Карст процестері және бедерінің карсты пішіндері презентация

Мақсаты: Жep бeтiнiң карстық үдерістері, бедердің карстық пiшiндepінің күpдeлiлiгiне гeoлoгиялық тұрғыдан сипаттама бepіп, жүйелі түрде талдау. Міндеті: жер бетінің карстық үдерістері жəне бедердің карстық пішіндеріне шолу жасау; карстық аймақтарының үңгірлері

Слайд 1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
КАРСТ ПРОЦЕСТЕРІ

ЖӘНЕ БЕДЕРІНІҢ КАРСТЫ ПІШІНДЕРІ

ОРЫНДАҒАН: АРХАБЕКОВА А.Е.
ЖЕТЕКШІСІ: АБИКБАЕВ Е.Р.

Слайд 2Мақсаты: Жep бeтiнiң карстық үдерістері, бедердің карстық пiшiндepінің күpдeлiлiгiне гeoлoгиялық тұрғыдан

сипаттама бepіп, жүйелі түрде талдау.
Міндеті:
жер бетінің карстық үдерістері жəне бедердің карстық пішіндеріне шолу жасау;
карстық аймақтарының үңгірлері жəне аңғарлары мен өзендеріне сипаттама беру;
карст құрылуының шартты жағдайларын анықтау;
карст пішіндері мен карст құбылыстары дамыған аймақтарын анықтау;
карстық аймақтарының бедер пішіндерін талдау.

Слайд 3
Карст (Югославиядағы Karst үстірті атымен аталған) –

тау жыныстарының суда еруінен жəне онымен байланысты химиялық үдерістерден туындайтын құбылыстар жəне сол үдерістерден жаралған бедер пішіндері. Карст жер бетіндегі жəне жер астындағы сулардың бірлескен əрекетінің нəтижесі, олар əктас, доломит, бор, əксаз (мергель), мəрмəр, гипс жəне түрлі-түрлі тұздар тараған өңірлерде байқалады. Тас тұзы мен гипстың ерігіштік қасиеті əктас пен доломиттен жоғары бола тұрса да гипстік жəне тұздық карст жер бетінде сирек тараған. Əктас пен доломит əдеттегі жағдайларда жай ериді, бірақ олар гипс пен тас тұзына қарағанда кең тараған, сондықтан бұлар айрықша жəне көбірек зерттелген.

Слайд 4
Карстық құбылыстарының пайда болуына басқа табиғи факторларда əсер етеді, олар:
а)

бедер - тік немесе құламалы жер бедерлерімен салыстырғанда, тегіс, жайпақтау келген жерлер карст процесіне тезірек ұшырайды;
б) əктастың тазалығы мен қалыңдығы: əктас қабаты неғұрлым таза жəне қалың болса, соғұрлым олар карст түзілуіне қолайлы болады;
в) тау жыныстар құрылымы (структура породы) - жұмыр, ірі кесекті əктастар ұсақ түйірлі ізбестастарға қарағанда карст құбылысына баяу ұшырайды;
г) ауа райының немесе температураның жағдайы, жауын-шашынның мөлшері, ауа райымен байланысты өсім дік жамылғысы, өсімдік қалдықтарының ыдырау əсері, су көмір қышқылы, гумин қышқылы, азот қышқылы жəне т.б. қыш-қылдармен қаныққаннан кейін, химиялық əсері арта түседі;
д) карстық тау жыныстардың жарықшақтығы (трещиноватотость карстующих пород) - жарықшықтар пайда болған кезде агрессивті су осы жарықшақтар арқылы таужыныстарға сіңіп жерастында əр түрлі карст пішіндерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады


Слайд 5
Карстың ерекшеленген негізгі үш қабатты
Үстіңгі қабат жербетінен бастап жерастындағы еспе

(грунт) судың бетіне (деңгейіне) дейін.
Ортаңғы қабат - уақытша суға толық қаныққан қабат. Осы қабатты көптеген зерттеушілер карст түзу, үңгір түзу қабаты деп атаған.
Төменгі қабат – суға үнемі толық қаныққан қабат. Мұның жоғарғы шекарасы – жерасты суының ең төменгі деңгейі, ал төменгі шекарасы – су өтпейтін қабат.

Слайд 6КАРСТЫҚ АЙМАҚТАРДАҒЫ БЕДЕР ПІШІНДЕРІНІҢ ДАМУЫ ( И.С.ЩУКИН БОЙЫНША). А-А - ҚАЛЫҢ ҚАБАТТЫ

ӘКТАСТЫҚ ТАУ ЖЫНЫСТАРЫ; В-В - СУ ӨТКІЗБЕЙТІН ҚАБАТ; Р - КАРСТ ШҰҢҚЫРЛАРЫ; П - ЖЕР АСТЫНДАҒЫ ҚУЫСТАРМЕН ЖАЛҒАСҚАН ОПЫРЫЛЫП ҚАЛҒАН ОРЫНДАР (ОҚПАНДАР); А-А - АЭРАЦИЯ БЕЛДЕУІ; В-В - СУҒА МЕРЗІМДІ ҚАНЫҚҚАН ҚАБАТ; В-С - СУҒА ҮНЕМІ ТОЛЫҚ ҚАНЫҚҚАН ҚАБАТ

Слайд 71 - КАРРЛАР; 2 – КАРСТЫҚ ҚАЗАНШҰҢҚЫРЛАР (ВОРОНКАЛАР); 3 – ШАХТАЛАР

МЕН ҚҰДЫҚТАР; 4 - ҮҢГІРЛЕР ГАЛЕРЕЯСЫ; 5- ТІК ҮҢГІР ҚУЫСЫ; 6 – СТАЛАКТИТТЕР; 7 – СТАЛАГМИНТЕР МЕН СТАЛАГНАТТАР (КАЛОННАНЫҢ БАҒАНЫ); 8 – ДРАПТЫ ТӨСЕМДЕР; 9 - ЖЕРАСТЫ СУ АЙДЫНДАРЫ; 10 – СИФОН; 11 – ЖЕРАСТЫ САРЫҚЫРАМАСЫ; 12 - КӘРІС КӨЗІ БАР ВАКУУМНЫҢ КӨЗІ; 13 - ҮҢГІР ЖҮЙЕСІНЕ КІРУ.

Карстық аймақтарының бедер пішіндері


Слайд 8МҰНАРАЛЫҚ КАРСТЫҢ ЖАЛПЫ КӨРІНІСІ


Слайд 9.







Карст қуыстары: судың тік бағыттағы циркуляциясы мейлінше қарқынды

болса карст тау жыныстарының еру процесі оқпандар (понорлар) деген қуыс пішіндердің пайда болуына əкеліп соғады.

Слайд 10 ӘР ТҮРЛІ ПІШІНДІ ТҰЙЫҚ ОЙПАҢ; ТАУЖЫНЫСТАРДЫҢ ЖАСЫНА, ТИПІНЕ ЖӘНЕ

ЖАТЫСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ САҢЫЛАУ, ҚҰДЫҚ ЖӘНЕ ТАБАҚ ПІШІНДЕС БОЛАДЫ. ҚОПСЫҚ ЖАБЫН ТҮЗІЛІМДЕРІНДЕ ЕРІМЕЙ, МЕХАНИКАЛЫК ЖОЛМЕН (СУФФОЗИЯ) ПАЙДА БОЛҒАН КАРСТ ШҰҢҚЫРЫ КАРСТ-СУФФОЗИЯЛЫҚ ШҰҢҚЫР ДЕП АТАЛАДЫ.

Слайд 11
Карстық үңгірлердің ішіндегі ірілерінің бірі-АҚШ-тың Кентукки Штатындағы ұзындығы 100 км. Флинт-Ридж

жəне Нью- Мексика штатындағы Карлсбал үңгірлері. Үлкен үңгірлердің түбінде жерасты өзендері мен көлдері де кездеседі

Слайд 12
Карпат таулары — Еуропадағы тау жүйесі. Географиялық орны

Польша, Мажарстан, Украина, Словакия, Чехия, Аустрия, Сербия және Румыния мемлекеттері аумағында орналасқан. Солтүстік-шығысқа және шығысқа қарай доғаша иілген жоталардың ұзындығы 1500 км.

Слайд 13ҚЫРЫМ ТАУЛАРЫ — ҚЫРЫМ ТҮБЕГІНІҢ ОҢТҮСТІК БӨЛІГІНДЕГІ ТАУ. ӨЗЕГІ 150 КМ,

ЕНІ 50 КМ. ҚАРА ТЕҢІЗ ЖАҒАСЫН БОЙЛАЙ ЖАТҚАН БАС ҚЫРҚА — ЯЙЛАДАН ЖӘНЕ КУЭСТА ТҮРІНДЕГІ ОРТА, СОЛТҮСТІК ҚЫРҚАЛАРДАН ТҰРАДЫ. САЗДЫ ТАҚТАТАСТАН ЖӘНЕ ӘКТАСТАН, МЕРГЕЛЬДЕН ТҮЗІЛГЕН. КАРСТ ЖИІ КЕЗДЕСЕДІ (Қ. ҚЫРЫМ ТҮБЕГІ).



Слайд 14СТАЛАКТИТТЕР (ГРЕК. STALAKTOS – ТАМШЫЛАП АҒУШЫ) – МИНЕРАЛДАНҒАН СУЛАРДЫҢ ТАМШЫЛАУЫНАН ҮҢГІРЛЕРДІҢ,

КЕНІШТЕРДІҢ ТӨБЕСІНДЕ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ ҚАБЫРҒАЛАРЫНДА ТҮЗІЛЕТІН МИНЕРАЛДЫҚ ТАССҮҢГІ ТІЗІЛІМДЕР.



Слайд 15

Сталагмит (грек,. Stalagma-тамшы)- жоғарыдан аққан минералданған

су тамшыларының төменнен жоғары қарай қабаттаса өсуінен, үңгірлер түбінде қалыптасатын әк, гипс, тұз құрамды, іркінді минералдық түзілімдер.

Слайд 16

Сталагмит пен сталактиттың біріккен

жерін – Сталагнат деп атайды

Слайд 17

Карстық үдерістер халық шаруашылығына көптеген зиян тигізеді. Тұрғын үйлер мен құрылыстардың іргетасының құлауы, темір жол төсемінің қирауы, шахталарды су басып кетуі, су қоймаларындағы сулар астындағы қуысқа сіңіп кетуі - осылардың барлығы карстық құбылыстың нəтижесі. Сондықтан осындай құбылыстар байқалған аймақтарда үйлер тұрғызу, гидротехникалық құрылыстар жүргізу, темір жолдар тарту жұмыстарын алдын ала мұқият зерттеулерден кейін ғана іске асырылуы тиіс.


Слайд 18НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика