Слайд 3Күршім ауданының әкімі Чукаев Сейсенғазы Жұмағалиұлы
Слайд 4
Күршім ауданы - 1927 жылы құрылған, Шығыс Қазақстан облысы аумағына қарайтын
аудан. Аудан әкімі - Сейсенғазы Чукаев.
Слайд 5Әкімшілік-территориялық құрылымы
1997 жылдан бастап бұрынғы Марқакөл және Күршім аудандарын біріктіреді. Әкімшілік
орталығы Күршім ауылы облыс орталығынан 220 км қашықтықта орналасқан. Күршім ауылында 2005 жылдың 1-қаңтарындағы мәлімте бойынша 11,6 мың адам немесе аудан халқының 29,8 пайызы тұрады. Ауданның аумағы 23,2 шаршы километрге тең. Ауданның әкімшілік-территориялық құрылымы 12 ауылдық округ немесе 61 ауылдық елді мекеннен тұрады. Аудан халқы 40,2 адамды құрайды, тығыздығы – 1 шаршы километрге 1,7 адамнан келеді. Аудан Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті, Катон-Қарағай аудандарымен және Қытай Халық Республикасымен шекараласады.
Слайд 6Климаты мен табиғаты
Климаты шұғыл континентті. Қыста аяз 0-ден төмен 50 градусқа
дейін жетсе, ал жазда термометр бағанасы, керісінше, 50 градусқа дейін көтеріледі. Тамылжыған табиғат, аң мен құстың, дәрілік шөптер мен ағаш түрлерінің мәңгілік ордасындай. Азу таудан әрі асып, Мәрмәр тауынан қиялай өтсеңіз көз жасындай мөлдіреп атақты Марқакөл жатыр.
Слайд 7Шаруашылығы мен өнеркәсібі
Аудан су қорлары мен 1588,6 мың гектарды алып жатқан
жер алқаптарына бай, оның ішінде 29,4 мың гектары егістік жерлер. Аудан халқының негізгі бөлігі ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және өңдеумен айналысады. Ауданда алып орман массивтері бар, сапалы ағаш негізінен қарағайдан дайындалады. Ағаш дайындаумен «Күршім орманы» және «Марқакөл орманы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері шұғылданады. Күршімнің тау сілемдері мен Күршім өзенінің бассейні мен тармақтары ертеден тек табиғи сұлулығымен ғана емес, сонымен қатар, полиметалл қазба байлықтарымен белгілі
Слайд 8Өткен ғасырдың ортасында-ақ «Күршім», «Шырдаяқ» кеніштерінен алтын шығаратын. Бүгінгі күнге дейін
күміс, қорғасын, молибден, мыс қазбалары қозғалмаған күйінде. «Артель старателей «Алтай» ашық акционерлік қоғамы 2004 жылы 75,2 млн.теңгенің алтынын өндірді, бұл ауданда шығарылған өнеркәсіп өнімдерінің 32,3 пайызын құрайды. Электр энергиясымен аудан халқын «Шығысэнерготрейд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің екі филиалы қамтамасыз етеді. Ауданда 4767 телефон байланысының абоненттері тіркелген, оның 4326-ы пәтерлердікі. 1998 жылдан бастап ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруінің құлдырауы тоқтатылды. Табиғат жағдайы бақша және көкөніс өсіруге қолайлы. Ауылшаруашылығының бұл бағытындағы алғышарттарды байқаған Халықаралық Реконструкциялау және Дамыту Банкі Сарыөлең ауылдық округінде суармалы жүйе құруға 11миллион доллар бөлді. 2003 жылы бұл жоба толығымен аяқталды. Бетегелі алқаптар мен субальпілік шабындықтар, тау қорлары мал басының барлық түрлерінің тұрақты түрде көбеюіне, қазақи қой өсіруге өте қолайлы. Жыл өте ет, сүт, жүн өндірісі өсуде. 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы ірі қара мал басы, қой мен ешкі 0,1 пайызға, жылқы 2,6 пайызға, құс 6 пайызға көбейді. 2004 жылы 12833,4 тонна тірі салмақтағы ет, 53961,5 тонна сүт, 4935 мың дана жұмыртқа және 281 тонна жүн өндірілді. Облыстағы жалғыз балық шаруашылығы Бұқтырма су қоймасына жыл сайын 10 миллион карп-сазан құртшабақтарын шығарады.
Слайд 9Шағын кәсіпкерлік субектілері
Ауданда орта және шағын бизнес қарқын алуда, шаруа қожалықтары
дамып, өнім дайындау және өңдеу кәсіпорындары көбеюде. Бұл үлкен дәрежеде ауданның ұнға, макарон өнімдеріне, күнбағыс майына, балыққа және құрама жемге сұранысын қанағаттандырады. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің есебінен авто- және жүк тасымалдау қамтамасыз етіледі. 2005 жылдың 1-ақпанына 1614 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның 858-і шаруа қожалықтары болса, 756-ы жеке кәсіпкерлер. Ауданда 246 сауда объектілері, 17 қоғамдық тамақтандыру орындары, 4 базар, 18 жанар-жағармай құю стансалары және 53 шикізат өңдеу цехтары жұмыс істейді. Шағын кәсіпкерлік субектілері халықтың өндірістік және азық-түлік тауарларына сұранысын толығымен қанағаттандырады.
Слайд 10Мекемелері
Ауданда 55 жалпы білім беру мектебі бар, онда 8075 оқушы тәлім
алуда. Барлық мектептерді компьютер сыныптарымен қамсыздандыру бағдарламасы толығымен аяқталды. Интернет жүйесіне 22 мектеп қосылған.
Аудан бойынша 2 аурухана, 11 жанұялық-дәрігерлік амбулатория, 34 фелдьшерлік пункт және 5 фельдшерлік-акушерлік пункт қызмет атқарады. 7 мәдени ошақтары, 8 кітапхана және 1 тарихи-өлкетану мұражайы бар. 2 спорт алаңы және 18 спорт залдары жұмыс істейді