Ақтөбе бекінісінің қалануы презентация

1869 жылдың мамыр айының басында Елек және Қобда өзендерінің аралығына №4 Орынбор казак батальонының екі ротасынан, жүздеген орынбор казактарынан, губерндік батальонның 169 адамдық тобынан және 14 артеллиристен құралған отряд Елек уезді

Слайд 1Ақтөбе бекінісінің қалануы
Дайындаған: Айтжанов Орынбасар


Слайд 21869 жылдың мамыр айының басында Елек және Қобда өзендерінің аралығына №4

Орынбор казак батальонының екі ротасынан, жүздеген орынбор казактарынан, губерндік батальонның 169 адамдық тобынан және 14 артеллиристен құралған отряд Елек уезді қазақтарының көтерілісін басуға және Орта Азияға жылжуына тосқауыл қою үшін пайдаланатын плацдарм болатын бекіністің негізін қалау үшін жіберілді.

Слайд 3Ақтөбе қаласының іргетасы әскери бекініс ретінде 1869 жылы қаланды. Сол жылы

мамырдың 14-і күні Ақтөбе шатқалына полковник Ю.Борх бастаған әскери отряд келіп, 5 күннен соң артиллериядан бірнеше дүркін оқ атып, Торғай облысының әскери губернаторы Л.Баллюзектің рұқсатымен бекіністің негізі қаланғанын жариялады. Бұл тарихи оқиға туралы Петербургтен шығатын «Биржевые новости» газеті жазған.

Слайд 4Бекініс құрылысына Елек өзенінің сол жағалауындағы Орынбор-Қазалы керуен жолына жақын биіктеу

төбе жер белгіленді. Себебі көктем кезінде Елек өзені арнасынан тасып, жағалауын түгелімен шайып кетіп отырған. Ол Илецкая Защита бекінісінен 180 шақырым, Ильинка станцасынан 170 шақырым жердегі Қарғалы өзенінің құйылысындағы жер болатын. Бекіністің жер көлемі алғашында 8 900 десятина, ал кейіннен 27 101 десятина жерге дейін жеткен.

Слайд 51869 жылғы Ақтөбе бекінісінің бас жоспары


Слайд 6Ақтөбе аумағы Баллюзек өзінің есептемелерінде «сенімсіз» деп сипаттаған табын руынан шыққан Арынғазиевтердің қарамағында

болды. Баллюзек жергілікті тұрғындардың бағыныштылығын атап өткеніне қарамастан, орыс жасақтары келгеннен кейін олардың көп бөлігі көршілес Орал облысына көшіп кетті. Қалған қазақтардың арасынде тек Арынғазиев әулетінің сұлтандары мен казактардан жеңіліс тапқаннан кейін қарсыласуды доғарған Айжарық би Бекбауұлының көтерілісшілер жасағы болды.

Слайд 7Халық ақыны Нұрпейіс Байғанин Ақтөбе атауының шығуына байланысты мынадай дерек келтіреді:

«Бұл өңір ер Мамайдың жайлауы болған. Бір жазда оның Қырым ханзадасына ұзатылғалы отырған сүйікті қызы қайтыс болып, Мамай қатты қайғырады. Қызын биік төбенің басына жерлеп, аппақ болып көрінуі үшін бор тастармен қоршатады. Заман өте келе бор тастар үгітіліп, төбе ақ төбеге айналады. Содан бұл төбе Ақтөбе атанған».

Слайд 8Бекініс құрылысының жоспары алғаш рет 1874 жылы жасалды. Шағын бірінші аудандар құрылды: Құрмыш,

Татарская слабодка, Отарвановка. Тұңғыш көшелер Гарнизонная, Крепостная, Оренбурская, Елекская, Гиоргиевская деп аталды. 1891 жылы Ақтөбе гарнизондық бекініс Торғай облысының Ақтөбе қаласына айналды.

Слайд 91874 ж Ақтөбе бекінісінің бас жоспары


Слайд 10Назарларыңызға рахмет!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика