Ақтөбе қаласының көшелері презентация

Ақтөбе – әскери бекініс ретінде 1869 жылы іргесі қаланды. Уақыт өте келе Ресейдің Воронеж, Курск, Харьков, Тамбов губернияларынан орыс шаруалары қоныс аударып, әскери бекіністен қалаға айналды.

Слайд 1Ақтөбе қаласының көшелері
Кеше, бүгін, ертең
Дайындаған: Қошан Берік


Слайд 2 Ақтөбе – әскери бекініс ретінде 1869 жылы іргесі

қаланды. Уақыт өте келе Ресейдің Воронеж, Курск, Харьков, Тамбов губернияларынан орыс шаруалары қоныс аударып, әскери бекіністен қалаға айналды.

Слайд 31874 жылғы Ақтөбе бекінісінің бас жоспары


Слайд 4 1878 жылы 28 шаруа отбасы қоныс аударып, күзде

солтүстік төбенің солтүстік батыс жағынан Старожительская көшесінің негізі қаланды. Кейіннен Крепостной, Гарнизонный, Оренбург көшелерінің негізі қалана бастады. Бірақ қаланың біркелкі жоспары болған жоқ. Тек 1881 жылы ғана архитектор Виктор Адамович Свиницкий қаланың жобасын жасап, Орынбор генерал губернаторы бекітті. Сол жылы екі класстық орыс-қазақ учиищесі ашылды.

Слайд 5Шернияз көшесі
Қаламыздағы ескі көшелердің бірі. Негізі 1878 жылы Воренеж губерниясынан келген

шаруа отбасылары келіп қоныстануынан басталды. Алғашқы атауы Старожительская. 1881 жылы ІІІ Александрдың құрметіне Александровский деп аталды. Ал кеңес үкіметі орнағаннан кейін, 1920 жылы, германиялық комунист Карл Либнехттің есімі берілді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, 1992 жылдың 30 маусымында қалалық мәслихаттың шешімімен көшеге Шернияз Жарылғасұлының есімі берілді. Бүгінгі күні көшеде, Кооператив колледжі, медициналық колледж, А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжі сондай-ақ Ә.Молдағұлованың бюст ескерткіші мен А.С.Пушкин атындағы саябақ орналасқан.

Слайд 650 жылдары
60 жылдары
1965 жыл.
1950 жыл.


Слайд 7Ш.Уәлиханов көшесі
Көше Орынбор-Ташкент темір жолының салынумен тығыз байланысты.

Осы теміржолды салушы инженерлердің құрметіне алғашында Инженерная көшесі деп аталды. Кеңес үкіметі орнаған соң 1920 жылы көшеге Ақтөбе губерниялық атқарушы комитетінің шешімімен Орджоникидзенің есімі берілді. Еліміз тәуелсіздік алған тұста, нақтырақ айтсақ 1992 жылдың 30 маусымында Көкжар көшесі деп атала бастады. Ал кейінірек 2000 жылдың 6 сәуірінен бастап Ш.Уәлихановтың есімі берілді. Бүгінгі күні бұл көше теміржол вокзалы мен орталық базарды жалғап тұр.

Слайд 9Т.Ахтанов көшесі
Қаламыздағы ескі көшелердің бірі. ХІХ ғасырдың аяғында

пайда болды. 1881 жылғы жоспарға сай көше Покровская деп аталды. Кейін кеңес үкіметі орнаған кезде Красно-Армейская көшесі деп аталды. 1952 жылы қала тұрғындарының өтінішімен көшенің аты Мира деп аталды. 1967 жылы Қазан төңкерісінің 50 жылдығына орай, 50 летия Октября деп аталды. Еліміз тәуелсіздік алған соң 1995 жылдың 23 –ші қарашасында Т.Ахтановтың есімі берілді. Бүгінгі күні бұл көшеде орталық базар және де бірнеше ірілі-ұсақты сауда орындары орналасқан. Ал одан сәл төмен түскенде Қ.Шаңғытбаев пен Т.Ахтановтың ескерткіші, қалалық 2-ші емхана, қалалық әкімшілік, Әйтеке биге арналған ескерткіш, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры мен облыстық телеарна орналасқан.

Слайд 11Әбілқайырхан даңғылы
Қаламыздың орталық даңғылы. 1951 жылы ферросплав

поселкелік атқарушы комитетінің депутаттарынің шешімімен Сталин алаңына дейінгі аралықты, Победа көшесі деп атау ұйғарылды. 1967 жылы қала тұрғындарының өтініш-тілегімен Ленин даңғылы деп аталды. 1997 жылдың 23-ші қазанында қалалық мәслихаттың шешімімен Әбілқайыр-хан даңғылы деп аталды. Бүгінгі күні даңғылда қалалықтар үшін бірнеше маңызды орындар орналасқан. Атап айтсақ: облыстық әкімшілік, Қобыланды батыр атындағы орталық стадион, Қоныс спорт сарайы, оқушылар үйі, Нұрғасыр мешіті, Тұңғыш президент атындағы саябақ т.б. Даңғыл Тұрғындар қалашығы мен Мәскеу ауданын қосып отыр.

Слайд 14Есет батыр көшесі
Қаланың орталық көшелерінің бірі. 1951

жылдың 26 қыркүйегінде Ақтөбе қалалық кеңесінің депутаттарының шешімімен, көше Октябрьская деп аталды. 1953 жылдың 4 шілдесінде ұқсас көше атауларының қиындық туғызуына байланысты, көшеге С.М.Кировтың аты берілді. 1992 жылдың 12 мамырында көшеге Есет батырдың аты берілді. Бүгінде көшеде бірнеше тұрғын үйлер, сондай-ақ Ә.Молдағұлова даңғылымен қиылысында “Мәңгілік алау” орналасқан

Слайд 15Ағайынды Жұбановтар көшесі
Бастапқыда, дәлірек айтсақ 1951 жылы

көше кеңестер одағының батыры Ә.Молдағұлованың есімімен аталды. 1953 жылдың 3 шілдесінде Ақтөбе қалалық кеңесі депутаттарының шешімімен Ф.Энгельстің есімі берілді. 1994 жылдың 17 қазанда ағайынды Жұбановтардың есімі берілді. Бүгінде көшеде Қазақ-Түрік лицейі, Қ.Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университеті секілді білім ошақтары орналасқан.

Слайд 16Бүгінгі күні қаламызда 626 көше бар. Ақтөбе көшелері әр тарихи кезеңде,

саяси ахуалдарға сай өзгеріп отырды. Тәуелсіздік алғанға дейін қаламызға үш қайнасада сорпасы қосылмайтын атаулардың болуы қалыпты құбылыс еді. Бүгінде ол олқылықтардың орны толып қаламызда ұлттық атаулар пайда болды.

Слайд 171991 жылдан бері қарай 189 көшеге атау берілді. 2005 жылдан бері

140 көше атауы берілді. Биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ақтөбе қаласындағы 105 көше мен 9 аумағына жаңа атау беру ұсынылды.

Заречный-1 елді мекеніне «Сығанақ», Заречный-2 елді мекеніне «Сарайшық», Заречный-3 елді мекеніне «Тұран», Заречный-4 елді мекеніне «Күлтегін», Оңтүстік-батыс-1 шағын ауданына «Абылай хан», Оңтүстік-батыс-2 шағын ауданына «Хан Тәңірі», Сельмаш шағын ауданына «Достық», Сельмаш-2 шағын ауданына «Ақ отау» атауы беріледі деп жоспарлануда.


Слайд 22Пайдаланылған әдебиеттер:
Г.С. Султангалиева, Г.И. Кобенова “Улицы города Актобе: история и современность”

– Актобе 2007
http://www.aktobegazeti.kz/?p=46417

Суреттер:
https://www.instagram.com/retroaktobe/
https://vk.com/istoriya_aktobe
Авторлары: Р.А.Сегедина, Д. Карачун


+


Слайд 23Назарларыңызға рахмет!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика