Дала және шөл дала аймағының қара қоңыр топырақтары. Қара қоңыр топырақтардың классификациясы презентация

Дала аймағының оңтүстігіне шектесіп орналасқан қуаң дала мен шөл далада қара қоңыр топырақ типі дамыған. Бұл аймақтың жер ауданы – 90,4 млн. га. Қазақстан жер аумағының 33,2% қамтиды

Слайд 1

Жоспар
Кіріспе
1) Дала және шөл дала аймағының қара қоңыр топырақтары
2) Қара қоңыр топырақтардың классификациясы



Слайд 2Дала аймағының оңтүстігіне шектесіп орналасқан қуаң дала мен шөл далада қара

қоңыр топырақ типі дамыған. Бұл аймақтың жер ауданы – 90,4 млн. га. Қазақстан жер аумағының 33,2% қамтиды

Слайд 3 Топырақ құралу жағдайларының топырақ түзуші экологиялық факторлардың кейбір өзгешеліктерінің болуына

байланысты аймақ үш аймақшаға бөлінеді. Олар: күңгірт қара қоңыр топырақты қуаң дала; нағыз қара қоңыр топырақты қуаң дала; ашық қара қоңыр топырақты шөл дала

Слайд 4
Күңгірт қара қоңыр топырақты дала аймақшасы аймақтың солтүстік бөлігінде орналасқан. Ауданы

– 27,7 млн. га. Аналық тау жыныстары карбонатты балшықтар мен лөс тәрізді құмбалшық болып келеді.

Слайд 5
Ауа райы бұл аймақшада құрғақ және күрт континенталды. Қысы аз

қарлы, суық, жазы құрғақ, жылы. Жыл ішінде 240­280 мм жауын шашын түседі, оның 55­60% жылы мезгілде жауады. Ылғалдың булануы жауын­шашын мөлшерінен 4 есе көп.

Слайд 6 Ауаның белсенді температура қосындысы – 2300­2600. Гидротермиялық коэффициент – 0,5­0,7,

ылғалдылық коэффициенті – 0,3­0,35.



Слайд 7
Табиғи өсімдік дүниесі ксерофитті астық тұқымдас және шамалы мөлшерде тараған аралас

шөптерден құралған (боз, бетеге, қазтабан, келлерия, т.б.).

Слайд 8
Нағыз қара қоңыр топырақты дала аймақшасы Каспий маңы ойпатының, Орал үстіртінің,

Мұғалжар аласа тауларының, Тор­ ғай үстіртінің, Сарыарқаның және Ертіс өңірі жазықтығының біраз бөлігін қамтиды

Слайд 9
Аймақшаның ауданы – 24,3 млн. га. Литологиялық­геоморфологиялық құрылысы топырақ түзуші тау

жыныстары күңгірт қара­ қоңыр топырақ аймақшасына ұқсас

Слайд 10
Климатының континенталдығы және құрғақшылығы артып, өсімдік дүниесі кедейлене түседі. Бір жылда

түсетін жауын­шашын мөлшері – 230­250 мм, оның 70% жылы мезгілде түседі. Ауаның 10С асатын температуасының қосындысын – 2500­29000. Гидротермиялық коэффициент 0,4­ 0,6 ылғалдану коэффициенті 0,3 шамасында.

Слайд 11
Табиғи өсімдік дүниесі жусанды­ бетегелі­бозды шөптер тобынан құралған. Ертіс өңірі жазықтығының

құмдарында жолақты­қарағайлы ормандар қалыптасқан. Аймақшаның негізгі топырағы нағыз қара қоңыр топырақ.

Слайд 12
Ашық қара қоңыр топырақты шөл дала аймақшасы. 47030/­50030/ солтүстік ендіктер аралығында

ор­ наласқан. Ауданы – 38,4 млн. га. Ба­ тысында Каспий маңы ойпатының солтүстігінен басталып, шығысында Алтай және Тарбағатай таулары бөктерлеріне дейін созылып жатыр.

Слайд 13
Жер бедері аллювиалды теңіз жазықтары, ал топырақ түзуші тау жыныстары –

тұзданған балшықтар және ауыр құм­ балшықтар. Аналық тау жыныстары – карбонатты балшықтар және құмбалшықтар.

Слайд 14
Климатының континетальдылығы батыстан шығысқа қарай арта түседі. Ауадан түсетін ылғал жылына

орташа есеппен – 180­210 мм. Ауаның белсенді температурасы қосындысы – 2600­31000. Ылғалдану коэффиценті – 0,2­0,3

Слайд 15
Өсімдік дүниесі негізінен жусанды­бетегелі шөптер тобынан құралған. Олармен қатар шамалы түрде

қараған, баданалы қоңырбас, бәйшешек кездеседі. Аймақшада қуаңшылық жағдай аса дамығандықтан дәнді­дақылдар өнімділігі өте төмен.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика