп жалтарма жауап берді. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Косово мәселесінде ортақ келісімге келе алмады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ашық жиынында Косово премьер-министрі Хашим Тачи Сербия мен Ресейді тәуелсіздікті тануға шақырды. Оның айтуынша, жалпы Балқан аймағындағы елдер арасында терең мүдделестік пен тамырластық бар. «Косовоның барлық азаматтарының құқы бірдей, ешқандай кемсітушілікке жол берілмейді. Біз барлық ұлттардың құқын қорғаймыз», — деді Хашим Тачи. Жігерлі Хашим Тачи соғыс жылдарында аса қатаң дала командирлерінің бірі болыпты. Сол үшін сарбаздар оған «Жылан» деген айдар таққан екен. Кеше ғана Косово парламенті өзінің сыртқы істер министрлігін, азаматтық және паспорт жүйесі, полиция, мәдени ескерткіштерді қорғау, әкімшілік бөліністі межелеу туралы 10 заңнамалық актілерді қабылдап үлгерді.
Халықаралық ұйымдардың ішінен Ислам конференциясы ұйымы суырылып шығып Косово тәуелсіздігіне тілектестігін білдірді. Сөзсіз, бұл ұйымның 57 мүшесінің атынан болмаса да, солардың басым бөлігінің ұстанымын көрсетіп береді. Қазақстан әрқандай бір мемлекеттің аумақтық тұтастығының бұзылуын және біржақты тәртіпте тәуелсіздік жариялауды құптамайтынын жариялады. ТМД елдерінен Тәжікстан мен Қырғызстан да Косово тәуелсіздігін мойындамады.
VS
США
Россия
Албания