Геологиялық қималар арқылы геологиялық құрылымды анықтау. Геологиялық қималардың маңызы презентация

Геологиялық қима Геологиялық қима — нақтылы өңір қойнауларының тік жазықтықтағы ерекшеліктерін көрсететін сызбалы кескін.

Слайд 1Геологиялық қималар арқылы геологиялық құрылымды анықтау. Геологиялық қималардың маңызы.


Слайд 2Геологиялық қима
Геологиялық қима — нақтылы өңір қойнауларының тік жазықтықтағы ерекшеліктерін

көрсететін сызбалы кескін.

Слайд 4Геологиялық қима жасы, құрамы, әр түрлі тау жыныстарының созылымына көлденең тартылған

түзу не сынық сызық бойымен салынады. Геологиялық қима картаға түсіру кезіндегі байқаулар, тау кен қазындылары мен бұрғылау ұңғыларынан алынған деректер, геофиз. зерттеулер т.б. нәтижесінде жасалады. Ол тау жыныстарының астасу ерекшеліктерін, көнелігі мен құрамы әр түрлі жыныстардың өзара қатынас мөлшерін, геол. денелердің пішіндері мен олардың қалыңдығындағы өзгерістерді, қатпарлануы мен жыртылып ажырау сипаттарын, әр түрлі таскелбеттер (фация) және олардың бір-бірімен алмасу заңдылықтарын көрсетеді. Геологиялық қиманың масштабы геол. картаның масштабына сәйкес болады, алайда кейбір өндірістік тұрғыдан маңызды деген алқаптардың Геологиялық Қимасы ірірек масштабта салынады. Қиманың тік және жазық бағыттардағы масштабтары бірдей немесе әр түрлі болады. Кейбір жағдайларда (инженерлік геологияда) қиманың тік бағыттағы масштабы оның жазық бағыттағы масштабынан көп есе артық болуы мүмкін. Геологиялық қимадағы геол. денелердің жай-жапсары арнаулы шартты белгілермен көрсетіледі.

Слайд 5
Координаттар мен биіктіктер жүйесінде анықталған геодезиялық тірек торларының нүктесі. Геологиялық қима

центрінің координаттары (абсцисса, ордината және абс. биіктігі), сондай-ақ, бағдарлау пунктіне бағытталған дирекциялық бұрыштардың мәндері геодезиялық каталогтарда сақталады. Координаталары триангуляция әдісімен анықталатын геологиялық қима триангуляциялық пункт деп, ал полигонометрия әдісімен анықталатын пунктті полигонометриялық пункт деп атайды. Геологиялық қима биіктіктері нивелирлеу арқылы анықталады. Геодезиялық тор құрайтын геологиялық қима жер бетінде жүргізілетін әр түрлі топогр. зерттеулерде, инж. жұмыстарда қолданылады

Слайд 6Бұнда көрсетілетін мәліметтер: тау жыныстарының астасу ерекшеліктері; көнелігі мен құрамы; әр түрлі жыныстардың өзара

қатынас мөлшері; гидрогеологиялық жағдайы; Геологиялық қима геологиялық карта немесе бұрғылау деректері бойынша жасалып, геофизикалық зерттеулер нәтижесінде кеңінен пайдаланылуы тиіс

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика