Халқы және елдері. Америка Құрама Штаттары презентация

Содержание

Үй тапсырмасын сұрау: 1. Материктің орталық және оңтүстік бөлігінде табиғат зоналарының меридиан бағытта орналасу себебі не? 2. Жалпақ жапырақты ормандар қайда сақталып қалған? 3. Ауыспалы ылғалды ормандар қай климаттық белдеуде таралған?

Слайд 1Халқы және елдері. Америка Құрама Штаттары
25.02.2017


Слайд 2Үй тапсырмасын сұрау:
1. Материктің орталық және оңтүстік бөлігінде табиғат зоналарының меридиан

бағытта орналасу себебі не?

2. Жалпақ жапырақты ормандар қайда сақталып қалған?

3. Ауыспалы ылғалды ормандар қай климаттық белдеуде таралған?

4. Прерий дегеніміз не?

5. Саванналар мен ылғалды мәғгі жасыл ормандар қайда тараған?

6. Ылғалды мәңгі жасыл ормандардағы ағаштардың түрлері?

7. Суккулентті өсімдіктер көп таралған табиғат зонасы?

8. Дүние жүзіндегі алғашқы парк қай жылы, қайда ашылды?


Слайд 3Солтүстік Американың халқы

Халқының саны – 480млн.-ға жуық. Байырғы халқы –

үндістер мен эскимостар. Ең алғаш халықтар 25-40 мың жыл бұрын Еуразиядан Беринг бұғазы арқылы келген.

Слайд 4Байырғы халықтары
Материктің солтүстігінде үндіс тайпалары алгонкин, ирокез, атабаска, делавэр мекендеген. Олар

аң аулаумен, балық аулаумен, жабайы жемістерді терумен айналысып күнелткен.

Материктің оңтүстігін мекендеген үндістердің ацтек,майя тайпалары жүгері, картоп, қызанақ өсірумен айналысқан. Қолөнері мен егіншілігі, мәдениеті дамыған мемлекеттер құрған.


Слайд 6Қазіргі халқының қалыптасуы!
15 ғасырда Х.Колумб материкті ашқаннан кейін Американы жаулау басталды.

Үндістер құнарлы жерлерден қуылды, еуропалықтар әкелген жұқпалы аурулардан Кариб теңізіндегі аралдардың байырғы халықтары (караибтар) жойылып кетті.
Қазіргі кезде 15 млн. ғана үндістер қалды.(1 пайыз)
Еуропалықтар плантацияларда жұмыс істету үшін Африкадан құлдар әкеле бастады.
400 жылға созылған құл саудасы кезінде құлдар Америкаға әкелінді.

Слайд 7Үндістер
Еуропалықтар
Негрлер
Метистер
Мулаттар
Самболар


Слайд 8
Қоныстануы
Табиғат жағдайы қолайлы, ерте игерілуіне байланысты ұлы көлдер маңында, оңтүстік-шығысындағы

ірі қалаларда өте тығыз қоныстанған.

Табиғат жағдайы қолайсыз солтүстік аудандарда, таулы жерлерде сирек қоныстанған.


Слайд 9Солтүстік Американың саяси картасы, ондағы мемлекеттер.


Слайд 10Елдері
Материктегі елдер:
АҚШ
Канада
Мексика
Гватемала
Белиз
Сальвадор
Гондурас
Никарагуа
Коста-Рика
Панама

Аралдардағы елдер:
Куба
Гаити
Бермуд аралдары
Багам аралдары
Доминикан Республикасы
Ямаика
Пуэрто-Рико т.б.


Слайд 11Америка Құрама Штаты


Слайд 12Ауданы: 9млн. 363мың км 2
Халқы: 309 млн. адам 3-орында
Ресми тілі: ағылшын
Ақша

бірлігі: доллар
Астанасы: Вашингтон
Әкімшілік құлылымы: Федератифті республика 50 штаттан тұрады.

Слайд 13Табиғаты АҚШ аумағының басым көпшілігі Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа дейінгі ендік бағытта

созылып жатқан қоңыржай және субтропиктік белдеуде орналасқан. Аляска штаты субарктика және арктикалық, ал Гавай штаты – Тынық мұхиттың тропиктік белдеуінде. Жер бедерінің 1/2-ін (елдің батысында) биік таулы жоталар мен таулы үстірттер алып жатыр. Кордильер мен Аппалачи тауларының аралығында елдің ішкі жазықтары (Орталық Ұлы жазықтар) орналасқан. Атлант мұхиты жағалауларын бойлап Атлант маңы және Мексика маңы ойпаттары жатыр. АҚШ-тағы ең биік тау – Аляска түбегіндегі Мак-Кинли (6193 м). Жер қойнауы кен байлықтары мен минералды шикізатқа өте бай. Оның ішінде темір, никель, кобальт, алтын, күміс, уран кентасы қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орында. Тас көмір (Аппалачи таулары), мұнай мен газ (Мексика ойпаты, Ұлы жазық) табылған. Ал Кордильер таулары түсті және қара металл шикізаттарына бай келеді.

Слайд 14
Шаруашылығы
Отын-энергетика
Металлургия
Тоқыма, тігін
Электр техникасы
Авиация
Машина жасау
Химия өнеркәсібі
Атом өнеркәсібі
Ауыл шаруашылығы


Слайд 15АҚШ өнеркәсібі – бүкіл экономиканың жетекші саласы. Оның энергиялық балансында мұнай

мен газ маңызды орын алады, ауыр және жеңіл өнеркәсібі өркендеген. Машина жасау өнеркәсібі автомобиль, авиация электр техникасы салаларына түрлі жабдықтар өндіреді. Атом өнеркәсібі, тоқыма және тігін өнеркәсібі айрықша дамыған. Шаруашылығының жетекші саласы - машина жасауөнеркәсібі. АҚШ-тың 125 қаласында автомобиль шығарылады.Детройт қаласы – елдің «автомобиль астанасы». Сиэтл қаласында алып «Боинг» ұшағы жасалынады. Транспорттың барлық түрі қарқынды дамыған.

Слайд 16АҚШ-тың ауыл шаруашылығында механикаландырылған фермерлік шаруашылықтар жетекші рөл атқарады. Онда өндірілетін

негізгі дақылдарға бидай, арпа, сұлы, қара бидай, жүгері, соя бұршақтар, картоп, қант қызылшасы, мақта жатады. Мал шаруашылығында сиыр, шошқа, қой өсіріледі, тауық пен күрке тауық өсіру жаппай дамыған.
Ел астық, сүт, ет, құс өнімдерін өндіруден дүние жүзінде бірінші орын алады.
АҚШ-тың бір жылғы ұлттық табысы жан басына шаққанда 25 мың долларға жуық. Әлемдегі экономикасы аса жоғары дамыған елге жатады. Ондаған американ фирмалары мен кәсіпкерлері және белгілі банкілер Қазақстанда түрлі салалар бойынша жұмыс істейді (мысалы, мұнай өндірумен айналысатын «Шеврон», «Shell», «Мобиль» компаниялары мен «Prіse Waterhause» есеп аудит консалингтік компаниясы, т.б.).

Слайд 17Халқы
309 млн. жуық дүние жүзінде үшінші орында. Байырғы халқы 1 пайыз

шамасында. 19-ғасырдың басынан бері Жер шарының 70-ке тарта елінен 55 млн. жуық адам осында қоныс аударған. Америкалықтар 200 жылдан астам тарихы бар АҚШ мемлекетінің мүддесін әрдайым жоғары ұстайды. Оларды жастайынан мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, отансүйгіштікке тәрбиелейді. Халықтың 3/4 бөлігі қалада тұрады, жалпы саны 9000-дай қала бар.

Слайд 18Вашингтон


Слайд 19Чикаго – жолаушы тасымалдауда бірінші орында


Слайд 20Лос-Анджелес – ғарыштық техника мен электроника орталығы


Слайд 21Табиғатты қорғау мәселелері: Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы жедел дамуы, халық санының артуы

табиғи ортаға үлкен нұқсан келтіруде. Сондықтан АҚШ табиғптты қорғау мақсатында дүние жүзінде алғаш рет 1872ж Йеллоустон Ұлттық паркін ұйымдастырды. Бүгінгі таңда АҚШ жерінде 50-ден аса ұлттық парк бар

Слайд 22Йеллоустон ұлттық саябағы  — дүние жүзіндегі ең алғашқы ұйымдастырылған ұлттық саябақ

(1872). Аумағы 9 мың км2.
Йеллоустон ұттық саябағының жері қалың қылқан жапырақты орман болып келеді. Оның территориясында сазбалшықты жанартаулар, ыстық қайнарлар, көлдер және 3 мыңнан астам гейзерлер кездеседі. Олардың ішіндегі ең ірісі – «Алып» гейзері, ол атқылаған кезде ыстық су 91 м-ге дейін, ал «Олд-Фейтфул» гейзерінің суы – 50 м биіктікке дейін көтеріледі.

Слайд 23Жер шарындағы ең үлкен және белгілі Үлкен Каньон АҚШ-тағы Колорадо өзенінде (ұзындығы 320 км-ден

астам, тереңдігі 1800 м-ге дейін) орналасқан.


Слайд 241. Солтүстік Америка халқының саны


Слайд 252. Байырғы халықтары


Слайд 263. Ацтек, майя тайпалары қандай шаруашылықпен айналысқан?


Слайд 274. Атабаска, делавэр тайпалары материктің қай бөлігінде мекендеген?


Слайд 285. Кариб теңізіндегі аралдардағы жойылып кеткен байырғы халықтары


Слайд 296. Материкте қалған үндістердің саны


Слайд 307. Солтүстік Америкадағы аралас нәсілдерді атаңдар


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика