Картографияның дамуы мен тарихы презентация

Картография табиғат пен қоғам құбылыстарының үйлесуі мен өзара байланысуын, олардың кеңістіктегі орналасуын және уақыт бойынша өзгеруін, т. б. картографиялық кескіндеудің (бейнелеудің) көмегімен зерттейтін ғылым. комителық ұғымдарға – аспан денелері мен жұлдызды

Слайд 1КАРТОГРАФИЯНЫҢ ДАМУЫ МЕН ТАРИХЫ
Орындаған: Құрманбайқызы Арай


Слайд 2Картография табиғат пен қоғам құбылыстарының үйлесуі мен өзара байланысуын, олардың кеңістіктегі

орналасуын және уақыт бойынша өзгеруін, т. б. картографиялық кескіндеудің (бейнелеудің) көмегімен зерттейтін ғылым. комителық ұғымдарға – аспан денелері мен жұлдызды аспанның карталары, глобустар мен жер бедері карталары, картографиялық белгілермен берілген кеңістік модельдері (үлгілері) жатады.

Слайд 4Комитеның негізгі салалары:
Картография пәні мен әдістемесі, карта туралы ілім, картографиялық проекциялар

теориясы, генерализация мен кескіндеу әдістерінің (шартты белгілер жүйесі) теориялары;
Картография ғылымы мен өндірісінің тарихы;
картографиялық деректер тану (картографиялық деректерді саралау және оларға қатысы бар ғылыми-ақпарат теориясының мәселелері);
карталарды жобалау және оларды дайындау теориясы мен технологиясы;
карталарды пайдаланудың теориясы мен әдістемесі.


Слайд 5Картография және географияның ғылыми деректері Ежелгі Грекиядан басталады. Бұған Александр Македонскийдін, (Ескендірдің,

б.з.б. IV) жарлығының ықпалы мол болды. Ескендірдің кезінде кең аумақты отарлау мен сауда кеңінен жүрді, ірі географиялық ашылымдар болды. Ежелгі Грекиядағы географиялық ой-өрістің және астрономияның дамуы нәтижесінде Жер шар тәріздес деген ғылыми ұғымы қалыптаса бастады. Мұнда Аристотельдің еңбегі зор болды. Жердің шар тәріздес екендігін алғаш рет дәл өлшеп көрсеткен астроном және географ Эратосфен болды (б.з.б. III ғасыр). Эратосфен өзінің "География" кітабында сол кезде белгілі болған Жер бетінің бейнесін картаға түсірді. Эратосфен алғаш рет "географиялық бойлық", "географиялық ендік" ұғымдарын енгізіп, оны іс жүзінде пайдаланды.
Ежелгі дүниенің ғылыми картографиясы өзінің кемелденген шегіне грек астрономы, географы және картографы Клавдий Птолемейдің (б.з. І-ІІ ғ.) тұсында жетті. Ол өзінің “География” еңбегінде сол кезде белгілі болған карта проекцияларының барлығын, оның ішінде конустық және псевдоконустық проекцияларды тыңғылықты баяндап берді.
Араб ғалымдары еуропалықтардың діни (монастырлық) карталарына қарағанда пішіні мен мазмұны жағынан әлде қайда бай, көрнекті және сол кезде белгілі жерлерді дәл және шынайы түрде бейнелей білді. ХІ ғасырда ортаазиялық ғалым Әбу Райхан әл-Бируни эклиптиканың экваторға еңкіштігін дәл анықтады, Жер радиусын да шамалап дәл көрсетті. "Карталар және Жер беті туралы мәліметтер" еңбегінде ол картографиялық проекциялар, градустық тор жайлы және Жер бетін глобусқа проекциялау әдістерін қарастырды. Еуропада картаның даму кезеңі орта ғасырлардың аяғына келді. Оған негізгі себеп, осы кезде қоғамның картаға деген сұранысының өсуі болды. Карта, негізінен, Шығыс пен Батыс елдері арасындағы сауданың дамуына байланысты қолданыс таба бастады. Оған қызығушылық артты.Осының нәтижесінде XVI ғасырдың соңында арнайы теңіз карталары - портолондар (италия тілінде роztо -қойнау) пайда болды. Олар теңізде жүзгенде бағдарлану үшін пайдаланылды.

Слайд 8XVI ғасырда картографияның дамуына фламанд Г.Меркатор (1512-1549 ж.) үлкен үлес қосты. Ол

бірнеше картографиялық проекциялар жасады, оның ішінде теңізде жүзушілерге ыңғайлы тең бұрышты картографиялық проекциялар да болды. Сол кезде бар картографиялық материалдарды талдап және іріктеп Меркатор үлкен карталар жинағын жасады. Ол оны "Атлас" деп атады.
XVII ғасырдың басында осы кезде практикалық астрономия мен геодезияда ірі жетістіктер болды. Нәтижесінде картография одан әрі дами түсті. Осы кезеңде астроном Галилей астрономиялық көру трубасын (1609 ж.) ойлап тапты. Ал 1616 жылы голланд ғалымы Снеллиус триангуляция негізінде алғаш рет градустық өлшемдер жүргізді. Осы кезеңде мензула да ойлап табылған. Осылардың нәтижесінде дәл градустық өлшемдер жүргізіліп, геодезиялық негіздегі топографиялық карталар жасала бастады.
XVI ғасырдың 2-жартысында Батыс Еуропада капиталистік қарым-қатынастар, экономикалық байланыстар одан әрі дамыды, жаңа аумақтар отарланды. Осылардың барлығы карталардың жаңа түрлерін әр түрлі кезінде жаңа дәл түсіретін құралдар пайда бола бастаған. Картаны құру және оны пайдалану жаңа деңгейге көтерілді. Француз ғалымы Пимар триангуляция әдісін пайдаланған. 1740 жылы астроном Ц.Кассинидің жетекшілігімен бүкіл Франция аумағының триангуляциялық тірек пункттері жүйесін жасай бастады. Осы құрылған жүйе арқылы Кассинидің жетекшілігімен 1:86400 масштабта мензулалық түсірім жүргізіліп, ол 1789 жылы бітті. Осы түсірімге негізделіп жасалған топографиялық карталар тек 1815 жылы аяқталды.


Слайд 9XVI ғасырдың басында Еуропаның көптеген елдерінде әскері -топографиялық бөлімшелер ұйымдаса бастады.

Кейіннен бұл бөлімшелер мемлекеттік картографиялық қызмет мәртебесін алды. XIX ғасырдың алды және XX ғасырда Еуропаның көптеген елдерінде, сондай-ақ Ресейде жаңартылған, біршама дәл, ірі масштабты топографиялық карталар пайда бола бастады.
Басында топографиялық карталар тек әскери мақсатта жасалса, кейіннен өзінің дәлдігі мен бөлшектеліп толық көрсетілу сипаты нәтижесінде оларды азаматтық ғылымдар пайдалана бастады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропа мен Азияның біршама елдерінде картографияның дамуы бір сапалық мәнге ие болды.
Табиғат ресурстары мен өндіргіш күштерді толық пайдалануға байланысты дүние жүзінің көптеген елдерінде тақырыптық және кешенді картографиялауға сұраныс көбейді. Дүниежүзілік мұхитты зерттеу және қоршаған ортаның ластануы, онымен күресу мәселелері қазіргі кезде өзекті мәселе болып отыр. Оларды толық, дәл көрсету үшін нақты картографиялық түсірімдер мен материалдар қажеттігі туындады.
Картографияның келешегіне көз сала отырып, бІріншіден тақырыптық картографияның одан әрі тиімді дамуын қажет етеді. Бұл тұрғыдан Дүниежүзілік мұхит кеме жүзу немесе балық аулау үшін зерттеліп келсе, енді адамзат одан өте қүнды әр түрлі ресурстар көзін тауып отыр. Сондықтан, оны жан-жақты картографиялау өте қажет. Мемлекет аумағындағы табиғи ресурстарды картада толық көрсетуді және халық шаруашылығының әр түрлі салаларын, сонымен бірге халыққа қызмет көрсету салапарын тиімді пайдалану үшін әр сала бойынша толық картаны жасау қажеттігі күшейе түсті. Урбандалудың өсуі және қалаларды қайта жөндеу қаланың ерекше картографиясының дамуына алып келді.


Слайд 10НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика